Күміс иондарымен тағансорбенті ®



Дата09.06.2016
өлшемі46.64 Kb.
#124917
түріҚұрамы
Күміс иондарымен ТАҒАНСОРБЕНТІ ®

минералды энтеросорбент, іріктемелі ионалмастырғыш

тамаққа биологиялық белсенді қоспасы (ББҚ)

Қолдану жөніндегі нұсқаулық
Құрамы

1 г ББҚ-да 500 мг табиғи минерал натрий-кальций-магний, 499.99998 мг кальций-магний монтмориллониті және 0.00002 мг дейін күміс иондары бар. Құрамында консерванттар мен тәттілендіргіштер жоқ.

Сипаттамасы көшкіл қызғылт түстен көшкіл сұрғылт түске дейін, майда ұнтақ, иісі жоқ, аздап қуыратын дәмі бар.

Физика-химиялық қасиеттері

1. Сіңіргіш белсенділігі минерал бөлшектерінің жұқа шашырауымен қамтамасыз етіледі.

2. Ионалмастыру сыйымдылығы Na+, Ca++, Mg++, K+ (натрий, кальций, магний, калий) катиондары кешені арқасында жүзеге асады және іріктемелі болып табылады.

3. Байланыстырушы қасиеттері минерал бөлшектерінің теріс және оң зарядтарының болуымен қамтамасыз етіледі.

4. Сілтілік - pH бейтарапқа жақын (7.2-ден 8.2-ге дейін).

5. Күміс иондары микробқа қарсы әр түрлі қызметтер - бактериостатикалықтан (микробтардың көбеюіне қарсы тұру) бактерицидті (микробты жойғыштыққа дейін) көрсетеді.

Күміс иондары қан клеткаларында пролиферациялық процестерді жақсартады. Энергетикалық алмасуға, тіннің тынысына жақсы әсер етеді. Бауыр, бүйрек тіндерінде, мида және жүрек бұлшық еттерінде оттегіні жұту деңгейін 30 % дейін арттырады.

Әсерлері: адсорбирлеуші, уытсыздандырушы, қаптаушы, байластырушы, ион алмастырушы, тотығуға қарсы, антацидті, диспепсияға қарсы, аллергияға қарсы, иммун түзетуші, қан айналымын, заттек алмасуын жақсартады, ағзаны микроэлементтермен байытады және ағзадан шлактарды, токсиндерді, ауыр металл тұздарын, радионуклидтерді шығарады.

Қабылдағандағы әсерлері

- Асқазан-ішек жолдарының сілемейлі қабығын қаптау арқылы оның тезірек қалпына келуіне ықпал етеді. Na+ (натрий) катиондары іш өту кезінде ішектен су молекуласын еліктіреді және іш өту синдромын емдеуге негізгі себепшарт болатын регидратациялық нәтиже қалыптастырады.

- Газдарды, бактерияларды, аллергендерді, шлактарды, ағзада өндірілетін уыттарды, зат алмасу өнімдерін, ауыр металл тұздарын, радионуклидтерді жұтады. Сол арқылы сілеймелі қабықты “кір” үлдірден тазартып, қорек заттарын сіңіруді 100 % жеткізеді.

- Асқазанның ауырсынуын, жүрек айнуды, асқазан қыжылын, кекіруді, асқазандағы «толып тұрған» әсерлерді басады. Үнемі қабылдаған кезде қышқыл сілтілік балансты қалпына келтіреді, асқазан-ішек жолдары қызметін жақсартады, газдардың жиналуына кедергі келтіреді, ішектің микрофлорасын қалпына келтіреді, алайда нәруыз, фермент, витаминдердің молекулаларын сормайды. Кең көлемді у қайтарғыш болып табылады.

- Ағзадан қорғасын, кадмий, сынап, цезий, уран, торийді шығарады.

1 г ББҚ 300 мг дейін зиянды заттарды шығара алады, оның ішінде 20 мг дейін ауыр металл тұздары мен радионуклидтер бар.

- Ағзаны Na ,Ca ,Si ,Mg ,Fe ,K ,Se (натрий, кальций, кремний, магний, темір, калий, селен және басқа) микроэлементтермен байытады.

Бұл микроэлементтер минералдың кристалдық құрылымындағы микрожіктерге таратылған және асқазан-ішек жолдарына түскеннен кейін белсенді игеріледі. Ион алмастырғыш принципі бойынша ағзадан қорғасын, кадмий, сынап, цезий, уран, торий және басқаларды шығарады. Осылайша ББҚ ағзаны клеткалық деңгейде қождардан тазартады, ол өз торына зиянды агенттерді белсенді және сенімді түрде жинайды, олардың қан жүретін, лимфалық және эндокриндік жүйелерді уыттандыруын төмендетеді, сүйтіп микрогемолимфоциркуляцияны жақсартуға себін тигізеді.



Қолдануға көрсеткіштері тамаққа тікелей тұтыну кезінде макро - және микроэлементтік, сонымен қатар күміс иондарының тапшылығын толтыру, заттек алмасуын қалпына келтіру, иммундық жағдайын көтеру үшін.

Қабылдау тәсілдері мен мөлшерлері

Ересектерге күніне 1 г ұнтақты ½ стақан суда езіп, күніне 2 рет ішеді.

ББҚ-ны балаларға шырынмен, тамақпен беруге болады, мөлшері 1г.

Егер қажет болса мөлшерін екі есе арттыруға болады.



Ағзада жиналмайды, ішек арқылы шығып кетеді.

Жанама әсерлері байқалмаған. Ара-кідік іш қатқанда емдеуді тоқтата тұрса немесе мөлшерін азайтса болғаны.

Қарсы көрсетілімі анықталмаған.

Басқа дәрілермен әсерлесуі

Күміс иондарымен Тағансорбенті® басқа дәрілермен бірге тамақ ішкен-ішпегенге қарамастан, дәрі қабылдау алдында немесе одан кейін 2 сағат аралығында ішеді. Осындай режим асқазанның сілемейлі қабығын қорғайды және ішіп жүрген дәрілердің жанама әсерлерінен сақтайды.



Артық мөлшерде қабылдау

Анықталмаған.



Шығарылу түрі

1 г ұнтақ 30 пакетте.



Сақтау шарттары

Кұрғақ орында, қоршаған ауаның температурасы + 180С жоғары, иісі өткір және уытты заттардан алыста сақталады.

ББҚ-ны тасымалдағанда, тиегенде, түсіргенде жауын-шашыннан сақтау қажет.

БАЛАЛАРДАН САҚТАУ КЕРЕК!

Сақталу мерзімі 3 жыл.

Сақталу мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәрі емес.

Тіркеу № KZ.16.01.78.003.Е.004879.09.15 18.09.2015 ж.




1 г ББҚ-да мынадай мөлшерде микроэлементтер бар:

Микроэлемент

Мөлшері

Магний

17 мг дейін

Кальций

10 мг дейін

Кремний

5 мг дейін

Натрий

4 мг дейін

Темір

1 мг дейін

Калий

0.03 мг дейін

Селен

0.01 мг дейін



Аман - есен болыңыз!

Толық мағлұматты өндірушіден және сапасы бойынша наразыны

қабылдаушы ұйымнан алуға болады: “Сорбент” ЖШС, Қазақстан Республикасы,

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, К. Либкнехт көшесі, 21,

тел./факс: 8 (7232)252973, е-mail: sorbent_uk@yahoo.com, www.tagansorbent.kz

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет