Күн және жел энергиясы
С.Ғ.Байгереев
Торғай аграрлық-техникалық колледжі
Арқалық қаласы
Елбасымыздың тапсырмасымен энергетикалық инфра құрылымды жаңғырту және дамыту мақсатында елімізде электр энергиясын кідіріссіз қамтамасыз ету үшін ”AstanaSolar” фотоэлектрлі модульдер шығаратын зауыты-”Қазатомпром”ұлттық компаниясының баламалы энергия көздерін дамыту жөніндегі-KazPV жобасы отандық үш кәсіпорын тұтас кластер құрып, күн энергетикасы саласында баламасы жоқ өндіріске айналмақ.Күн энергиясын алыс-шалғай ауылдарда пайдалану.
Әдістемесі: Интернет материалдары арқылы соңғы 10 жылда күн батереяларының Қытай, Монғолия және елімізде қолданылуы, оның пайдалану жағдайлары мен нәтижелері. [1]
Зерттеудің жаңалығы: Баламалы энергия көздерін зерттей отырып, 2012 жылы 25 желтоқсанда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен «Astana Solar» зауытының ашылып,одан күніне қуаты-230 ватт, күн тақтайшаларының ұзындығы-1,6 м, ені-1 м, салмағы-19,5 кг 160 фотоэлектрлі модульдер заманауи қондырғыларын шығарып жатыр. Құны 90620 теңге алдағы уақытта арзандайды, дейді мамандар. Күн тақтайшаларына зауыт 5 жыл кепілдік береді, ал модульдердің жарамдылық мерзімі-25 жыл. Талдықорғанда «KazSilikon» металлургиялық комбинаты, Өскеменде іске қосылатын «Kazakhstan Solar Silikon» фотоэлектрлі ұяшық қалыптар жасау зауыттарына инвестиция тарту арқылы қаржыландыру және олардың көлемін ұлғайту. [2]Еліміздегі энергия қорын үнемдеу мақсатында және экологиялық, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіз, әрі тиімді, арзан энергия көзі. Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне «Болашақтың энергиясы» тақырыбында күн батереясынан қуат алатын электр моторымен жабдықталған велосипедшілер Францияның Савойя қаласынан келген саяхатшыларға Францияның «Баламалы энергияны пайдалану мемлекеттік ұйымы мен күн энергиясын зерттеу орталығы» қолдау көрсетті. Жұмыстың қорытындысы: Күн энергетикасы әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан сала. Бұл жарық көзі арзан әрі қауіпсіздік жағынан да талапқа сай. Еліміздің энергия көзін күн нұрынан алуға ұмтылуы сондықтан, Қазақстан мен Франция арасындағы келіссөздер аясында жүзеге асырылып жатқан осы өндістік желі Елбасы айтқандай, инновациялық өркендеу жолындағы ұлы іс, жарқын болашаққа арналған игілікті қадам екені анық. Күн энергиясымен жүретін көліктерді шығару арқылы атмосфераның тазалығын сақтау. Практикада қолданылуы: Фотоэлектрлік генераторларды алыс, шалғай ауылдарға, көшелерді жарықтандыруда, тозығы жеткен трансформаторлары мен бағаналары бар елді мекендерге орнатып, жаңартуды ұсыну.
Бүгінгі күнде адамдардың тұрмыс тіршілігі табиғатты басқару арқылы, жақсартуға ұмтылу және жаңа өндірістерді дамытудың салдарынан айнала қоршаған ортаға экологиялық проблемалар тудыруда. Адам баласына кейінгі кезде энергия жетпейді. Газет, журнал беттерінде энергетикалық кризис жайлы мақалаларды жиі кездестіреміз. Мұнай үшін кейбір мемлекеттер бір-бірімен жауласып жатса, ал кейбіреулері экологиялық дағдарысқа, құлдырауға ұшырайды екен. [3]1930 жылы бүкіл әлемде 300 млрд кВт-сағат энергия өндірілсе, ал қазір 60 000 млрд кВт-сағат энергия өндірілуде. Бұл өте үлкен көрсеткіш! Адамның энергетикалық сұранысы күннен-күнге өсуде. Бүгін біздің пайдаланып отырған энергия көздері-жер асты пайда қазба қорлары-мұнай, көмір, табиғи газ барлық энергоқорлардың 90% құрайды. Американдық зерттеушілердің айтуынша жер бетіндегі мұнай 2025 жылға дейін жетеді. Қашан болса да, ол бітеді және әрі қарай не болады? Пайдалы қазба қорларының таусылу қарсаңында, олардың бағасы да қарқындап өсуде. Жыл сайын атмосфераға түрлі жанғыш заттардың жануы нәтижесінде 23 млрд тоннаға жуық көмірқышқыл газы бөлініп, сондай мөлшерде оттек сіңіріледі. Атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері 13%-ке өсті, соның салдарынан атмосфера температурасы бірнеше градусқа мөлшерден тыс жоғарылап, мұздықтар еріп, соның салдарынан Дүниежүзінің мұхиттық деңгейі көтеріліп, табиғатта түрлі апаттар болып жатыр. 1980 мен 2004 жылдардың аралығында жер бетінде 14500 табиғат апаттары тіркеліпті, осы апаттардан миллиондаған адамдар қаза болды. Дереу проблеманы шешетін амал табу керек. Бүкіл әлем ғалымдары мен инженерлері ізденістің арқасында баламалы энергия көзін табуды мақсат етіп қойды. Ол сарқылмайтын қалпына келтіретін энергия көздері деп аталады. Оған жел, күн энергиясы, геотермиялық энергия, биомасса, су ағынының энергиясы, мұхиттардағы тасу мен қайту кезіндегі судық көтерілуінен болатын энергиясы жатады. Қалпына келтіретін дәстүрлі емес энергия көздерінің ерекшелігі қор көздері ешуақытта сарқылмайды және экологиясы таза. Бұларды пайдалану табиғат байланыстарын бұзбайды. Ал менің ұсынып отырған ғылыми жобамның мақсаты- туындаған проблеманы шешудегі энергетикалық сұранысты қанағаттандыра алатын энергия көзі – жел, күн, биогаз энергияларын пайдалану. түсірген қуаты 1280-1869 кВт сағ/м² екен. Ал шілде айында 1м² келетін көлденең жазықтыққа түсіретін энергия бір күнде 6,4 тен 7,5 кВт-қа өседі. Ал энергетикалық есептеулерге жүгінсек, Күннің Жерге беретін энергиясы, барлық қор көздері беретін энергиядан 5000 есе асып түседі екен. Күн энергетикасының келешегі зор, экологиялық таза, қоры ешуақытта сарқылмайды, әрі арзан, тиімді. Күн батареялары қатты зат кремний материалынан жасалынады, бұл жер қойнауындағы оттегінен кейін екінші орындағы ең көп таралған элементтердің бірі болып табылады. Фотоэлектрлік станциядағы 30 жылғы 1кг кремний өндіретін энергия, жылу электр станциясындағы 75 тонна мұнай жұмсап өндіретін энергиямен пара-пар. Сондықтан кремнийді 21 ғасырдың мұнайы деп атаса да болады. Күн батареяларының отыны тегін күн сәулесі болып табылады. Ал ерекшеліктерін атасақ, бұл қолданылу мерзімінің ұзақтылығы (30 жыл және одан да көп), олар жөндеуді қажет етпейді, себебі оның механикалық детальдері қозғалмайды, экологиялық таза, жұмыс істеу барысында шуы да естілмейді. Желэнергетикасының күннен-күнге дамуы қарқындап өсуде.
Қуат жетіспеушілігі мәселесін шешудің бір амалы – қуатты үнемдеу. Қуатты үнемдеуге бағытталған шаралар Қазақстандағы нағыз балама қуат көздері болып табылады. 2008 жылдың ақпан айындағы Қазақстан халқына жолдауында президент Н.Ә.Назарбаев электр қуатын жаппай үнемдеу қажеттілігіне ерекше назар аударып, кәсіпорындарды қуат үнемдейтін және қоршаған ортаға зиянсыз келетін технологияларды ендіруге күш жұмсауға шақырды. [4] Энергия мен қорларды үнемдейтін технологияларды дамыту барған сайын өзекті мәселеге айналып барады. Қуатты үнемдеу мақсатында, туындаған экологиялық проблемаларды шешу мақсатында мен көгілдір Балқаш көлінің жағасына, өзім оқитын интернаттың жазғы лагерь демалыс орнына желагрегатының комплексін, гелиотехника және биогаз қондырғыларын салуды мақсат етіп қойдым. Балқаш өңірінің соғатын орташа жылдамдығы –4,8м/с. Жел жылдамдығы 5м/с соққанда желагрегатының қалақшаларының жылдамдығы 14-16м/с дейін жетеді. Диаметрі 15 метрлік 400 кВт-тық жел двигателі 1 сағатта 400 кВт энергия өндіреді.
Күн энергиясын ішкі энергияға түрлендіру арқылы жылумен қамтамасыз ету мақсатында күн коллекторын пайдалану. Осындай сужылытқышты душ және асханаға (ыдыс жууға) пайдалануға болады. 100 л суды қыздыру үшін ауданы 2-3м2 күн коллекторын орнату керек. Ал күн энергиясын электр энергиясына түрлендіру мақсатында қуаты 2-3 кВт-тан тұратын кремнийлі фототүрлендіргіш гелийқондырғыны біз өзіміз жататын үйіміздің төбесіне құрастырып орнықтырсақ, ол 20-30 м2 ауданды қамтиды, ал жылына 2000 кВт сағат энергия береді, Ал 1 кВт/сағ электроэнергия алу үшін 0,7- 0,8 м3 биогаз қажет. Орта есеппен біз 1 айда 8000 кВт энергия жұмсаймыз. Біз орнататын жел қондырғысы мен фотоэлектрлік жүйе, биогаз қондырғысы жеткілікті мөлшерде энергия өндіретіндіктен, қуатты үнемдейміз. Біз бұның тиімділігін айқын көріп отырмыз. [5] Қорыта айтсақ, көмірсутегі қорларының таусылу кезеңінде бұл жел , күн, биогаз энергиялары – құндылығы ерекше бізге табиғаттың берген сыйы десе де болады. Менің ұсынысым: 1.Отандық фотомодульдер шығаратын зауыттарды көбейтсе;
2.Гелиожүйелік қондырғыларды мемлекет тарапынан субьсидиялар бөліп, бағасын арзандатса;
3.Ауылдық жерлердегі мекемелерге, көшелерді жарықтандыруда арзан күн батарея панелдерін орнатса.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.«Әлемнің энергетикалық қорлары». П.С. Непорожний, В.Н.Попков (1995ж.)
2. Журнал «Жастар техникасы», (1990 №5 )
3.Интернет материалдары: Күн батареясы. Алматы облысы Талғар
4. «Егемен Қазақстан» газеттері. (18,25 маусым.2013 жыл)
5.«Энергия көздері», В.С.Лаврус(1997ж.)
Достарыңызбен бөлісу: |