Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласы
№1 Е. Молдабаев атындағы жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Мұхаева Толқынай Бектайқызы
Сабақ жоспары
-
Пән аты: Қазақ тілі.
-
Сыныбы: 5 В
-
Күні, айы, жылы: 15.09.2015 ж
-
Тоқсан: І
-
Мұғалім: Мухаева Толқынай
Сабақтың тақырыбы: Сөз бен мағына
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: Оқушыларға сөз және олардың мағыналары туралы түсінік
беру, жаттығу жұмыстарын орындату арқылы алған
білімдерін бекіту.
-
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, еңбекке,
татулыққа, сөз қадірін білетін азамат болуға тәрбиелеу.
-
Дамытушылық: Оқушыларды көркем сөйлеуге, сөздердің мағыналарын
аша білуге, шығармашылыққа үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу жұмыстары, топқа
бөлу, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, АКТ, плакаттар,
стикерлер
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, сурет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Топқа бөлу (Сөздер арқылы)
3.Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
1.Мәтін туралы түсінік
2. 26-жаттығу
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» - деп айтқан Бауыржан Момышұлы атамыз. Осы ойды жалғастырып шағын шығарма жазыңдар.
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру.
Лексика – белгігі бір тілдегі сөздердің жиынтығы.
Сөздер заттар мен құбылыстардың аты, саны мен сапсы, қимыл – әрекеті сияқты алуан түрлі мағыналарды білдіреді.ал сөз қалай болса солай айтыла салған дыбыстардың тіркесі емес, жүйелі дыбыс қосындыларынан жасалады. Дыбыстар тіркесінде мағына болмаса, сөз де болмайды. Сөз мағынасымен тығыз байланысты.
г р. “Lexikos” –сөзі, “сөз,сөздік” деген мағынаны білдіреді
Л ЕКСИКА
Сөз
Заттар мен құбылыстардың
а тауы
Мағына
Сөздің ішкі мазмұны немесе
білдіретін ұғымы
-
Қар ----- түсі ақ,салқын,еріп суға айналатын зат
-
Парта ----- ағаштан жасалған оқушының мектептегі құралы
-
Бесік ---- ағаштан жасалған,сәбидің жататын төсегі
-
Үй ----- ағаштан немесе кірпіштен салынған ғимарат
-
Кітап ----- баспадан түптеліп шығарылған мәдени рухани қазына
-
С ---- ағынды өзен. Өзен,көл және т/б түзетін мөлдір сұйық зат
-
Тау ---- жер бетінен жоғары да,көтеріңкі өркештеніп тізбектеліп,созылып жатқан заңғар,құзды биіктік
Сонымен қатар тілімізде мағынасын жоғалтқан сөздерде бар
Мысалы: үшін,дейін, кейін, таман, және,арқылы, туралы,секілді, сайын және т/б
Мағынасы бар Мағынасы жоқ
-
Отан үшін
-
Үйге дейін
-
Күн сайын
-
Көпір арқылы
ІҮ.Оқулықпен жұмыс.
Жаттығу жұмыстары
1-топ. 28-жаттығу
мағынасы бар 5 сөз,мағынасы жоқ 5 сөз
2-топ. 30-жаттығу
мағынасы бар сөздерді теріп жазыңдар
3-топ. 31-жаттығу
төмендегі сөздердің құрамындағы дыбыстарды
пайдаланып, мағыналы сөздер құраңдар
4-топ. 32-жаттығу
мәтіннен бес сөз таңдап алып, олардың лексикалық
мағыналарын анықтаңдар
VІ . Шығармашылық жұмыс
Төмендегі өлең жолдарынан Халқым, Тілім, Отан сөздерін пайдалана отырып сурет саламыз.
“Үш бақытым” өлеңі
Ең бірінші бақытым- Халқым менің
Соған берем ойымның алтын кемін
Ол бар болса,мен бармын қор болмайтын
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым - Тілім менің”
Тас жүректі тіліммен тілімдедім
Кей-кейде өмірден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші –Отан деген
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
Оты сөнген жалғанда жан барсын ба?
Ойланбай-ақ, кел дағы от ал менен.
VII Сергіту сәті
«Сәйгүлік » сергіту сәті
VIII Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2. Үй тапсырмасы:
1. Сөз бен мағына туралы түсінік.
2. 33 -жаттығуды орындау.
Достарыңызбен бөлісу: |