5. Автомобиль жолдарын пайдалануға тыйым салу
32. Автомобиль жолдарында:
көлемдік өлшемдері, массасы немесе жүк тиелген немесе жүксіз біліктегі салмағы рұқсат етілетіндерден артық немесе жол белгілерінде көрсетілгендерден асып түсетін көлік құралдарының, сондай-ақ қауіпті жүк тасымалдаушы көлік құралдарының арнайы рұқсатсыз жүруіне;
жол органдарының, автомобиль жолдарын басқарушылардың немесе осы Қағидаларда көзделген жағдайларда, жол полициясы бөлімшелерінің тиісті келісімінсіз жөндеу және басқа жұмыстар жүргізуге;
жолдарды, жол құрылыстарын, жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын, жасыл желекті және басқа да жол жайластыруларын зақымдауға;
көлік құралдарының, ауылшаруашылығы және басқа да техниканың белгіленбеген және ол үшін жабдықталмаған жерлерде жолға кіруіне, шығуына және олар арқылы өтуіне;
көліктің барлық түрінің бөлгіш жолаққа шығуына және онда тоқтап тұруына;
оқыту мақсатымен рұқсат етілмеген жолда жүруге;
шынжыр табанды көліктің, дөңгелектерінің шашағы, бұдыры, шынжыры және тағы басқалары бар машиналар мен механизмдердің жүруіне;
жанар-жағармайдың төгілуі мүмкін болатын жұмыстарды орындауға, көлік құралдарын жөндеуге және майлауға, көлікті тазалауға және жууға (қажет болған жағдайда бұл жұмыстар арнайы жабдықталған орындарда, ал ерекше жағдайларда жол жағасында орындалады; қалған қоқыстарды материалдарды және басқа да заттарды жүргізушілер немесе көлік құралдарының иелері дереу тазалауы тиіс);
жолдың жүру бөлігін, шетін, көпірлерді, құбырларды, арықтарды, кәріздік және суағар қондырғыларды және жолдың жолақ бөлігін құрылыс материалдарымен, ауылшаруашылығы өнімдерімен және басқа да заттармен ластауға және бөгеуге, сондай-ақ, жолды және оның жолақ бөлігін ластайтын жүкті тиісті буып-түюсіз тасымалдауға, жүкті жолдың жүру бөлігінде тиеуге және түсіруге;
малды жол арқылы арнайы бөлінген жерден тыс, сондай-ақ тәуліктің қараңғы кезінде және жеткіліксіз көрінетін жағдайда айдап өтуге, малды төсемі жетілдірілген жолмен айдауға және оларды жолдың жолақ бөлігінде жаюға;
жолдың жолақ бөлігінің шегінде белгіленбеген жерде лагерь, шатырлы және басқа да демалыс қалашықтарын тұрғызуға, сауда жасауға;
автомобиль жолдарының, көпірлердің жүру бөлігінде серуендеуге, 50 метрден жақын қашықтықта шомылуға, кір жууға, көпірде, көпірдің тіреулері мен мұз кескіштері қасында тұрып балық аулауға;
көпірдің астына қайық стансаларын орнатуға, қайық пен салды көпір тіреулеріне байлауға;
ағаш көпірлерде және ағаш төселген көпірлерде шылым тартуға, жолдың жолақ бөлігінде және ағаш көпірлерге 100 метрден жақын жерде от жағуға;
жолдың жолақ бөлігінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаусыз тез тұтанғыш және жанғыш материалдарды (жалпы зат сақтауға рұқсат болғанның өзінде) сақтауға;
жолақ бөлікте құрғақ шөпті өртеуге;
сымдардың үзілуі жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін сақтандырғыш қондырғыларсыз автомобиль жолдарының жоғары вольтты электр желісімен қиылысуына;
қандай да болсын коммуникацияларды (мұнай өнімдері құбыры, су құбыры, газ құбыры, канализация және басқалар) топырақ төсеміне, сондай-ақ көпірдің және жол өткелінің астына салуға;
автомобиль жолдарын су басуына және жолдың жолақ бөлігінің батпақтануына әкеп соқтыратын сортаң топырақты жерлерді шаюға, жол жырасын арық ретінде, ауылшаруашылық дақылдарын суаруға пайдалануға;
канализациялық, өндірістік, мелиорациялық және ағынды суларды су бұрғыш құрылыстар мен резервтерге жіберуге;
2,5 км аз қашықтықта өзендерінің жайылмалары мен су бұруларда, көпірлерден жоғары және төмен құм мен қиыршық тас өндіру кеніштерінің өндірісіне және арналарды тереңдетуге;
жол жырасының сыртқы жиегінен, топырақ алынған жердің шетінен немесе төсемнің табанынан 1 метрден жақын жер жыртуға;
шлюздерді, бөгеттерді және басқа мелиорациялық және гидротехникалық құрылыстарды салуға тиым салынады.
Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.12.2012 № 1607 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6. Жолдарда қозғалысты шектеу немесе тоқтату
33. Жол органдары жол полициясымен және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, экстремальды жағдайларда (қолайсыз ауа райы-климаттық жағдай, дүлей апаттар, өрт, автомобиль жолдарының көтергіш қабілетінің жоғалуы), сондай-ақ жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргізілген кезде ол туралы жергілікті атқарушы органдарды және тиісті жол белгілерін орната отырып, автомобиль жолдарын пайдаланушыларды хабардар ете отырып, көлік құралдарының қозғалысын шектейді немесе тоқтатады.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.02 № 761(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
34. Жол қозғалысына қатысушылар үшін авариялық жағдай тудыратын және олар туындаған кезде жолдар бойынша жүруді шектеу немесе қысқа мерзімге жабу талап етілетін қолайсыз ауа райы-климаттық жағдайлар мынадай көрсеткіштермен сипатталады:
1) шыны тәрізді жұқа қабыршақты мұз түріндегі көктайғақ;
2) көрінудің 50 метрге дейін төмендеуі кезіндегі тұмандар;
3) орташа жылдамдығы секундына 20 метр және екпіні секундына 25 метр және одан астам күшті жанама және дауылды желдер;
4) жылдамдығы секундына кемінде 15 метр қатты жел соғатын, үлкен қар массасын үйетін, көру қашықтығын 50 метрге дейін төмендететін боран (құйындар, борандар, қарлы борандар);
5) жауын-шашынның түсу қарқындылығы сағатына 1,5 мм астам күшті қар жаууы;
6) қар көшкінінің, көшкіннің, сел және су ағындарының көшуі.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.02 № 761(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
35. Қозғалысты шектеу немесе қысқа уақытқа тоқтату үшін күшті жел көтерілетіні туралы Ескертулердің, күн сайынғы ауа райы жөніндегі болжамдардың деректері, қар көшкіні немесе оның алдын алу мақсатында үйінді жіберілетіні, жолдың және жол құрылыстарының бұзылуы жөніндегі Ескерту негіз болады.
36. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.07.02 № 761 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
37. Жол конструкцияларының жүк көтеру қабілеті төмендеген немесе олардың бүлінуі қаупі жағдайында жол органдары не ол учаскелерде қозғалысты тоқтатады не біліктегі салмағын шектеу белгілерін орнатады. Жүк көтеру қабілетін төмендететін ақауы бар жасанды құрылыстарға автомобильдің массасын немесе біліктегі салмақты шектейтін белгілер қойылады. Бұзылу қаупі төнген жағдайларда қозғалыс тоқтатылады.
Қозғалысты шектеу немесе тоқтату үшін жүк көтеру қабілетіне сынақтар және тиісті құзыретті ұйымдардың қорытындылары негіз болады.
38. Жүк көтеру қабілетінің жойылуына байланысты қозғалыс тоқтатылған немесе шектелген жол учаскелерінде шұғыл тасымалдар, тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралының иесі бұзылуын жоюға және жолдың жүк көтеру қабілетін қалпына келтіруге жұмсалған шығынды толық өтеуі шартымен ғана, жол органдарының және автомобиль жолдарын басқарушылардың рұқсаты бойынша жүргізілуі мүмкін. Бұлардың қатарына метеорологиялық құбылыстар мен төтенше жағдайлардың зардабын жою үшін қажетті тасымалдар жатпайды.
Ескерту. 38-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.01.16. N 30 қаулысымен.
39. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қозғалысты шектеу және тоқтату жұмыс жүргізілетін жерлерде қозғалысты ұйымдастыру жөніндегі қолданылып жүрген нұсқаулықтарға сәйкес жол органдарымен келісім бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 39-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.07.02 № 761 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
40- 41. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.07.02 № 761 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
42. Жұмыстар жүргізілетін жерлерде жол белгілерін, қоршауларды және басқа техникалық құралдарды жұмыс жүргізу кезінде жол қозғалысының қауіпсіздігі үшін жауаптылықта болатын жұмыстарды жүргізуші ұйым орнатады.
43. Жөндеу жұмыстарын жүргізген ұйым жұмыс аяқталғаннан кейін барлық механизмдерді, материалдарды, уақытша белгілерді, конустарды, кедергілерді жинап алады, жолдардың жол жамылғысын және инженерлік жайластырылуын қалпына келтіреді.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.02 № 761(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
44. Бұқаралық және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде жолдарда қозғалысты шектеу немесе тоқтату туралы шешімді жол полициясының бөлімшелері қабылдайды.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.12.2012 № 1607 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
7. Автомобиль жолдары пайдаланудың тәртібін
бұзғаны үшін жауапкершілік
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.01.16. N 30 қаулысымен .
45. Жол органдары, лауазымды тұлғалар, азаматтар және басқа да автомобиль жолдарын пайдаланушылар осы Тәртіптің талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
46. Жолдың немесе жолдың жолақ бөлігінің шегінде жұмыс жүргізуші ұйымдар мен азаматтар жол органдарымен келісілген техникалық шарттары мен жұмыс мерзімдерін сақтамағаны, сондай-ақ жұмыс жүргізу аймағында да, уақытша кіретін және шығатын жерлерде де қозғалыстың қауіпсіздігін сақтамағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен жауапты болады.
Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.12.2012 № 1607 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
47. Өз бетімен автомобиль жолдарының жанасу және қиылысу орындарын жасаған, автомобиль жолдарының, құрылыстарының және жайластыру құралдарының бүлінуіне жол берген, сондай-ақ өз бетімен жұмыс жасауға, құрылыстар салуға және орнатуға жол берген ұйымдар мен азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жол шаруашылығына келтірген материалдық залалды өтейді. Автомобиль жолдарының жолақ бөлігіне рұқсатсыз құрылыс салу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оны жүзеге асырған тұлғаның бұзуына не оның есебінен бұзуға жатады.
Осы тармаққа сәйкес жол шаруашылығына келтірілген залалы өтеу есебіне алынған қаражат автомобиль жолдарының маңыздылығына байланысты тиiстi бюджетке есептеледі.
Ескерту. 47- тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.01.16. N 30 қаулысымен .
48. Жолдың жолақ бөлігін және бақыланатын аймағын өз бетімен пайдалану, оларды заңсыз пайдаланған кезіндегі жұмсалған шығындары өтелместен тоқтатылады.
49. Жолдың жолақ бөлігіндегі ағаштарды және басқа да жасыл желектерді кескені және зақымдағаны үшін кінәлілер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
50. <*>
Ескерту. 50-тармақ алып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003.01.16. N 30 қаулысымен .
Қазақстан Республикасының
аумағында автомобиль жолдарын
пайдаланудың тәртібіне
1-қосымша
Ескерту. Тәртіп 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 10.06.2013 № 591 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрлігі
Автомобиль жолдары комитетінің
_____________ облыстық департаменті
_____________________________________________________
(басшының Т.А.Ә.)
_____________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. не
_____________________________________________________
заңды тұлғаның толық атауы)
_____________________________________________________
(жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын
_____________________________________________________
куәландыратын құжаттардың деректемелері
_____________________________________________________
байланыс телефоны, мекенжайы)
ӨТІНІШ
Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының
арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай
құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және темір жолдармен
және басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен
қиылысуына техникалық шартты беруіңізді сұраймын.
Мен жолдар мен жол құрылыстарын қалпына келтіру бойынша
жұмыстардың қаржыландырылуын қамтамасыз етуге міндеттенемін.
Егер жұмыстар елді мекендердің шегінде көзделетін болса:
Құжат – _______________________________________________________
(күні) (рұқсатты берген органның атауы)
берілген жергілікті атқарушы органдардың № _______ рұқсаты.
Күні _______ Алушы _____________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе
_____________________________________________
заңды тұлғаның не
_____________________________________________
уәкілетті тұлғаның атауы, қолы)
Қазақстан Республикасының
аумағында автомобиль жолдарын
пайдаланудың тәртібіне
2-қосымша
Ескерту. Тәртіп 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 10.06.2013 № 591 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрлігі
Автомобиль жолдары комитетінің
_____________ облыстық департаменті
_____________________________________________________
(басшының Т.А.Ә.)
_____________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. не
_____________________________________________________
заңды тұлғаның толық атауы)
_____________________________________________________
(жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын
_____________________________________________________
куәландыратын құжаттардың деректемелері
_____________________________________________________
байланыс телефоны, мекенжайы)
ӨТІНІШ
Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан
шығатын жерлер мен жүктерді тиеуге және түсіруге арналған алаңдар
орнатуға техникалық шартты беруді сұраймын.
Автомобиль жолының титулы (атауы) ____________________________,
Жүргізілетін жұмыс түрі ______________________________________,
Мекенжайы ____________________________________________________.
Күні _______ Алушы _____________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе
_____________________________________________
заңды тұлғаның не
_____________________________________________
уәкілетті тұлғаның атауы, қолы)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
5 қыркүйектегі
N 845 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында мемлекеттік
ақылы автомобиль жолдарын құрудың және пайдаланудың
ТӘРТІБІ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртіп мемлекеттік ақылы автомобиль жолдарын құрудың: ақылы жаңа автомобиль жолдарын, көпірлерді және басқа да құрылыстарды (бұдан әрі - автомобиль жолдары) салуды ұйымдастырудың; бар автомобиль жолдарын қайта жаңартудың немесе жөндеудің (бұдан әрі - қайта жаңарту), сондай-ақ оларды басқару мен пайдаланудың тәртібін белгілейді.
2. Жүргені үшін ақы алынатын автомобиль жолдары ақылы автомобиль жолдары болып табылады.
3. Ақылы автомобиль жолдары мемлекеттің меншігі болып табылады. Ақылы жолдарды құру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне уәкілетті автомобиль жолдарын мемлекеттік басқару органы енгізеді.
4. Мемлекет ақылы автомобиль жолын уәкілетті органның тұрғысында шарт жасау арқылы автомобиль жолдарын пайдалануды жүзеге асыруға құқығы бар меншіктің түрлі нысандарындағы ұйымдарға 30 жылға дейін мерзімге ұзақ мерзімді пайдалануға беруі мүмкін. Шарттың нақты мерзімі жолды құруға жұмсалған барлық қаражаттың қайтарылуы тиіс екендігі принципі негізінде белгіленеді.
2. Ақылы автомобиль жолдарын құру
туралы шешім қабылдау
5. Республикалық маңызы бар ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын құру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Стратегиялық талдау және реформалар жөніндегі агенттігімен келісім бойынша Көлік және коммуникациялар министрлігі, ал жергілікті маңызы барларды - облыстардың әкімдері әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Ұсыныс жолдардың (учаскелердің) тізбесін, олардың ұзындығын, салудың, қайта жаңартудың мерзімдерін және қаржыландыру көздерін қамтиды.
6. Мемлекеттік ақылы автомобиль жолдарын құру шарттары мыналар болып табылады:
жол қозғалысының қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін шаралар кешені жүргізілетін бағытта жалпы пайдаланылатын автомобиль жолымен жүруді қамтамасыз ету;
ақылы автомобиль жолында көлік пайдалану жағдайының деңгейі мен жол қозғалысына қатысушыларға көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру.
7. Ақылы мемлекеттік автомобиль жолын салуды (қайта жаңартуды), пайдалануды неғұрлым тиімді жүзеге асыруға және салынған қаржының қайтарылымдығын қамтамасыз етуге қабілетті ұйымдарды (жеке тұлғаларды) таңдап алу мақсатында конкурс өткізіледі.
Конкурсты өткізу туралы ережені Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігімен және Қаржы министрлігімен келісім бойынша Көлік және коммуникациялар министрлігі бекітеді.
8. Республикалық маңызы бар ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын жасауға және пайдалануға арналған шарттарды Көлік және коммуникациялар министрлігі, жергілікті маңызы барларды - Көлік және коммуникациялар министрлігімен келісім бойынша облыс әкімі жасасады.
Ақылы автомобиль жолдарының жасалуына және пайдаланылуына бақылау жасауды жасасылған шарттарға сәйкес мемлекеттік жол органдары жүзеге асырады.
3. Ақылы автомобиль жолдарын салуды
(қайта жаңартуды) және пайдалануды қаржыландыру
9. Ақылы автомобиль жолдарын құруды қаржыландыру мына көздеудің:
Жол қорының;
мемлекеттік инвестициялардың;
мемлекеттің кепілдігімен сатуға шығарылатын заемдар мен облигациялардың;
жолдар мен көпірлерді салуға, қайта жаңартуға немесе күрделі жөндеуге мүдделі аудандар беретін жәрдемақылардың;
мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қаражатының;
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында тыйым
салынбаған басқа да көздердің есебінен жүзеге асырылады.
10. Ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын пайдалануды қаржыландыру тиісті Жол қоры мен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздердің есебінен жүзеге асырылады.
4. Жүргені үшін ақы алу және жиналатын
қаржыны пайдалану
11. Республикалық маңызы бар ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүруге арналған ақының мөлшерін (ставкасын) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігімен келісім бойынша, ал жергілікті маңызы бар жолдар бойынша - облыс әкімдерімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі белгілейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
12. Ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүруге арналған ақы осы жолдармен жүруді жүзеге асыратын көлік құралының иелерінен (пайдаланушыларынан) алынады.
13. Ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүру үшін ақы енгізуді Қазақстан Республикасы және басқа мемлекеттер көлік құралдарының иелері (пайдаланушыларымен) ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарына кірген кезде ұлттық валюта - теңгемен жүргізеді. Көлік құралдарының жолда жүруі үшін ақыны қолма-қол ақша аударып есептеу бойынша қабылдауға рұқсат етіледі.
14. Ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүру үшін төлем ақыны, жүргені үшін ақы жинау пункттерінде, ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын пайдалануды жүзеге асыратын ұйым алады.
Көлік құралдарының жүргені үшін ақы жинау пункттері арнайы құралдармен (шлагбаум, еске сақтау мүмкіндігі бар кассалық аппарат орнатуға арналған бөлме ақша сақталатын сейф және басқалар) жабдықталады.
15. Ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүру үшін алынатын ақша, күн сайын есепке алыну үшін, жолдың маңыздылығына қарай республикалық немесе облыстық Жол қорына өткізіледі және Қазынашылық органдарының тиісті банктік шоттарына жинақталады.
16. Ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүру үшін ақы алуды қамтамасыз ету, ақылы автомобиль жолына кіреберісінде жүру мен ақы төлеу тәртібі туралы ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және аталған жолдардың жоғары тұтыну сапасын жасау үшін жауапкершілік осы жолдарды басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға жүктеледі.
17. Мемлекеттік ақылы автомобиль жолдарымен жүруі үшін белгіленген ставкаларға сәйкес жиналатын қаражат Жол қорына түседі және одан:
қарыздар бойынша, заем бойынша проценттерді өтеуге, облигацияларды өтеуге және ақылы автомобиль жолын салуға, қайта жаңартуға жұмсалған қаражатты өтеуге (мемлекетке, жергілікті бюджеттерге және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға);
ақылы автомобиль жолдарын ұстауға және жөндеуге;
ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын салуға және пайдалануға жасалған шарттар бойынша шығыстарға жұмсалады.
5. Ақылы автомобиль жолдарын жобалауға, салуға
(қайта жаңартуға) және пайдалануға қойылатын талаптар
18. Салынатын және қайта жаңартылатын ақылы автомобиль жолдары қойылатын параметрлері мен жайластырылуының деңгейі бойынша Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген нормативтік құжаттардың талаптарына және халықаралық автомобиль жолдарына қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс.
19. Ақылы жолдарда автомобиль көлігінің неғұрлым аз кідіруін қамтамасыз ететін жүру ақысын төлеуге арналған арналы құрылғылар көзделуі тиіс.
20. Ақылы автомобиль жолдарын салу (қайта жаңарту) кезінде орындаушы жүргізілетін жұмыс сапасын бақылауға қосымша Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі тарапынан сапаны инспекциялық бақылау жүзеге асырылады. Оны жүргізудің тәртібі мен инспекторлардың құқықтары шартпен айқындалады.
21. Пайдалану кезеңінде және шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін жолдың көлік пайдалану көрсеткіштері осы сыныптағы жолдарға жол саласында қолданылып құжаттарда қойылған талаптарға сәйкес келуі тиіс. Жолдардың көрсеткіштеріне бақылау жасауды Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
5 қыркүйектегі
845 қаулысымен
бекітілген
Достарыңызбен бөлісу: |