Қылмыскерлердің автографы (ауыспалы мағынасында) — қылмыс жасаушының өзіндік әдіс-тәсілі.Түсінгенім.
12.Жазушының өмірбаянын шолу тақырыптарын оқыту-Жазушының алғашқы шығармалары 50-жылдардың аяғында жариялана бастаған. Содан бергі уақытта әңгімелері мен повестерінің «Менің қарындасым» (1961), «Ауыл оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Отау үй» (1968), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін» (1973) жинақтары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы (1981), 1986 және 1991 жж. екі томдығы, 2004 жылы «Ескек жел» атты әңгімелер жинағы жарық көрген.
1989 жылы «Қалың қар», 1995 жылы «Өліара» повестері кітап боп шықты.Сабақтан біліп алғаным.
13.Әдеби-сын зерттеу еңбектерін оқыту-Әдеби сын көркем шығармаға эстетикалық баға беріп, бейнеленген өмір шындығының көркемдік шындыққа қалайша айналғандығын саралайды, оның мән-маңызын түсіндіреді, әдеби өмірдің бүгінгі ерекшелігін айқындап, бағыт сілтейді. Әдеби сынының әдебиет тарихынан бір айырмашылығы ол – бүгінгі шығармаларды талдап, оларға қазіргі кезең талаптары тұрғысынан баға береді. Сабақтан түйгенім.
14.Әдеби теориялық ұғымдарды оқыту-Мектептегі әдебиет теориясынан берілетін білім көркем шығарма табиғатын танудың құралы, кілті болып есептеледі. Одан білім беру жеке қарастырылмайды, ол көркем шығармамен тығыз байланыста, оны оқып-үйрену кезінде қалыптасады. Оқу бағдарламасында оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сыныптарына, онда оқылатын көркем шығармалардың сипатына қарай, берілетін білім мөлшері белгіленген.Түсінгенім.
15.Әдебиет пәнін оқытуда қалыптасқан әдіс -тәсілдер жүйесі-Әдеби әдіс, көркем шығарманы зерттеу жолы. Марксистік эстетиканың категориясы, РАПП көсемдерінің еңбектерінде, тек Ресей әдебиеттануында 20 ғасырдың 20-жыдцары қапыптасқан әдеби түсінік. Негізгі мазмұны - шындықты бейнелеу амалы, жазушының маңайындағы ақиқатты сұрыптап, таңдап алу арқылы баға беру. Соцреализммен бірге өшіп, қазір қолданылмайтын ұғым. Оның орнына әдебиет теориясы, стиль тұжырымы орнықты. Кеңес әдебиеттануыңца 1930-1950 жыдцары орныққан шығармашылық эстетиканың бүл категориясы шынайы көркем өнерден тым алыc еді. РАПП-тың диалектикалық-материалистік шығармашылық әдісі таза көркем шығармашылықтан гөрі саясатқа, оның идеологиясына жақынырақ болды.Сабақтан түсінгенім.
16.Әдеби шығарманы көркем қабылдау жолдарын ұйымдастыру-Әдебиет – сөз өнері. Барлық сөзді тізе берсең әңгіме, жыр шықпайды. Адам жүрегі тербетіп, ақыл таразылап, тіл кестелеп айтқан сөз орнында тұрса ғана әдебиет деген өнер пайда болады.Ғылыми тұжырымда әдебиет «адамтану құралы», ал әдебиет пәні «адам тәрбиелеу құралы», — делінген.Сабақтан түсінгенім.
17.Драмалық шығармаларды оқыту жолдары-Әдебиеттің басқа жанрына қарағанда драмалық шығармаларды оқытудың өзіндік ерекшелігі бар. Ол ерекшелік драмалық туындылардың жанрлық табиғатына тікелей байланысты болып келеді. «Пьеса-драма, комедия-әдебиеттің ең қиын формасы»,-дейді М. Горький. Себебі, әдебиеттің проза, лирика жанрларында айтатын ой, кейіпкерлер іс-әрекеті, көрініс, сахна бірінші кезекте болады.Сабақтан түсінгенім.
Достарыңызбен бөлісу: |