Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Салық есептілігiн керi қайтарып алу тәртібі



бет11/78
Дата26.02.2016
өлшемі7.92 Mb.
#27583
түріКодекс
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   78

69-бап. Салық есептілігiн керi қайтарып алу тәртібі

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 

1. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агентi) осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген салық есептілігiн керi қайтарып алу туралы салықтық өтiнiштi салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) тiркелу есебiнiң орны бойынша салық органына табыс етедi.

Осы баптың 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес салық есептiлiгiн кері қайтарып алған жағдайда, салық төлеушi (салық агентi) осындай есептілікті табыс ету орны бойынша салық органына салық есептiлiгiн кері қайтарып алу туралы салықтық өтiнiштi табыс етедi.

Салық есептілігi салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) көрсетiлген салықтық өтiнiшi негiзiнде, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайда, көрсетілген салық кезеңі үшін табыс етілген салық есептілігiнің барлық қосымша нысандарын ескере отырып, салық қызметi органының салық есептілігiн қабылдау және өңдеу жүйесiнен керi қайтарып алуына жатады.



Осы баптың 2-тармағы 2) тармақшасының негiзiнде табыс етiлетiн салық есептілігiн керi қайтарып алу туралы салықтық өтiнiшпен бір мезгiлде салық төлеушi (салық агентi) осы Кодекстiң 68-бабының 2-тармағына сәйкес салық есептілігiн табыс етуге мiндеттi.

Салықтық өтiнiште көрсетiлген салық кезеңi үшiн табыс етiлген салық есептілігiн керi қайтарып алу мынадай әдiстердiң бірiмен:

1) салық есептілігiн қабылдау және өңдеу жүйесiнiң орталық торабынан керi қайтарылатын салық есептілігi жойылатын жою әдiсiмен;

2) бұрын табыс етiлген салық есептілігiне салық төлеушi (салық агентi) мәлiмдеген өзгерістер және (немесе) түзетулер енгiзiлетiн өзгерту әдiсiмен жүргiзiледi.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді  (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Жою әдiсiмен мынадай:

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен  1) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) салық төлеуші осы Кодекстің 37, 38, 40 - 42-баптарына сәйкес салықтық тексеруді жүргізу басталғанға дейін қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда таратудың салық есептілігін;

2) осы Кодекстiң 68-бабы 2-тармағының талаптарын бұза отырып, салық төлеушi табыс еткен салық есептілігiн;

3) осы Кодекске сәйкес осындай салық есептілігiн табыс ету жөніндегі мiндеттемесi жоқ салық төлеушi табыс еткен салық есептілігiн;

4) осы Кодекстiң 584-бабының 5-тармағына сәйкес табыс етiлмеген деп есептелетiн салық есептілігiн керi қайтарып алу жүргiзiледi.

Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық есептілігін жою әдiсiмен керi қайтарып алу кезiнде тiркелу есебiнiң орны бойынша салық органы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) жеке шоттарында керi қайтарылатын салық есептілігi бойынша салықтың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдардың есептелген (азайтылған) сомасына түзету жасауды жүзеге асырады.

Осы Кодекстің 584-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес табыс етілмеген деп саналатын салық есептілігiн кері қайтарып алған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сомаларға түзету жасауды, осындай салық есептілігін табыс ету орны бойынша салық органы жүзеге асырады.

Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны орындамаған кезде салық органы салық есептілігін кері қайтарып алуды салықтық өтінішсіз жою әдісімен жүргізеді. Кері қайтарып алу уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органының салықтық есептілікті кері қайтарып алуға арналған шешімінің негізінде жүргізіледі.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді



3. Өзгерту әдiсiмен мынадай:

1) валютаның коды көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген;

2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмiрi және (немесе) күнi көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген;

3) резидент мәртебесi көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген салық есептілігiн;

3-1) салық қызметі органының коды дұрыс көрсетілмеген;

3-2) салық кезеңі дұрыс көрсетілмеген;

3-3) салық есептілігінің түрі дұрыс көрсетілмеген;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) салық төлеуші осы Кодекстің 37, 37-1, 38, 40 - 43-баптарына сәйкес салықтық тексеру жүргізілгеннен немесе камералдық бақылау аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда таратудың салық есептілігін кері қайтарып алу жүргізіледі.

Салық есептілігiн өзгерту әдiсiмен кері қайтарып алу кезiнде тiркеу есебiнiң орны бойынша салық органы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) жеке шоттарында мәлімделген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, оларды кейіннен салық есептілігi бойынша жеке шотта көрсетіп, кері қайтарылатын салық есептілігiнде көрсетілген сомаларға түзету жасауды жүзеге асырады.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді  (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4. Егер салық төлеушi (салық агентi) осы баптың 2-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетiлген салық есептілігiн керi қайтарып алу туралы салықтық өтiнiштi табыс етпесе, салық органы салық төлеушiге (салық агентiне) осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген хабарламаны белгiленген мерзiмде жiбередi. Хабарлама осы Кодекстiң 608-бабының 2-тармағында белгiленген мерзiмде орындалуға жатады.

5. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мынадай:



1) тексеру жүргiзуге арналған нұсқамада көрсетiлген салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түрлерi, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша кешендi және тақырыптық тексерулердi жүргiзу кезеңiнде - тексерiлетiн салық кезеңiнiң;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) шағым берудiң қалпына келтiрiлген мерзiмiн ескере отырып, салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметiнiң жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарған шешіміне шағым беру және оны қарау мерзiмi кезеңiнде - шағым жасалатын салық кезеңiнiң табыс етілген салық есептілігiн керi қайтарып алуына жол берiлмейдi.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



6. Салық органдары мынадай мерзімдерде:

1) салық төлеушінің (салық агентінің) осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтініші негізінде салық есептілігін кері қайтарып алған жағдайда - осындай өтініш табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

2) салық органының осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешімі негізінде салық есептілігін кері қайтарып алған жағдайда - хабарламаны орындау үшін көзделген, осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде салық есептілігін кері қайтарып алуды жүргізуге және салық төлеушіге (салық агентіне) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық есептілігін кері қайтарып алу туралы хабарлама жіберуге міндетті.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



7. Осы бап осы Кодекстің 276-22-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды.

 

70-бап. Салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу



2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді осы өзгерістер мен толықтырулар жататын салық кезеңі үшін қосымша салық есептілігін жасау жолымен жүргізеді.

Табыс етілу мерзімі міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімдері туралы заңнамасына сәйкес салық міндеттемелерін орындау кезінде қолданылатын сәйкестендіру нөмірлерін енгізудің алдындағы күнге сәйкес келетін салық кезеңіндегі салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде салық төлеушінің тіркелу нөмірі міндетті түрде көрсетіледі.

2. Қосымша салық есептілігінде:

1) бұрын табыс етілген салық есептілігінің сомасы өзгертілген кезде салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігі мен іс жүзіндегі салық міндеттемесінде көрсетілген сома арасындағы айырма;

2) бұрын табыс етілген салық есептілігіндегі қалған деректер өзгертілген кезде жаңа мән тиісті жолдар бойынша көрсетіледі.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді  (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қосымша және (немесе) хабарлама бойынша қосымша салық есептілігiн табыс еткен кезде салық төлеушi (салық агентi) немесе осы Кодекстiң 586, 587-баптарына сәйкес камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органы анықтаған салықтың, басқа да мiндеттi төлемдердiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдардың сомалары салық төлеушiнi (салық агентiн) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартпай бюджетке енгiзiлуге жатады.

4. Салық органы салық төлеушінің тарату, бөлу жолымен қайта ұйымдастыру немесе қызметін тоқтату туралы салықтық өтініші бойынша жүргізетін салықтық тексеру басталғанға дейін салық төлеуші (салық агенті) таратудың қосымша салық есептілігін табыс етуге құқылы.

5. Салық төлеушінің (салық агентінің):

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



1) тексеру жүргізуге арналған нұсқамада көрсетілген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша кешенді және тақырыптық тексерулерді жүргізу кезеңінде (ұзартуды және тоқтата тұруды ескере отырып) - тексерілетін салық кезеңінің;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында көрсетілген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша шағым берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым беру және оны қарау мерзімі кезеңінде - шағым жасалатын салық кезеңінің;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) қосылған құн салығын қайтару туралы талап ету бөлігінде;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4), 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4) аванстық төлемдерді төлеу мерзімі басталған салық кезеңіндегі айлар үшін корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша;

5) ағымдағы салық кезеңінде 20 қаңтардан кейін - алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация тапсырылғанға дейінгі кезеңге төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша;

6) ағымдағы салық кезеңінде 20 желтоқсаннан кейін - алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация тапсырылғаннан кейінгі кезеңге төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша;

7) резидент емес заңды тұлғаның басқару және жалпы әкімшілік шығыстарын шегерімдерге жатқызу әдісін өзгерту бөлігінде тиісті салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.

 

71-бап. Уәкілетті органның салық есептілігін табыс ету мерзімдерін ұзартуы



1. Мониторингке жататын ірі салық төлеуші осы Кодекстің 624-бабында көрсетілген мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімі аяқталғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға осындай есептілікті табыс ету мерзімін ұзарту туралы салықтық өтініш табыс етуге құқылы.

2. Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті қарау нәтижелері бойынша оны алғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін ұзартудан бас тарту туралы немесе мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін ұзарту туралы шешім шығаруға міндетті.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешім мониторинг жүргізілуге жататын ірі салық төлеушіде осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтініш берген күні алдыңғы он екі айлық кезеңдегі мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімдерін бұзу фактісі болған жағдайда қабылданады.

4. Уәкілетті орган мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін осындай есептілікті табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап үш айдан аспайтын кезеңге ұзартуға құқылы.

5. Уәкілетті орган мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешім шығарған жағдайда, мониторингке жататын ірі салық төлеуші осындай есептілікті осы Кодексте белгіленген тәртіппен табыс етеді.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



6. Салық қызметі органдарының бағдарламалық қамтамасыз етілімінде электрондық түрдегi салық есептілігiн уақтылы табыс етуге әсер ететін техникалық қателер табылған жағдайда, уәкілетті орган осындай есептілікті табыс ету мерзімін осындай есептілікті табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап үш айдан аспайтын кезеңге ұзартады.

 

72-бап. Салық органының салық есептілігін табыс ету мерзімдерін ұзартуы



2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді  (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Салық органы, мониторинг бойынша есептілікті және тауарлардың Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорты кезіндегі жанама салықтар бойынша салық есептілігін қоспағанда, салық есептілігінің электрондық түрде табыс етілу шартымен оны табыс ету мерзімін салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтініші бойынша ұзартады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді



2. Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы салықтық өтінішті салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін табыс ету үшін осы Кодексте белгіленген мерзім өткенге дейін осы Кодекстің 76-бабында белгіленген тәртіппен тіркелу есебінің орны бойынша салық органына береді.

Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту салық органына салық есептілігін ұзартуға салықтық өтініш берілген күнтізбелік жыл ішінде салық төлеуші (салық агенті) табыс ететін салық есептілігіне қолданылады.

3. Салық есептілігін табыс ету мерзімі мынадай:

1) корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы бойынша - декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



2) салықтың өзге түрлері, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша - декларацияны және (немесе) есеп-қисапты табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын кезеңге ұзартылады.

Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту осы Кодекстің 141-бабында көзделген аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс ету мерзіміне қолданылмайды.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



4. Салық есептілігiн табыс ету мерзiмiн ұзарту салықты, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдарды төлеу мерзiмiн өзгертпейдi.

 

73-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін табыс етуін тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) тәртібі



2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

1. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініші негізінде, осы бапта белгіленген тәртіппен:

1) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұруға;

2) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімін ұзартуға;

3) егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық есептілігін табыс етуді қайта бастауға құқығы бар.



Салық төлеуші (салық агенті) қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған жағдайда өзінің орналасқан жері бойынша салық органына алдағы кезеңге арналған салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш табыс етеді. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі, оны ұзарту ескеріле отырып, осы Кодекстің 46-бабында белгіленген мерзімнен аспауға тиіс.

Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы өтінішпен бір мезгілде салық төлеуші (салық агенті) салық кезеңінің басынан осындай өтініште көрсетілген қызметті тоқтата тұру күніне дейін салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша салық есептілігін табыс етеді.

Егер кезектi салық есептілігiн табыс ету мерзiмi салықтық өтiнiштi табыс еткеннен кейiн басталса, онда осындай кезектi салық есептілігiн табыс ету салықтық өтiнiштi табыс еткен күнге дейiн жүргiзiледi.

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық органы уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

3. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім салық төлеушіге (салық агентіне) жеке өзіне қолын қойдыра отырып немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге тәсілмен тапсырылады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім салық төлеушіде (салық агентінде) өтініш берілген күні салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болған немесе салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық есептілігін табыс етпеген жағдайда қабылданады.

5. Салық органы салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, салық төлеуші (салық агенті) осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық есептілігін табыс етеді.

6. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агенті) алған салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешім салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште көрсетілген салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру кезеңіне салық есептілігін табыс етпеуге негіз болып табылады. Осы тармақта көрсетілген салық есептілігін табыс етпеу салық есептілігін нөлдік көрсеткіштерімен табыс етуге теңестіріледі.

7. Салық төлеуші (салық агенті) қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін қызметті қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда, аталған салық төлеуші (салық агенті) қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін өзінің орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш пен салық есептілігін табыс етеді.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

8. Салық есептілігiн табыс етудi тоқтата тұру туралы шешiмде көрсетiлген, қызметтi тоқтата тұру мерзiмi өткеннен кейiн, егер осы баптың  9-тармағында өзгеше белгiленбесе, салық төлеушi (салық агентi) салық органына осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық есептілігiн табыс етуге мiндеттi.

1) осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық есептілігі;

2) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы салықтық өтініш.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



9. Салық төлеушi салық есептілігiн табыс етудi тоқтата тұрудың ағымдағы кезеңiнiң аяқталу күнiнен кешiктiрмей салық есептілігiн табыс етудi тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтiнiш беруге құқылы.

Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш берілген кезде осы мерзім осындай өтініште көрсетілген, осы баптың 1-тармағының ережелері ескерілген кезеңге ұзартылады. Салықтық өтініш салық органының осындай өтінішті қабылдағаны туралы белгісі болған кезде қызметті қайта бастау күніне дейінгі алдағы салық кезеңдері үшін салық есептілігін табыс етпеуге негіз болып табылады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



10. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің қызметін тоқтата тұру кезеңі ішінде қызметін қайта бастау фактілерін анықтаған жағдайда, салық органдары аталған тұлғаларды хабардар етпей-ақ салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі қызметі қайта басталған күннен бастап тоқтатылды деп таниды.

Осы тармақтың мақсатында осы бапқа сәйкес қызметін тоқтата тұрған салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелердің туындауына әкеп соғатын қызметті жүзеге асыра бастауы қызметін қайта бастау болып танылады.

11. Осы баптың ережелері мына салық төлеушілерге:

1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерге;

2) ойын бизнесі салығын және (немесе) тіркелген салықты төлеушілер болып табылатын дара кәсіпкерлерге немесе заңды тұлғаларға;

2010.21.01. № 242-IV Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.

12. Осы баптың ережелері мүлік, көлік құралы салықтары мен жер салығы бойынша, жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық есептілігін табыс ету тәртібі мен мерзімдеріне қолданылмайды.

 

74-бап. Патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің салық есептілігін табыс етуін тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) тәртібі



2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

1. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш негізінде, осы бапта белгіленген тәртіппен:

1) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұруға;

2) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімін ұзартуға құқығы бар.

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер қызметін тоқтата тұрған жағдайда, орналасқан жері бойынша салық органына патенттің қолданылу мерзімі біткенге дейінгі алдағы кезеңге салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш береді. Салық есептілігiн табыс етудi тоқтата тұру мерзiмi, оны ұзарту ескерiле отырып, осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген мерзiмнен аспауға тиiс.

2. Салық органының салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешімі салықтық өтініш берілген күнге уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша шығарылады.

3. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешім салық төлеушіге немесе оның өкіліне жеке өзіне қолын қойдыра отырып немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге тәсілмен тапсырылады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



3-1. Салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешiм өтініш берілген күні салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болған немесе салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық есептілігін табыс етпеген жағдайда қабылданады.

4. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы шешім салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы салықтық өтініште көрсетілген күннен бастап қызметін қайта бастау күніне дейінгі кезеңде патент алу үшін есеп-қисап табыс етпеуге негіз болып табылады.

5. Салық төлеуші, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметін тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастаған болып танылады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



6. Салық төлеуші салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудың ағымдағы кезеңі аяқталған күннен кешіктірмей салық органына салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта қалпына келтіру) туралы салықтық өтініш беруге құқылы. Мұндай өтініш онда көрсетілген қызметті қайта бастау күніне дейін патент құнының есеп-қисабын табыс етпеуге негіз болып табылады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



7. Салық төлеуші қызметін қайта бастаған күннен бастап алдағы кезеңге патент құнының есеп-қисабын салық органдарына беру арқылы қызметін тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін қызметін қайта бастауға құқылы.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



8. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру кезеңінде патент құнының есеп-қисабы табыс етілген кезде салық төлеуші осы есеп-қисапта көрсетілген қызметтің басталған күнінен қызметін қайта бастаған болып танылады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



9. Салық төлеуші салықтық өтінішті немесе осы баптың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген патент құнының есеп-қисабын табыс етпеген кезде, салық төлеушінің қызметі салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште көрсетілген қызметін тоқтата тұру мерзімі аяқталған күннен бастап қайта басталған болып танылады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 9-1-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



9-1. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) өз қызметін тоқтата тұру кезеңінде қызметін қайта бастағаны фактілерін анықтаған жағдайда, салық органдары мұндай салық төлеушіні (салық агентін) жазбаша хабардар ете отырып, салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі қызметті қайта бастаған күннен бастап тоқтатылды деп таниды.

Осы тармақтың мақсатында осы бапқа сәйкес қызметін тоқтата тұрған салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелердің туындауына әкеп соғатын қызметті жүзеге асыра бастауы қызметті қайта бастау болып танылады.

10. Осы баптың ережелері мүлік, көлік құралы салықтары мен жер салығы бойынша, жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық есептілігін табыс ету тәртібі мен мерзімдеріне қолданылмайды.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет