Күні: 21. 02. 2013ж Өткізілетін орын: Акт залы Уақыты: 10. 30



Дата21.06.2016
өлшемі39.61 Kb.
#151960
«Мемлекеттік тілді оқыту орталығында» оқып жүрген «Бастауыш» деңгейдегі топтардың тыңдаушылары арасында Халықаралық ана тілі күніне орай өткізілетін «Тіл – татулық тірегі» атты байқаудың бағдарламасы
Күні: 21.02.2013ж

Өткізілетін орын: Акт залы

Уақыты: 10.30

Қатысушылар: «Бастауыш» топ тыңдаушылары
Жүргізуші:
Қайырлы күн қымбатты тіл үйренушілер және тіл жанашырлары! Бүгінгі байқауымыз дүние жүзі тойлп жатқан «Халықаралық ана тілі» күніне арналады. «Халықаралық ана тілі» күнімен баршаңызды құттықтаймыз.
Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!

Дихан Әбілов.

Ана тілі дегеніміз – сол халықтың жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана оны аяққа басады.

Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.

Ана тілімізге мән бермеушілік, оны құрметтеушілік – шынайы патриоттарды тәрбиелеу жұмысына үлкен зиян. Сондықтан анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді қадірлей, қастерлей білейік.

Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті.... Қазіргі уақытта біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуға тиіс.

Ана тілі меркесінде ана тіліңіздің әрқашанда биік мәртебеден көрінуіне тілектеспіз. «Ана тілі» күні мерекесімен баршаңызды құттықтаймыз!


«Тіл – татулық тірегі» байқауында тыңдаушылар өздерінің қазақ тілінде сөйлеу мәдениетін және бойындағы өнерлерін көрсетеді.

Ал осылардың барлығын сараптап, әділ шешімін беретін әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.



  1. Орталық директорының міндетін атқарушы Жексембекова Гүлсара Айнабекқызы

  2. Орталық әдіскері – Аманова Гүлхан Сабырханқызы

  3. Орталық әдіскері – Мылтықбаева Эльмира Тәжібайқызы

Ал енді үміткерлеріміздің шабытына шабыт қосып, ақ жол тілеу үшін сөз кезегі әділ-қазылар алқасының төрағасы орталық директорының міндетін атқарушы Жексембекова Гүлсара Айнабеқызына сөз беріледі.


Байқаудың шарттары: Байқауға қатысушы топтар: «Ынтымак», «Бірлік», «Достық», «Тәуелсіздік». Әр топта үш қатысушы бар. Байқауға қатысушылар 6 кезең бойынша сайысқа түседі. Әр кезеңге белгіленген уақыт бар. Әр кезеңнің шарттарымен таныстырып өтейін;

1-кезең. «Танысу» кезеңі. Әр топ тыңдаушылары өздері туралы мәлімет береді. (3 мин)

2-кезең. «Сөзден сөз туады» Әр топқа бір сөзден беріледі. Сол сөздегі әріптерден сөйлем құрайды. (5 мин)

3-кезең. «Ойлан, тап» Әр топқа «Кубизм» әдісі бойынша орыс тілінде сөздер беріледі, сөздердің қазақша аудармасын табу керек. (3 мин)

4-кезең. «Кім жылдам» Әр топқа әртүрлі жаңылтпаштар беріледі. Жаңылтпаштарды екі рет жаңылмай қайталау керек.

5-кезең. «Сіз білесіз бе?» Әр топқа он сұрақтан беріледі. Топ төрайымы он сұраққа бір минут ішінде жауап беруі тиіс.

6-кезең. «Өнерлі өрге жүзер» Топтың атынан тыңдаушылар өз өнерлерін ортаға салады. (10 мин)
Әр кезең «5», «4», «3» балдық жүйемен бағаланады. Байқауда 6-кезең бойынша жеңіске жеткен топ мүшелері дипломдармен бағалы сыйлықтармен марапаталады. Байқауға қатысушыларға сәттілік тілейміз.
Жүргізуші:

1-кезең. «Танысу» кезеңі. Әр топ тыңдаушылары өздері туралы мәлімет береді. (3 мин)

1. «Ынтымак» тобы

2. «Бірлік» тобы

3. «Достық» тобы

4. «Тәуелсіздік» тобы
2-кезең. «Сөзден сөз туады» Әр топқа бір сөзден беріледі. Сол сөздегі әріптерден сөйлем құрайды. Топ басшылары ортаға шығып қағазға жазылған бір сөзді таңдайды.

Ойлануға 5мин уақыт беріледі.



1. «Ынтымак» тобы

2. «Бірлік» тобы

3. «Достық» тобы

4. «Тәуелсіздік» тобы
3-кезең. «Ойлан, тап» Әр топқа «Кубизм» әдісі бойынша орыс тілінде сөздер беріледі, сөздердің қазақша аудармасын табу керек. Ойлануға уақыт берілмейді. Экранға назар аударыңыздар.

1. «Ынтымак» тобы

2. «Бірлік» тобы

3. «Достық» тобы

4. «Тәуелсіздік» тобы
4-кезең. «Кім жылдам» Әр топқа әртүрлі жаңылтпаштар беріледі. Жаңылтпаштарды екі рет жаңылмай қайталау керек. Қай топ жаңылтпашты жаңылмай қайталаса сол топқа ұпай беріледі.

1. «Ынтымак» тобы

2. «Бірлік» тобы

3. «Достық» тобы

4. «Тәуелсіздік» тобы
5-кезең. «Сіз білесіз бе?» Әр топқа он сұрақтан беріледі. Топ төрайымы он сұраққа бір минут ішінде жауап беруі тиіс.

1. «Ынтымак» тобы

2. «Бірлік» тобы

3. «Достық» тобы

4. «Тәуелсіздік» тобы
6-кезең. «Өнерлі өрге жүзер» Топтың атынан тыңдаушылар өз өнерлерін ортаға салады.

1. «Ынтымак» тобы

2. «Бірлік» тобы

3. «Достық» тобы

4. «Тәуелсіздік» тобы
Жүргізуші:

Әділ-қазылар алқасы қортынды бағаны шығарғанша көрермендер арасында тілек білдіріп, ән айтатын, би билейтіндер болса ортаға шақырамыз.



Бүгінгі байқауды қорытындылау үшін сөз әділ-қазылар алқасының төрайымы Орталық директорының міндетін атқарушы Жексембекова Гүлсара Айнабекқызына сөз беріледі.

Ал енді құрметті көрермендер, жеңімпаздарымыз анықталды, байқауымыз да мәресіне жетті. Ахмет Байтұрсынұлы: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген, олай болатын болса тіліміздің дамуы жолында атқарып жатқан жұмыстарымыз өркендей берсін демекпіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет