Күнделікті өмірдегі математика



бет2/6
Дата22.10.2022
өлшемі126 Kb.
#463229
1   2   3   4   5   6
математика

Зерде жұмыс жетекшісі: Кожахметова Қ.А.

АННОТАЦИЯ


Жобаның тақырыбы: «Күнделікті өмірдегі математика» тақырыбына байланысты жазылған. Математика пәнінің күнделікті өміде қандай орын алатыны анықталып, өмірдің өзі математикасыз, есепсіз болмайтыны зерттелді.
Жобаның мақсаты: Математиканың адамдар өміріндегі рөлі қандай? Бұл қосалқы білім бе, әлде адам үшін, оның өмңрңндегң ажырамас бөлігі ме? Деген сұрақтарға жауап іздеу мақсатында математиканың адам өміріндегі маңыздылығын зерттеу.
Зерттеудің жаңалығы мен нәтижесі: Күнделіктігеі өмірде математиканың рөлі маңызды екенін көрсете отырып, оның маңыздылығын көрсету.

І. Кіріспе
«Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те»
Роджер Бэкон

Математика ғылымын алғаш таңдап алғандықтан, негізгі тақырыпты таңдау қиын болды. Себебі, математика ғылымы сыры мол ғылым деп білемін. Математиканы біз күнделікті өмірде жие кездестіріп жатамыз, мысалы жұмыс уақытында, үзіліс кезінде, дүкенде, тіпті асханада да. Математика ғылымын терең оқып, зерттеген сайын, тереңінен ұғынып, түсіне бастадым. Көп ойланып, толғанып таңдаған тақырыбым «Күнделікті өмірдегі математика » тақырыбы болды. Тандап алған тақырыбымнан кейін бірдең шын мәнінде «Математика ғылымының адам өмірінде алатын орны қандай?» деген сұрақ болды.




Математиканың нақты ғылымдар саласында алатын орны орасан зор. Математика – ғылымдардың іргетасы. Математикасыз физика, химия, тіптен биология салаларын елестету мүмкін емес. Математиканы кез келген ғылым саласына енгізсеңіз, оған жан бітіп, бойына қан жүгіреді. Ол бізді қоршаған ортаны танып – білуге, заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Табиғи құбылыстардың сипатын математика тілі арқылы моделін құрып, болашақтағы құбылыстың күйін болжай аламыз. Математикалық есептердің қағаз жүзінде ғана қалып қоймай, жан бітіп, іске асуын кез келген жерден көре аламыз. Мысалы, біз күнде мініп жүрген көлік, компьютерлер, ұялы телефондар, тіпті біз тұрып жатқан зәулім үйлерді де айтуға болады. Құрылыс пен сәулет өнері адамның алғаш пайда болуынан басталған көне кәсіп. Ғасырлар ауысса да ол бізбен бірге дамып, жетілуде. Құрылыс саласының өзіне тән ережесі, тәртібі және нормативтік құжаттары болады. Соған сәйкес әрбір құрылысшы кірпішті қалай қалау керек, оның нормасы қандай болады деген сияқты құрылыс технологиясын меңгеруі қажет. Сондай-ақ жобаны оқи білуі керек. Бір нысан мен екінші бір нысанның ерекшелігін білу, технологияны, адамды орнымен пайдалану, алған білімді тиімді жұмсай білу, дәл, нақты есептей білу керек. Яғни математикадағы масштабты жақсы түсініп, оны практикада қолдана білу қажет. Медицина мен денсаулық сақтау саласында да көптеген есептеулер жүргізіледі. Мәселен, медициналық құрылғыларды жасау барысында адам денсаулығына зиян келмес үшін математикалық есептеулер жүргізіледі. Тіптен ауа райын зерттеудің өзі математикалық моделсіз жүзеге асырылмайды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: математикалық есептеулердің арқасында, бүгінгі технологияларға қол жеткізіп, қауіпсіз үйлер салып, ғарышты зерттеп, мәдениетімізді дамытудамыз. Математикалық есептеулерсіз әлем тіптен басқаша болар еді!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет