Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



Дата25.02.2016
өлшемі22.37 Kb.
#25526
түріКодекс


Жоба

«2013-2015 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы»

аудандық мәслихаттың 2012

жылғы 21 желтоқсандағы №8/61

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңына және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 ақпандағы № 9/116 «Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №7/77 «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2224 болып тіркелген) сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. «2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 8/61 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 28 желтоқсанда № 2185 болып тіркелген, «Ақкетік арайы» газетінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 02-03 (570-571) санында жарияланған) мына өзгерістер енгізілсін:

2013 жылға арналған аудандық бюджет 1 - қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 6 022 627, 9 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 4 237 068, 5 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 20 296, 4 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 34 758, 0 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша – 1 730 505, 0 мың теңге;

2) шығындар - 6 147 676,4 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 138 900, 0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 146 583,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу -7 683, 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 263 948,5 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 263 948, 5 мың теңге;

қарыздар түсімі - 51 930, 0 мың тенге;

қарыздарды өтеу - 7 683, 0 мың тенге;

бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтары - 219 701,5 мың теңге.

2- тармақта :

1) тармақшада:

«35,8» сандары «18,8» сандарына ауыстырылсын;

5) тармақшада:

«36,6» сандары «17,6» сандарына ауыстырылсын.

2. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы: Аудандық мәслихат хатшысы:
А. Шарипов А. Досанова

«КЕЛІСІЛДІ»

«Түпқараған аудандық экономика

және қаржы бөлімі» мемлекеттік

мекемесінің бастығының міндетін

атқарушы:



Ж. Төлеген

11 наурыз 2013 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет