Күнделікті өмірдегі математика



бет1/6
Дата22.10.2022
өлшемі126 Kb.
#463229
  1   2   3   4   5   6
математика


«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ
«Шал ақын ауданының білім бөлімі»КММ
«Қаратал орта мектебі» КММ

Күнделікті өмірдегі математика
Жоба авторы: Боканов Ералы Ержанұлы
Сыныбы: 4 «А»
Бағыты: Жаратылыстану-Математика
Секциясы: Математика
Жетекшісі: Габбасова Акдидар Козыбаевна
Бастауыш сынып мұғалімі

2022 оқу жыл
Мазмұны:
І.Кіріспе……………………………………………………………………………1-6
ІІ.Негізгі бөлім ………………………………….......................................................7
2.1. Математиканың шығу тарихы …..…………………………………………8-10
2.2. Математиканың адам өміріндегі рөлі …………….……………………...11-13
2.3 Математиканың медицинадағы қажеттілігі ……………….………………...14
2.4. Математика асханада …………………………………………………………15
2.5. Математика технологияда ……………….…....……………………………...16
2.6.Математика тігін саласында ...........………….………….…………………….17
2.7. Математика бизнесте(саудада) ……………………….……………………...18
ІІІ.Қорытынды …………………………….…………………………………...19-20
Пайдаланылған әдебиеттер ………………………………………………………21


Зерттеу жұмысының мақсаты: Математиканың адамдар өміріндегі рөлі қандай? Бұл қосалқы білім бе, әлде адам үшін, оның өмңрңндегң ажырамас бөлігі ме? Деген сұрақтарға жауап іздеу мақсатында математиканың адам өміріндегі маңыздылығын зерттеу.

Міндеті:

  • Өмір мен математиканың байланысын қарастыру;

  • Математикасыз өмір сүру мүмкін емес екенін дәлелдеу.

Зерттеу болжамы:
Егер математика күнделікті өмірде ешкімге қажет емес ғылым болса, онда қарапайым адамға оның заңдылықтарын білу міндетті емес деп болжаймын.
Зерттеу әдістері:
Іздену, анықтау,сұхбаттасу, қорытындылау, тұжырымдау.

Жұмыстың өзектілігі
Математиканы оқып – үйрену есеп шығаруды үйрену үшін ғана емес, кез – келген проблеманы шеше білу, басқа салалар бойынша математиканың алар орны ерекше екендігін ұғыну. Математиканың тұрмыста және түрлі салаларда аса қажеттілігін дәлелдеу. Қазіргі оқушылар математиканы тек мектеп бағдарламасы бойынша білім алады, ал, математиканы тереңдетіп оқуға қызығушылығы төмендеп барады. Сондықтан да, сол қызығушылықты оятып және дамыту үшін «Математика өмірде» атты ғылыми жобаны бастап отырмыз.

«Қаратал орта мектебі»КММ


4 «А» сынып оқушысы Боканов Ералының
«Күнделікті өмірдегі математика» тақырыбындағы
ғылыми-ізденіс жұмысына
Пікір

4 «А» сыныбының оқушысы Боканов Ералының «Күнделікті өмірдегі математика» атты жобасы математика пәнінің тек пән ретінде ғана емес, күнделікті адам өмірінде маңызды рөл атқаратынын танытуға арналған.


Зерттеу жұмысында Ералы математика ғылымының жер шарындағы басқа да ғылымдармен байланысын зерттей отыра, оның медицинада, асханада, тігін саласында, тіпті сауда мен технология саласында маңыздылығын атап көрсеткен. Математика ғылымының шығу тарихынан бастап, әр елдің өзінің математикасына тоқтала отырып, қай термин қай елде пайда болғанын атап, басқа ғылымдармен байланысын да сызба арқылы барлық қырын ашып көрсетуге тырысқан.
Жалпы алғанда ғылым жоба өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауға ұсынамын.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет