Оқушы білуі тиіс:
Тұрғындарға вакцинация жүргізуді
Екпе күнтізбесін
Вакцина түрлерін
Аса қауіпті жұқпалы аурулардың түрлерін
Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алуды
Сабақтың хронокартасы
І Ұйымдастыру кезеңі – 3-5 мин
ІІ Үй тапсырмасын тексеру – 15-20 мин
ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру – 30-45 мин
ІҮ Жаңа тақырыпты бекіту – 10-15 мин
Ү Қорытындылау – 3-5 мин
ҮІ Үйге тапсырма – 3-5 мин
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Үй жұмысын ауызша тексеру
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Такырыбы: Вакцинация. Екпе күнтізбесі .Аса қауіпті жұқпалы аурулар
Жоспар:
1.Кіріспе
2. Екпе күнтізбесі
3. Аса қауіпті жұқпалы аурулар
Вакцинациялау – адам организміне вакцина немесе арнайы тәсілмен дайындалған антигендік қасиеті бар заттарды енгізу арқылы белгілі бір жұқпалы аурудан алдын ала сақтандыру үшін қолданылатын әдіс. Вакциналау – жұқпалы ауруларға қарсы қазір медицинаға белгілі ең нәтижелі және экономикалық тиімді қорғаныс.
Балаларға екпе жасау Ұлттық екпе күнтізбесіне, бекітілген Үкімет қаулысынасәйкес, тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдарда жүргізіледі. Бұл күнтізбе балаларды полиомиелит, туберкулез, қызылша, сіреспе, көкжөтел, В вирусты гепатит, А вирусты гепатит, гемофильді инфекция, дифтерияны, эпидемиялық паротит, т.б. ауруларға қарсы қарсы иммундауды қамтиды.
Перзентханадағы жаңа туылған дені сау бала В вирусты гепатитіне және түберкүлезге қарсы екпені алуы тиіс(БЦЖ) және 1 жасқа дейінгі дені сау сәби полиомиелит, туберкулез, қызылша, күл, сіреспе, көкжөтел, В вирусты гепатит, А вирусты гепатит, гемофильді инфекция, пневмококқа қарсы екпені алуы тиіс.
Вакцинациялау екі айлық жастан бір айлық екпе аралығында айына үш мәрте интервалмен басталады. 18 айлық кезінде балаға қосымша дифтерияны, эпидемиялық паротит, қызылша, сіреспе, көкжөтелге,гемофильді инфекция, қарсывакциналау жүргізіледі. 1 жастағы бала қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, пневмокок, полиомиелитке қарсы екпені алуы тиіс.
6 жаста бала түберкүлез (БЦЖ), көкжөтел, сіреспе, дифтерия, қызамыққа, қызылшаға қарсы, эпидемиялық паротит, пневмококқа қарсы екпеге дағдыланады. 16 жаста дифтерия, сіреспеге қарсы екпелер егіледі және әрі қарай әр 10 жыл сайын жүргізіледі. Көпжылдық талдаулардың нәтижесінде вакцинаға қарсы көрсеткіштер сирек кездеседі. Реакция байқалған кезде елеусіз қызару, вакцина еккен жердің ауырсынуы, елеусіз дене температурасы байқалуы мүмкін. Негізі бұл көрініс 2-3 күн білінбей өтеді.
Вакцина еккеннен кейін қандай да бір реакция байқалып жатса тез арада тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша медицина қызметкерлеріне жолығыңыз немесе жедел көмек шақырыңыз. Вакцинациялаудан бұрын дәрігер тексеруі міндетті түрде жүреді және дәрігердің соңғы тұжырымынан кейін екпе күнтізбесі бойынша екпе жүргізіледі.
Екпені алған соң тұлға 30 минут денсаулық сақтау ұйымында медицина қызметкерінің бақылауында болады. Әрі қарай емхананың учаскелік медицина қызметкерлері АКДС вакцинасын ККП еккеннен кейін 5-6, 10-11 және еккеннен кейін алғашқы 3 күн ішінде үйде бақылауды қамтамасыз етеді (көкжөтел, дифтерия, сіреспе). Тұрғындарды өзуақытында иммундау және 95 пайыздан кем емес жоғары қамтуға жету жалпы ұжымдық иммунитетті жасауға мүмкіндік туғызады, неғұрлым бұл көрсеткіш жоғарылаған сайын соғұрлым осы және басқа да инфекциялардың таралуына жол берілмейді.
Қазіргі уақытта вакцинация жүргізудің нәтижесінде А вирусты гепатиті, В вирусты гепатиті, қызамық, қызылша, эпидемиялық паротит аурулары азайды, соңғы бес жыл бойына дифтерия тіркелінбеген.
Достарыңызбен бөлісу: |