Күні: Сынып: 3 Бөлімі: Сенсорлық процестерді және кеңістікте бағдарлауды дамыту. Тақырыбы



Дата25.02.2022
өлшемі1.39 Mb.
#455761
зпр 3-17




Күні:
Сынып: 3
Бөлімі: Сенсорлық процестерді және кеңістікте бағдарлауды дамыту.
Тақырыбы:1.3 Кеңістікте бағдарлауды дамыту
Мақсаттары:
3.1.3.1. 3.1.3.1 дене мүшелерінің орналасуын талдау, қарсы тұрған адамның денесінде бағдарлау.
Түзету білімдік: дене құрылысын және дене мүшелерінің атын атау
Түзету – дамытушылық: Көру арқылы танымдық қабілетін дамыту.
Түзету тәрбиелік: Әдептілік пен әдемілікке тәрбиелеу.
Әдісі: Миға шабуыл, сұрақтар, жеке жұмыс, ойын
Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер, қажетті материалдар

Іс-әрекет кезеңдері

Дефектологтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Ынтымақтастық атмосферасын калыптастыру.
Дене мүшелерімен амандасу (Оқушымен бірге қайталау)
-Ал балалар амандасайық!
Дене мүшемізбен амандасу:Қол алысып,бас түйістіріп,құшақтасып,сөзбен амандысу(салем,қалайсыңүлкендерге амансыз ба,сәлеметсіз ба т.б.)
Жарайсыңдар!

Шаттық шеңберде қимыл -қозғалыстар жасайды



Ұйымдастыру - іздестіру



1) Жаңа сабақ.
Балалар, біз амандасуды нелер арқылы жасадық?

  • Бас

  • Қол

  • Дене

Аяқ
Ауызбен айтып.
Жарайсыңдар! Осын атап өткен бас, қол, дене, аяқ және т.б адамның дене мүшелеріне кіреді. Бүгін біз сабақта адамның дене мүшелерімен және олардың қызметімен танысамыз.

    • Ендеше мына суретке қарайық. Қандай дене мүшелерін көріп тұрсыңдар?



  • Дене мүшелерінің атын атау

  • Санын айту (

  • Қызметін түсіндіру

2)Түзету – дамытушылық кезең:
1.Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
«Ойлан! Ізде! Тап!» ойыны
Нұсқау: Суретке қарап, дене мүшелерінің санын жазу
Мазмұны:
Оқушы суретке қарап дене мүшелерін атайды, санайды және біреу немесе жұп болған дене мүшелерін ажыратады.





2.Ойлау қабілетін дамыту.
«Сәйкестендір» әдістемесі
Мақсаты: Дене мүшесін және қажетті киімді сәйкестендіру.

3.Сөйлеу тілін дамыту.
Тізбекті суреттермен жұмыс.«Төлдер айтысы» әңгімесін айта отырып, байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту.











4.Қол моторикасын дамыту.
Саусақ жаттығуы.
Мүшелерін дененің,
Дұрыс болар білгенің.
Мынау – бас, мынау –мойын,
Мынау – қас, мынау – мұрын,
Мынау – қол, мынау – аяқ,
Мынау – көз, мынау – құлақ,
Мынау – кеуде, мынау – арқа,
Біліп жүр бәрін жатқа!


«Қиылған суреттің бөліктерін құрастыру» дидактикалық ойыны.
Мақсаты: Ұсақ қол моторикасын дамыта отырып, дене бөліктерін атау.



5.Есте сақтау қабілетін дамыту. Мағынасы бойынша есте сақтау.
«Есте сақта және қайтала» әдістемесі.
Берілетін нұсқауы:
Қазір мен сендерге 10 п сөз оқимын. Мен айтқан сөздерді есте сақтап дәптерге жазасыңдар.
Адам
Дене
Құлақ
Көз
Аяқ
Кірпік
Қас
Қол
Иық
Саусақ
Егер сөздің 6-ы дұрыс жазылса, оқушының
есте сақтауы қанағаттанарлық деңгейде деуге болады.



3)Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бiр отырып, бiр тұрып,
Тез шынығып шығамыз.

Оқушы жауап береді.

Суретпен жұмыс


Дене мүшелерінің санын айту

Дене мүшесіне қажетті киімді табу

Сурет бойынша әңгіме айтады.

Саусақ жаттығуын орындайды
(Әр атауға саусақ бүгіледі)

Берілген сөздерді есте сақтау және дәптерге жазу.

Сергіту сәтін орындайды.











Рефлексивті - түзетушілік



Оқушы өзін-өзі бағалауы.

Сау болыңыз!





Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:Дене мүшелері туралы түсінік қалыптасады.
Қандай түсініктерді игерді: Толықтай жауап беру қабілеттері артып, әңгіме барысында көп нәрсені түсініп, білді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Есту арқылы қабылдау қабілетін дамыды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет