Атырау облысы.
Құрманғазы ауданы
Д. Нұрпейісова атындағы орта мектеп.
Тақырыбы: Фотосинтез
Сыныбы:ІХ
Пән мұғалімі: Наурзбаева М биология пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: 16п. Фотосинтез. ІХ б сынып.
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға фотосинтез процесі, оның жарық және
қараңғы сатысы , фотосинтез факторлары туралы
мағлұмат беру.
2.Фотосинтез үрдісі туралы білім алу мен өзара
сыйластыққа, үжымшылдыққа , сауаттылыққа
тәрбиелеу.
3.Оқушылардың өз беттерімен жұмыс жасау, бір – біріне
көмектесе отырып, өз ойларын толық айту дағдыларын
дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың әдісі: «Шыңға шығу» әдісі, «Сызбаны сөйлет» әдісі, графикалық
диктант, сематикалық карта , тест, деңгейлік тапсырмалар.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кесте , плакаттар, үлестірме материалдар.
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Шыңға шығу» әдісі.
-
Тірі ағзалардың тыныс алуы.
-
Аэробты ағзалар.
-
Анаэробты ағзалар.
-
Теғгерме нүктесі дегеніміз не?
-
Тыныс алу кезеңдері қандай?
-
Тыныс алу қажет жағдайлар.
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау: «Сызбаны сөйлет» әдісі.
Тынысалудың жалпы формуласы:
С6H12O6 + 6O2 6CO2 + 6H2O +ATФ
ІҮ. Жаңа тақырып: Яғни бұл формуладағы күн энергиясының әсерінен көмірқышқыл газы мен су + жарық оттегі мен көмірсуларға айналу үрдісі – фотосинтез деп аталады
Бүгінгі жаңа тақырыбымыз : 16п. Фотосинтез.
-
Фотосинтез ашылу тарихы.
-
Фотосинтез сатылары.
-
Фотосинтез факторлары.
-
Фотосинтез бен тынысалудың өзара байланысы.
( түсіндіру)
Ү. Бекіту тапсырмалары: І. Деңгейлік тапсырмалар.
А. Сілтеме табушылар тобы. Мәтінді оқи отырып, жаңа ұүымдарды тауып, анықтасын оқу.
-
Фотосинтездің жарық сатысы
-
Фотосинтездің қараңғы сатысы
-
Фотолиз
-
Фотофосфорлану
-
Фотокорбаксилдеу
В. Баяндаушы топ: мәтінді оқи отырып, кесте құрастырып, оны баянда.
С. Ізденуші топ:
Фотосинтез жасыл пигмент хлорофиллі бар жасушаларда өтеді. күн жарығы энергиясының әсерінен көмірқышқыл газы мен судың оттегі мен көмірсуларға айналу үрдісі. Түзілген көмірсулар қорек ретінде қолданылады, ал оттегі атмосфераға түседі. Суретте фотосинтездің жалпы сұлбасы берілген.
ІІ. Графикалық диктант. Дұрыс жауап « », қате жауап « ».
-
Фотосинтез процесі екі сатыда жүреді.
-
Жарық сатысында су қолданылады.
-
Сыртқы фактор фотосинтездеуші ағзалармен анықталады.
-
Фотосинтез процесі тек жарықта жүреді.
-
Балдырларда жарықта фотофосфорлану айналымының реакциясы жүреді.
-
Тірі ағзалардың барлығы фотосинтез үрдісінің қарқындылығына тәуелді.
ІІІ. Сематикалық карта.
Тапсырмалар
|
Жарық сатысы
|
Қараңғы сатысы
|
Ішкі
фактор
|
Сыртқы фактор
|
Жарық, ылғал мөлшері , қоршаған ауа темпиратурасымен анықталады.
|
|
|
|
+
|
Күн жарығының энергиясы Атф энергиясына өзгереді.
|
+
|
|
|
|
Нәтижесінде оттегі, сутегі, АТФ алынады
|
+
|
|
|
|
Хлоропластың стромасында жүреді.
|
|
+
|
|
|
Хлоропласт ферменттерінің өршіткілігімен жүретін жүйелі реакция.
|
|
+
|
|
|
Хлоропласт мөлшері, хлорофил саны мен типі, жапырақ мөлшері,пішіні, орналасуымен айқындалады.
|
|
|
+
|
|
ІҮ. МАБ-ға дайындық кезеңі. Тестілік жұмыс.
І нұсқа
1. Табиғаттағы заттар айналымының негізгі көзі
А)Фотосинтез
В)транспирация
С)адсорбция
Д)алмасу адсорбциясы
Е)пиноцитоз
2.Фотосинтездегі хлорофилдің ролін алғаш сипаттаған ғалым.
А)К. Тимирязов
В)Ч. Дарвин
С)Л. Пастер
Д)В. Гельмонт
Е)Н. Вавилов
3.Өсімдік тыныс алатын газ
А)сутегі
В)азот
С)оттегі
Д)көмірқышқыл газы
Е)хлор
4.Фотосинтез жолымен органикалық заттарды түзуші организмдер
А) анаэробты
В)аэробты
С)ыдыратушылар
Д)өндірушілер
Е) тұтынушылар
5.Атмосфера ауа құрамындағы көмір қышқыл газының мөлшері.
А)78
В)21
С)1,29
Д)0,03
Е) 0,92
6.Фотосинтез үрдісінің фазалары
А)3
В)2
С)4
Д)5
Е) 1
ІІ нұсқа
1.Фотолиз дегеніміз......
А)АТФ синтезі
В)майлардың ыдырауы
С)көмірсудың ыдырауы
Д)наруыздың ыдырауы
Е) судың мәтіннің ойын жарықта ыдырауы
2.Өсімдіктердің оттегін бөлетінін ең алғаш ашқан ғалым
А)К. Пристли
В)Ч. Дарвин
С)Л. Пастер
Д)В. Гельмонт
Е)Н. Вавилов
3.Фотосинтез қайда өтеді
А)цитоплазмада
В) митохондрияда
С) рибосомада
Д)ядрода
Е)хлорофилі бар жасушада
4.Сыртқы фактор немен анықталады.
А) холрофил санымен
В) жапырақтардың мөлшерімен
С) жарық мөлшерімен
Д)лептесіктер санымен
Е)ферменттер тиімділігімен
5.Ежелгі балдырларда жарық фазасында өтетін реакция
А)Фотолиз
В)фотофосфорлану
С)фотосинтез
Д)питолиз
Е)пагоцитоз
6. Өсімдіктердегі жасыл пластид
А)хромасома
В)фотопласт
С)хлоропласт
Д)хромопласт
Е)лейкопласт
Ү. «Маңызды өмірлік даналық» мәтіннің ойын бір сөйлеммен білдіру.
Мыс:
-
Фотосинтез үрдісі барлық тірі организмдердің негізгі қорек көзі
-
Фотосинтез – күн жарығы энергиясының әсерінен көмірқышқыл газы мен судың оттегі мен көмірсуларға айналу үрдісі.
-
Фотосинтез нәтижесінде түзілген көмірсулар қорек ретінде қолданылады, ал оттегі атмосфераға түседі.
-
Фотосинтез үрдісінің қарқындылығына көптеген факторлар әсер етеді. Оларды сыртқы және ішкі факторлар деп бөлуге болады.
-
Фотосинтез қараңғы және жарық фазасында жүреді.
Ү. Үйге тапсырма: 16 п. «Фотосинтез маңызы» өзбеттік жұмыс.
ҮІ. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |