-
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
-
Осы ұжымдық келісім-шарт Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Кәсіподақ туралы» Заңына сәйкес дайындалған және оның ішінде:
Бірінші тараптан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атынан (мәтінде бұдан әрі – «Кәсіпорын») қазіргі Жарғы негізінде Ректор А.Ақанов, және
екінші тараптан Кәсіпорынның еңбек ұжымы қызметкерлерінің атынан С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Кәсіподақ қызметкері (бұдан әрі – «Кәсіподақ») У.М.Датхаев, бұдан әрі «Тараптар» бірге, жекелеген немесе жоғарыда көрсетілгендей «Тараптар».
-
Осы Келісім-шарт мақсатын анықтауда «еңбек ұжымы» дегеніміз Кәсіпорынмен жасасқан еңбек келісім-шарт негізінде еңбек қатынасына түскен жұмыскерлер ұжымы болып табылады.
Кәсіпорын азаматтық-құқықтық шарт негізінде немесе өзге келісім тәртібі негізінде орындалатын жұмысты (қызметті) жүзеге асыратын тұлғалар еңбек ұжымы құрамына енбейді.
-
Осы ұжымдық келісім-шарттың орындалуы және еңбек шарттары мен жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында Кәсіпорын еңбек құқығы нормаларын құрайтын ішкі нормативтік актілерді қабылдай алады. Кәсіпорынның ішкі нормативтік актілері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және Осы келісім-шартпен салыстырғанда жұмысшылардың жағдайын төмендетпеуі тиіс.
-
КЕЛІСІМ-ШАРТТЫҢ ПӘНІ
-
Осы еңбек келісім-шарт және Кәсіпорын мен жұмысшылар арасындағы еңбек, әлеуметтік-экономикалық және кәсіби қарым-қатынасты реттеуші Тараптардың өзара мүдделерінің қиысуына негізделген құқықтық акті болып табылады.
-
Осы келісім-шарттың пәніне заңнамамен салыстырғанда кәсіпорынның жұмысшыларға ұсынатын еңбек жағдайы мен оның төлемақысы, кепілдігі мен жеңілдігі туралы қосымша ереже жатады.
-
Сонымен қатар Осы келісім-шартта Кәсіпорын жұмысшылар үшін ерекше мәні бар Еңбек туралы заңнаманың негізгі ережелері келтіріледі.
-
Төмендегі құжаттар мен шарттар, осы келісім-шартта көрсетілгендей оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтсақ:
-
Осы келісім-шарт;
-
Ішкі еңбек тәртібінің ережесі (Келісім-шартқа №1 қосымша);
-
РМК «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіндегі» қосымша үстемақы төленетін, жұмыс ұзақтығын қысқартатын және жыл сайын қосымша төленетін еңбек демалысын ұсынатын ауыр, зиянды (ерекше зиянды) және қауіпсіз жағдайда жұмыс істейтін құрылымдық бөлімше, кәсіп пен лауазымдардың тізімі, жұмыстардың тізімдемесі (Келісім-шартқа қосымша).
-
Еңбек келісім-шартының типтік формасы (Келісім-шартқа №3 қосымша);
-
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өндірістік тазалық, жұмысшыларға қауіпсіз еңбек жағдайын жасау шараларының жоспары (Келісім-шартқа №4 қосымша).
-
КЕЛІСІМ-ШАРТТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
-
Осы келісім-шарттың мақсаты:
-
Кәсіпорын жұмысшылар мүдделері мен еңбек ету құқығына кепілдік;
-
Қазақстан Республикасының еңбек заңына қосымша Кәсіпорын жұмысшыларының құқықтық нормаларын сақтау және әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту;
-
Жергілікті еңбек қатынастарын реттеу және Кәсіпорынды басқаруға қатысты жұмысшылар құқығын жүзеге асыру;
-
Кәсіпорын жұмысшыларының әлеуметтік-экономикалық мүдделерін және Кәсіпорын жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін Кәсіпорын әкімшілігі қызметінің үйлесуі;
-
Кәсіпорын және мекеме жұмысшыларының өкілі арасындағы әлеуметтік серіктестік формалары мен ұстанымдарын жетілдіру;
-
Келісім-шарт заңнама нормаларын, тараптар өкілінің өкілеттігін, таңдау еркіндігін, оның мазмұнын құрайтын мәселелерді талқылау және шешу, қабылданған міндеттемені орындау шынайылығын сақтау негізінде тең құқылы Тараптар дайындады.
-
Тараптар осы келісім-шартта көрсетілген міндеттерді орындау және оның өкілдерінің міндеттерді орындамау жауапкершілігін растайды.
-
КЕЛІСІМ-ШАРТТЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
-
Осы келісім-шарттың 01.01.2013 жылдан бастап 31.12.2015 дейін жарамдылық күші бар.
-
Келісім-шарт Кәсіпорын қайта құрылғанға (қосылғанға, біріктірілгенге, бөлінгенге, қайта құрылғанға ) дейін жарамды.
-
Кәсіпорын мүлкінің меншік иесі ауысқан жағдайда жарамдылығы үш ай мерзімге сақталады.
Осы мерзімде Тараптар жаңа ұжымдық келісім-шарт жасау туралы келіссөз бастауға немесе сақтауға, осы келісім-шартқа қосымша қосуға және өзгерту енгізуге құқылы.
-
Осы келісім-шарт Кәсіпорын жойылған, банкрот жариялаған сәттен бастап Кәсіпорын жұмысшыларымен еңбек келісім-шартын тоқтатылған соң күшін жояды.
-
Келісім-шарттың күші Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің, филиалдарын қосқанда, өкіл және жекелеген құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ, Кәсіпорынның барлық санаттағы жұмысшыларына толық мөлшерде таратылады.
-
КӘСІПОДАҚ МӘРТЕБЕСІ, КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ КЕПІЛДІКТЕРІ
-
Кәсіподақ Кәсіпорын жұмысшыларының еңбек ұжымының әлеуметтік-кәсіби мүддесін жүзеге асырады және өкілетті орган болып табылады, Кәсіпорынмен өзара қарым-қатынастағы еңбек ұжымының біртұтас өкілетті өкілі және Осы келісім-шарт Қазақстан Республикасының заң күші бар заңнамасында белгіленген өкілеттілік шегінде әрекет етеді.
-
Осы келісім-шарт еңбек ұжымының Кәсіподаққа Кәсіпорынмен өзара қарым-қатынаста өз мүдделерін еңбекақыға байланысты келіссөздерде, Кәсіпорын жұмысшыларын қызметтен босатуда, барлық ұжымға қалыпты әрекет етуде еңбек жағдайын тиімді жасау үшін, сондай-ақ, еңбек саласындағы мәселелер мен басқа да әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастағы еңбекке байланысты дайындалады және жасалады.
-
Кәсіподақ оқу үдерісіндегі Кәсіпорынның ғылыми-өндірістік қызметі пен әлеуметтік саясатындағы ортақ мақсатты жүзеге асыруда өз жауапкершілігін мойындайды және Кәсіпорын қызметінің жоспарларын өмірде іске асыруға өз жұмысын бағыттайды.
-
Кәсіподақ мүшелері Кәсіподақ тарапынан заңдық, материалдық және моральдық тұрғыдан қорғалады. Сайланылған кәсіподақ жұмысшылары сайлау кәсіпорганының келісімінсіз жұмыстан шығарылмайды.
-
Кәсіподақ мүшелері конференция, пленум, съезге делегаттардың құрамында қатысса, сондай-ақ, кәсіподақтық оқу кезеңінде негізгі жұмыс орнындағы орташа жалақысы сақталады.
-
Кәсіпорын әкімшілігі Кәсіподақ ғимаратын, кеңсе жиһазын, ұйымдастырушы техника, қалалық және қалааралық байланыс құралдарын, Интернетті тегін қолдануға мүмкіндік жасайды.
-
ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МІНДЕТІ
-
Еңбек қарым-қатынасы үдерісіндегі тараптардың міндеттері мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдық күші бар заңнамасымен, Осы келісім-шарт, еңбек келісім-шарты және Кәсіпорынның өкілеттілігі шегінде шығарылған ішкі нормативтік актілерімен реттеледі.
-
Тараптардың өзара міндеттемесі
-
Кәсіпорын және Кәсіподақ қызметі біріге отырып Осы келісім-шарттағы талаптарды қатаң сақтауға міндеттенеді және төмендегілерді мойындайды:
-
Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерінің басымдығын;
-
әр Тараптың құқығы мен өкілеттілігін;
-
өз міндеттемесін орындаудағы ұқыптылық;
-
жұмысшылардың әлеуметтік кепілдігінің бекітілген заңнамасын сақтау және орындау;
-
Кәсіпорын және Кәсіподақ әлеуметтік серіктестікті ынтымақтастықтың қажетті формасы және талаптарды қалыптастырудың элементі ретінде мойындайды, әлеуметтік даулардың алдын алуға немесе реттеуге, ұжымда әлеуметтік келісім мен әлеуметтік бейбітшілікті қалыптастырады, жұмысшылар мен Кәсіпорын әкімшілігі арасындағы әлеуметтік еңбек қарым-қатынасы түрлерінің өркениетті формаларын бекітеді.
-
Кәсіпорын мен Кәсіподақ Қазақстан Республикасының заңнамасына негізделген Кәсіпорын қызметінің барлық бағыттары бойынша және әлеуметтік серіктестікті жетілдіруде бірлесе жұмыс жасау мен дамытуды қажет деп санайды.
-
Кәсіпорын мен Кәсіподақ жұмысшылардың еңбек жағдайын, оқу және демалыс шараларын жақсарту бағытында өзара қолдау көрсетеді.
-
Кәсіпорын мен Кәсіподақ жұмысшыларына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Кәсіпорынның қолма-қол қаражатына байланысты Кәсіпорын Кәсіподаққа бөлінген қаражат көлемі бойынша келісуі мүмкін.
-
Кәсіподақ құқықтары:
-
Еңбек заңнамасын сақтауға және Осы келісім-шарттың орындалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады, Кәсіпорын әкімшілігінен айқындалған тәртіп бұзушылықтарды жоюға ұсыныс енгізеді және соған қол жеткізеді.
-
Әкімшілік пен Кәсіпорын жұмысшылары арасында туындаған мәселелер бойынша жұмысшылар мүддесін қорғайтын өкілетті өкілі болады.
-
Кәсіпорындағы еңбекақы жүйесін қайта құруға қатысады.
-
Кәсіподақ міндеттенеді:
-
Осы келісім-шарттың және заңдық күші бар еңбек заңнамасына сәйкес жұмысшылар мүддесін қорғау, бекітілген әлеуметтік кепілдікті орындау тұрғысынан жұмысшылар құқығы мен мүддесін шектеуге жол берілмейді.
-
Кәсіпорындағы еңбек заңнамасының нормаларын сақтау, Кәсіпорын жұмысшыларына заңнама мен келісім-шарт ұсынған еңбек, әлеуметтік және басқа да құқықтары, кепілдігі мен жеңілдігін Кәсіпорын әкімшілігінің сақтауына қоғамдық бақылау жүргізеді.
-
Кәсіподақ мүшелеріне еңбек заңнамасының мәселелері бойынша тегін кеңес беру және сәйкес құқықтық көмек көрсетеді.
-
Кәсіпорын әкімшілігі еңбек дауларын қарастыратын келісім комиссиясының жұмысын қамтамасыз етеді.
-
Кәсіпорын келісім комиссиясының еңбек дауларын шешуде әкімшілікпен бірге қарастырады.
-
Келісім-шартта көрсетілген міндеттемені орындауда ұжымдық еңбек дауларының алдын-алуға ықпалдасу.
-
Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбек тәртібін қамтамасыз ету, тиімді және белсенді шығармашылық, белсенділік пен еңбек тиімділігін арттыруға бағытталған тәрбиелік шараларды қолданады.
-
Келіссөз жүргізу үдерісі үшін ұжымдағы әлеуметтік қысымның алдын-алу мүмкіндігін пайдалану.
-
Кәсіподақ мүшелеріне қолдау көрсету және Кәсіпорын әкімшілігімен біріге отырып Кәсіпорында өткізілетін спорттық-сауықтыру жұмыстары мен мәдени-көпшілік шараларына қаражат бөлу.
-
Кәсіпорын әкімшілігін Кәсіподақ өткізетін өндірістік және оқу үдерісіне зиян келтірмейтін бұқаралық шаралар туралы мәлімет беру.
-
Әр жыл сайын 15 қаңтардан кешіктірмей еңбек ардагерлерінің есебін жүргізіп, оның тізімін Кәсіпорын әкімшілігіне өткізу.
-
Кәсіпорын әкімшілігіне Кәсіподақ мүшелерінің мерейтой күні туралы және сәйкесінше жәрдем ақы (немесе материалдық ) ұсынуға дайындық туралы мәлімет беру.
-
Кәсіподақ қаржысы есебінен зейнеткерлерге бөлінген жәрдем ақы, құттықтау хаттары мен сувенирлерді жеткізіп беруді қамтамасыз ету.
-
Жыл сайын жұмысшылар мен зейнеткерлерді құттықтау үшін ұйымдастырылатын жаңа жылдық сыйлықтарды сатып алуға қаражат бөлу (Кәсіподақ мүшелеріне тегін бір сыйлық және олардың мектеп жасындағы балаларына)
-
Кәсіпорын жұмысшысы Кәсіподақтан мүмкіндігі шегінде жәрдем, Кәсіподақ есебінен бөлінетін материалдық көмек сұрайды.
-
Келісім-шарттың орындалу нәтижесі туралы Кәсіподақ мүшелеріне мәлімет беру.
-
Осы келісім-шарт пен заңдық күші бар заңнамада қарастырылған басқа да міндеттемелерді орындау.
-
Кәсіпорын құқығы:
-
Кәсіпорыннан бөлінген қаражатты бөлу жөнінде және Кәсіпорын жұмысшыларына әлеуметтік-экономикалық қолдау аясында Кәсіподақ қызметі туралы толық және шынайы ақпарат беруді Кәсіподақтан талап ете алады.
-
Кәсіпорын жұмысшыларының Кәсіподақтағы мүшелілігі туралы ақпарат беруді Кәсіподақтан талап ету.
-
Кәсіпорын міндеттенеді:
-
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, Осы келісім-шартты, Кәсіпорын жұмысшыларымен жасалынған еңбек келісім-шарт талаптарын сақтау.
-
Осы келісім-шарт және заңдық күші бар заңнама шарттарына сәйкес Кәсіпорын жұмысшылары мен Кәсіподақ құқығын қорғау.
-
Еңбек қорғауды кешенді басқару, айқындалған тәртіп бұзушылықтарды өз уақытында жою шараларын қолдану.
-
Жұмыс орындарын экономикалық және әлеуметтік негізсіз қысқартуға жол бермеу.
-
Кәсіпорынның жойылу, қайта ұйымдастырылып, қайта құрылған жағдайда жұмысшылардың жұмыстан шығарылуы мүмкін болған жағдайда жұмысшы мүддесі мен құқығын сақтау жөнінде келіссөз жүргізу немесе бір ай бұрын жазбаша түрде Кәсіподаққа ескерту.
-
Кәсіподаққа Кәсіпорынның еңбек қатынастары саласында болжанған өзгерістері мен олардың орындалу барысы туралы жоспарлары мен тапсырмалары туралы мәлімет беру.
-
Кәсіпорындағы еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін Кәсіподаққа беру.
-
Қабылданатын жұмысшыны еңбек келісім-шартындағы мәселелер бойынша және Кәсіподақтағы мүшелілігін анықтау үшін Кәсіподақ төрағасынан кеңес алуға жіберу.
-
Кәсіподақ мүшесі болып табылатын жұмысшылардың жалақысынан кәсіподақ жарнасын Кәсіпорын бухгалтериясы арқылы Кәсіподақтың есеп-шотына аудару.
-
Қазақстан Республикасының заңдық күші бар заңнамасы, Еңбек келісім-шарты, Кәсіпорынның өкілеттілігі шегінде шығарылған ішкі нормативтік актілері мен Ішкі еңбек тәртібі ережелері Кәсіпорын жұмысшыларының құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
-
ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ
ЕТУ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
-
Жұмысқа қабылдау тәртібі, жұмысшыларды ауыстыру, жұмысшылармен еңбек келісім-шартын бұзу Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, заңдарына және мемлекеттік медициналық білім беру ұйымдарының қызметін реттеуші басқа да құқықтық нормативтік актілеріне, Кәсіпорын Жарғысына, Осы келісім-шарт пен Кәсіпорынның ішкі нормативтік актілеріне негізделіп реттеледі,
-
Педагогикалық жұмысшылардың мәртебесі.
-
Педагогикалық жұмысшылар қатарына оқу мен тәрбиеге ісіне байланысты, білім беру ісімен айналысатын тұлғалар жатады.
-
Педагогикалық жұмысшылар мен оған теңдестірілетін тұлғалардың лауазымдық тізімдемесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
-
Педагогикалық жұмысшылар Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарында азаматтық қызметкерлер болып табылады <Заңның 50 бабы>.
-
Еңбек келісім-шартын жасау
-
Тараптардың еңбек қатынастары заңдық күші бар еңбек заңнамасына сәйкес жазбаша еңбек келісім-шарты әр бір жұмысшымен жеке жасалады.
-
Еңбек келісім-шарты типтік формаға сай жасалады (№ 3 шартқа қосымша) екі данадан кем емес және Тараптардың қолы қойылады. Еңбек келісім-шарты жұмысшыда және Кәсіпорын әкімшілігінде бір данадан сақталады. Еңбек келісім-шартының Жұмысшыға берілетін данасы жазбаша түрде расталады.
-
Кәсіпорынның ішкі нормативтік актілері, заңдық күші бар заңнамамен анықталған тәртіп жағдайында еңбек келісім-шарттарын жасау рәсіміне дейін төмендегідей процедуралар жасалады:
-
лауазымға таңдалу (сайлану);
-
конкурс бойынша сәйкес келетін лауазымға уақытша таңдалу;
-
лауазымға тағайындалу немесе лауазымға бекітілу;
-
белгіленген квота есебінен заңды органдардың уәкілін жұмысқа жіберу;
-
еңбек келісім-шарты жасалғаны туралы сот шешімін шығару.
-
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңына сәйкес ғылыми-педагогикалық жұмысшылардың (профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми жұмысшылар) қызметке алынуы конкурстық негізде жүзеге асырылады.
-
Жұмысшының Кәсіпорынмен қосымша, әр түрлі оқу түрлері, ғылыми, сарапшылық және басқа да жұмыстардың орындалуы, соның ішінде мемлекеттік білім беру стандарттары мен бағдарламалар аясынан тыс оқытудың жаңа технолгояларын енгізу және дайындау туралы шарт жасауына құқы бар.
-
Денсаулық жағдайы бойынша басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
-
Қызметкер денсаулық жағдайы бойынша медициналық қорытындыда көрсетілген мерзімге неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауыстырылады. Тараптардың келісімімен қызметкердің бұрынғы жұмысы бойынша жалақысы сақталады.
-
Басқа жұмысқа ауысуы туралы ұсыныс 7 күн ішінде қаралады.
-
Еңбек жағдайының өзгеруіне байланысты қызметкер жұмысты жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда, қызметкермен еңбек шарты осы Кодекстің 59-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша тоқтатылады.
-
Еңбек келісім-шартына өзгертулер мен толықтырулар енгізу
-
Еңбек ету жағдайы өзгерген жағдайда еңбек келісім-шартына сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.
«Еңбек ету жағдайы» дегеніміз – жалақы келісімі, еңбекті нормалау, жұмыс уақыты мен демалыс режимі, кәсіпті (қызмет) қатар қолдану тәртібі, қызмет көрсету аймағын кеңейту, уақытша жұмыста жоқ жұмысшының міндетін атқару, еңбекті қорғау және қауіпсіздік жағдайы, техникалық, өндірістік-тұрмыстық жағдайы, сондай-ақ, басқа да еңбек жағдайы
-
Еңбек келісім-шартына өзгертулер мен толықтырулар енгізу, соның ішінде, басқа жұмысқа ауыстыру кезінде тараптар жазбаша түрде еңбек шартына қосымша келісім-шарт жасау арқылы жүзеге асырылады.
-
Кәсіпорын жұмысшысын еңбек келісім-шартында көрсетілмеген жұмысқа тарту тек қана оның келісімімен жасалған келісім-шарт негізінде (қызмет көрсету), еңбек келісім-шартына қосымша келісім және басқа да Қазақстан Республикасының заңдық күші бар заңнамасы рұқсат еткен жазбаша келісіммен ғана орындалады.
-
Қоса атқару.
-
Кәсіпорында жұмысшы мен Кәсіпорын арасында жасалған қоса атқару жөніндегі еңбек келісім-шарты негізінде қоса атқаруға рұқсат етіледі.
-
Қоса атқару түсінігі негізгі жұмысынан басқа бос уақытында еңбек келісім-шарты жағдайында басқа ақылы жұмысты орындауды білдіреді.
-
Еңбек келісім-шартында қоса атқарылатын жұмысы туралы қоса атқарылатын жұмыс екендігі міндетті түрде көрсетілуі керек.
-
Еңбек келісім-шартында қоса атқарылатын жұмысы туралы Еңбек кодексінің 54 бабында қарастырылғаннан басқа негізде Кәсіпорынның бастамасы бойынша қоса атқарылатын жұмыс негізгі болып табылса, жұмысшымен еңбек келісім-шартын жасасқан жағдайда бұзылуы мүмкін.
-
Қосымша жұмыс.
-
Еңбек келісім-шартында көрсетілгендей жұмысшы өзінің негізгі жұмысын орындау барысында, басқа лауазымдағы немесе уақытша жұмыста жоқ жұмысшының орнына өзінің негізгі жұмысынан босатылмастан қосымша жұмыс жөнінде жұмысшы мен Кәсіпорын арасында еңбек келісім-шартына қосымша келісім жасалады.
-
Қосымша жұмысы үшін қосымша ақы мөлшері (қызмет көрсету аясын кеңейту) немесе уақытша жұмыста жоқ жұмысшы міндетін атқару Кәсіпорын белгілеген жұмысшымен келісімі және қосымша келісімге сәйкес беріледі.
-
Еңбек келісім-шартының бұзылуы.
-
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 54 бабында көрсетілгендей Кәсіпорын бастамасы бойынша жұмысшымен негізгі еңбек келісім-шарты бұзылады.
-
Жұмыс орнын қысқарту қажет болғанда белгіленген тәртіп бойынша төмендегідей шаралар жасалады:
-
бос орынды жою, қосымша атқарылған жұмыс орны мен уақытша жұмыс жасайтын қызметкерлерді құрылымдық бөлімше жетекшісінің ұсынысы бойынша қысқарту жүргізіледі.
-
кәсіпті (лауазымды) қосымша және қоса атқаруға шектеу қойылады (шектеледі);
-
ұйымда тараптар орындайтын жұмыс көлемін қысқарту арқылы өз күшімен орындалатын жұмыс көлемін ұлғайту;
-
кәсіпорын ішінде жұмыстан босаған қызметкерлерді олардың білімі, біліктілік талаптарына сәйкес басқа бос жұмыс орнына ауыстыру.
-
Кәсіподақ мүшесі болып табылатын жұмысшылармен еңбек келісім-шартын бұзу (тоқтату) төмендегідей негізде болады:
-
жұмысшылар штатын қысқарту немесе санын қысқарту;
-
атқаратын жұмысқа лауазымы мен біліктілігі сәйкес болмауы салдарынан жұмысшыны жұмыстан босату;
-
Кәсіподақтың негізгі пікірі есебімен, еңбек жағдайының өзгеруіне байланысты жұмысшы жұмысын жалғастырудан бас тарту;
Кәсіпорын әкімшілігі Кәсіподақтың негізгі пікірін ескере отырып жоғарыда көрсетілген негізде жұмысшымен еңбек келісім-шартын бұзуда Кәсіпорын үшін міндетті немесе шешуші негіз бола алмайды. Кәсіподақтың негізгі пікірін алу үшін Кәсіпорын әкімшілігі Кәсіподаққа еңбек келісім-шартының бұзылуының негізі мен жұмысшының аты-жөні, лауазымы көрсетілген жазбаша сұранысы болғаны жөн.
Кәсіподақ түсірілген сұранысқа бес күнтізбелік күннен кем емес уақытта негізгі пікірді береді.
-
Кәсіпорын әкімшілігі жұмысшылар штаты мен санын қысқартуға байланысты еңбек келісім-шартын бұзуған жағдайда бір ай бұрын алдағы еңбек келісім-шартының бұзылуы туралы жұмысшыға жазбаша хабарлауға міндетті.
-
Жұмысшылар штаты мен қысқартулар санында біліктілігі жоғары және жұмыс өтілі бар жұмысшыларды жұмысқа қалдыруға айрықша құқық беріледі.
Басқа да тең жағдайларда жұмысқа қалдыруға айрықша құқық төмендегілерге беріледі:
-
Отбасылы тұлға – асырауында екі немесе одан көп асыраушысының болуы (жұмысшының толық асырауында немесе одан көмек күтетін еңбекке жарамсыз отбасы мүшесі);
-
Кәсіпорында еңбек зақымын немесе кәсіби науқас алған жұмысшы;
-
Кәсіпорын жолдамасы бойынша жұмыстан босатылмай біліктілігін көтерген жұмысшы;
-
Кәсіпорында кемінде 15 (он бес) жыл жұмыс атқарған, зейнеткерлік жасқа жетпеген тұлғалар (зейнеткерлікке екі жыл қалған);
-
16 жасқа толмаған анасы жоқ балаларды тәрбиелеуші әкелер мен тұлғалар (қамқоршы);
-
16 жасқа толмаған балалары бар жалғыз басты аналар.
-
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 54 бабы, 1 тармағы 1), 3), 18 – тармақшасында қарастырылған жағдайлардан басқа жағдайда анасыз балаларды тәрбиелеушілер санатына жатқызылған басқа тұлғалар, аяғы ауыр әйелдер, баласы үш жасқа толмаған әйелдер, жасы он төрт жасқа толмаған бала (он сегіз жасқа дейінгі науқас бала) тәрбиелеуші жалғыз басты аналардың еңбек келісім-шарты Кәсіпорын бастамасы бойынша бұзылмайды.
-
Еңбек келісім-шартының аяқталу мерзіміне бір күн қалған әйелдер жүктілігі он екі немесе одан жоғары мерзім екендігін растайтын медициналық қорытынды ұсынған жағдайда Кәсіпорын оның жазбаша өтінішін негізге ала отырып еңбек келісім-шарты мерзімін балаға қарау демалысыннан бастап үш жыл мерзімге ұзартуға міндетті.
-
Еңбек кодексінде белгіленгендей жұмысшымен еңбек келісім-шартын бұзу негіздерінен басқа азаматтық қызметкерлермен еңбек келісім-шарты бұзу үшін Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленгендей зейнеркерлік жасқа жету қосымша негіз болып табылады.
-
Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзудың қосымша негіздері болып Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 54 бабында көрсетілген негіздерден басқа, жұмысшы мен жұмыс беруші арасында негізгі жұмыс болып табылатын келісім шарт жасау болып табылады.
-
Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бұзылған жағдайда, өтемақы төлемі қолданылмаған еңбек демалыстары үшін беріледі.
-
ЕҢБЕКТІ НОРМАЛАУ, ЕҢБЕКАҚЫ ТҮРЛЕРІ МЕН ЖҮЙЕЛЕРІ
-
Еңбекті нормалау.
-
Жұмыс уақыты, демалыс уақыты, еңбек тәртібін қамсыздандыру шарттары және еңбек қатынасын реттеудің өзге де мәселелері қазіргі еңбек туралы заңнаманың нормалары мен осы Келісім-шарттың ережелерін ескере отырып, Ішкі тәртіп ережелерімен анықталады (Келісім-шарттың №1 қосымшасы).
-
Білім алушылардың оқу жүктемесі, сабақ режимі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің оқу жоспары мен ұсыныстары негізінде дайындалатын Кәсіпорын бекіткен ережемен анықталады.
-
Кәсіпорынның профессорлық-оқытушылық құрамының жылдық оқу жүктемесі жұмыс уақытының жылдық нормасы шеңберінде жасалып, Ғылыми кеңес қаулысы негізінде Кәсіпорын басшысымен бекітіледі.
-
Еңбекақы.
-
Кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбекақы жүйесі Еңбек кодексіне, Кәсіпорынның еңбекақы мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және ішкі нормативтік актілерге сәйкес құрылады.
-
Еңбекақы қорын құру мен бөлу тәртібі, еңбекақы түрлері мен өлшемдері, жалақы құрылымы, үстемелер мен ынталандыру сипатындағы іс-шаралардың қолданылу тәртібі Кәсіпорында бекітілген «Еңбекақы жүйесін ұйымдастыру туралы» Ережеге және Кәсіпорынды дамытуға бағытталған ішкі нормативтік актілерге сәйкес анықталады.
-
Кәсіпорын өз жұмыскерлерінің еңбек табысын көбейтуге ықпал ететін жағдай жасайды. Осы мақсатқа байланысты әкімшілік еңбек тиімділігін жоғарылатуға бағытталған бастамаларды қолдап, жұмыстың жаңа түрлерін енгізуге, қосымша жұмыс істеуге мүмкіндік жасайды.
-
Жұмыскер еңбекақысының барлық түрлерін төмендетуге әкелетін еңбекақының жаңа шарттарын енгізуге немесе еңбекақы шарттарын өзгертуге тек айрықша жағдайларда ғана жол беріледі: Кәсіпорында еңбекақы төлеуге қаражат жеткіліксіз болғанда еңбек заңнамасы нормаларын ескере отырып, өзгеріс енгенге дейін кем дегенде бір ай бұрын Кәсіподақ ұйымы алдын-ала хабарлауы тиіс.
-
Кәсіпорын жалақыны индексациялауды заңдық күші бар заңнамаға сәйкес жүзеге асыруды өз міндетіне алады.
-
ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫ МЕН ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
-
Кәсіпорын еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария бойынша, жұмыскерлердің еңбегі мен өміріне қауіпсіз жағдай жасау бойынша Қазақстан Республикасының заңдық күші бар заңнамасында қарастырылған іс-шаралардың жүзеге асырылуын толықтай өз міндеттемесіне алады.
-
Кәсіпорын міндетті:
-
Алдын-алу шараларын жүргізу, өндірістік құрал-жабдықтар мен технологиялық үдерістерді мейлінше қауіпсіз түрлерге ауыстыру арқылы қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, жұмыс орындары мен технологиялық үдерістердегі кез-келген қатерді жою бойынша шара қолдануға.
-
Еңбек қауіпсіздігін қорғау жөніндегі заңдық күші бар заңнамада қарастырылған ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралардың барлығын жүзеге асыруға.
-
Жұмыскерлерге зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайы мен кәсіби ауруға шалдығу мүмкіндігі жөнінде ескертуге.
-
Еңбек қауіпсіздігін қорғау бойынша ішкі бақылау жүргізуге, еңбекті қорғау мен гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге.
-
Кәсіпорындағы қауіпсіздік, еңбекті қорғау жағдайларын, Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау туралы заңнамасының сақталуын, сондай-ақ өндірістегі қайғылы оқиғалар мен кәсіби ауруға шалдығу жайлы істерді тексеретін еңбек жөніндегі өкілетті ұйымдардың қызметкерлері мен еңбек жөніндегі мемлекеттік өкілетті ұйымдардың территориялық бөлімшелеріне, еңбекті қорғау жөніндегі жұмыскерлер өкілі мен қоғам сақшыларына бөгет жасамауға.
-
Мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқауларын орындауға.
-
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, жұмыскерлердің қауіпсіз еңбегі мен өмірі жөніндегі Іс-шаралар жоспарын дер кезінде әрі толығымен орындауға (Келісім-шарттың №4 қосымшасы).
-
Еңбек жөніндегі өкілетті мемлекеттік ұйым мен оның территориялық бөлімшелерінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметкерлері мен жұмыскерлер өкілінің жазбаша сұранысы бойынша Кәсіпорындағы қауіпсіздік жағдайы, еңбекті қорғау туралы қажетті ақпараттарды беруге.
-
Еңбек міндеттерін орындау барысында Кәсіпорын жұмыскерлерінің денсаулығы мен өміріне төнген зиян үшін жауапкершілікті сақтандыруға.
-
Кәсіпорын құқылы:
-
Жұмыс орындарында тиімді еңбек жағдайын жасау және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау жөнінде пайдалы ұсыныстар бергені үшін жұмыскерлерді марапаттауға.
-
Еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау жөніндегі талаптарды бұзған жұмыскерлерді Еңбек кодексінде белгіленген тәртіпке сәйкес жұмыстан босатуға және тәртіпке шақыруға.
-
Жұмыскерлер құқығына кепілдік.
-
Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің жағдайы мемлекеттік стандарттардың талаптарына, еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау ережелеріне сай болуы тиіс.
-
Кәсіпорынның еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау бойынша талаптарды бұзуы салдарынан жұмыс тоқтатылған уақытта жұмыскердің жұмыс орны (қызметі) және орта мөлшердегі жалақысы сақталады.
-
Өз өмірі мен денсаулығына немесе айналасындағы адамдарға тікелей қауіп төнген жағдайда жұмыскер жұмыс істеуден бас тартса, оны тәртіпке шақыруға және/немесе материалды жауапкершілікке тартуға жол берілмейді.
-
Кәсіпорын тарапынан жұмыс жағдайына қойылатын нормативтік талаптар дөрекі түрде бұзылғанда, еңбек пен демалыстың белгіленген режимі, әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету нормалары бұзылғанда, жұмыскердің тиісті жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілмеуі салдарынан оның жұмысқа қабілеттілігіне (денсаулығына) шынайы қатер туындаған жағдайда, соңғысы анықталған бұзылыстарды жою жөнінде шара қолданылғанға дейін жұмысты орындаудан бас тартуға құқылы. Ал Кәсіпорын жұмыскердің орта есептік жалақысы мөлшерінде осыған байланысты туындаған зиянды өтеуге міндетті.
-
Жұмыскердің өмірі мен денсаулығына жұмыс барысында зиян келтірілсе, ол шеккен өндірістік залалдың өтемі Қазақстан Республикасы еңбек және азаматтық заңнамаларында қарастырылған тәртіптер мен шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
-
Тараптар Кәсіподақтың еңбек жағдайының еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігі жөніндегі кез- келген мемлекеттік сараптауға қатынасуға құқылы екендігін мойындайды. Сонымен қоса, ол жұмыскерлердің жұмысқа қабілеттілігіне (денсаулығына) еңбек жағдайының әсерін анықтау мақсатында өзінің тәуелсіз сараптамасын жүргізе алады. Бұл үшін оның мамандандырылған ұйымдар мен қажетті мамандарды сырттан шақыруға құқы бар. Кәсіподақ өзі жүргізген тәуелсіз сараптама қорытындысын өз ұсыныстары көрсетілген қаулымен бірге Кәсіпорын әкімшілігіне өткізеді.
-
Әйелдер мен бала тәрбиелеуші басқа да тұлғалардың еңбек жағдайы мен еңбекті қорғау.
-
Кәсіпорын жүкті әйелдер мен 3 (үш) жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді жұмыс уақыты жинақталып есептелетін, жұмыс ауысымының ұзақтығы 8 (сегіз) сағаттан асатын режимдегі жұмыстарға тартпауға міндетті.
-
Жүкті әйелдердің жұмыстан тыс уақытта медициналық тексеруден өтуі мүмкін болмаған жағдайда, Кәсіпорын олардың еңбекақысын сақтай отырып, осы мақсатта жұмыстан босатуға міндетті.
-
Ауыр жұмыстарда, зиянды (аса зиянды) және/немесе қауіпті еңбек жағдайындағы жұмыстарда әйел еңбегін қолдануға тыйым салынады. Әйел еңбегін қолдануға тыйым салынған жұмыстардың тізімін, әйелдердің ауыр жүкті көтеруі мен жеткізуінің шектеулі нормаларын денсаулық сақтау саласындағы өкілетті мемлекеттік ұйымдармен келісе отырып, еңбек жөніндегі өкілетті мемлекеттік ұйымдар анықтайды.
-
Кәсіпорын жүкті әйелдерді түнгі уақыттағы жұмысқа, демалыс, мереке күндеріндегі жұмысқа, жүктемеден тыс жұмысқа тартуға, іссапарға жөнелтуге, сондай-ақ оларды жыл сайынғы төленетін еңбек демалысынан шақыртып алуға құқылы емес.
-
Кәсіпорын
-
жеті жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді және жеті жасқа дейінгі балаларды анасыз тәрбиелеуші басқа да тұлғаларды;
-
медициналық қорытынды негізінде мүгедек балалары немесе ауру отбасы мүшесі ұдайы күтімді қажетсінетін жағдайда, ауру отбасы мүшесін немесе мүгедек балаларын күтуші жұмыскерді жазбаша келісімсіз түнгі уақыттағы жұмысқа, жүктемеден тыс жұмысқа, сондай-ақ вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға іссапармен жөнелтуге құқылы емес.
-
Бір жарым жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, бір жарым жасқа дейінгі балаларды анасыз тәрбиелеуші әкелерге (асырап алушыларға) демалыс пен тамақтануға бөлінген үзілістер мен ауысымішілік және арнайы үзілістерден тыс баланы (балаларды) тамақтандыру үшін сиректігі әрбір үш сағат сайын төмендегідей ұзақтықтағы қосымша үзілістер беріледі:
-
бір балалыға - әрбір үзіліс отыз минуттан кем емес;
-
екі немесе одан көп балалыларға - әрбір үзіліс бір сағаттан кем емес.
Баланы (балаларды) тамақтандыруға арналған үзілістер жұмыскер өтініші бойынша демалыс пен тамақтануға берілген үзіліске қосылады немесе үзіліс уақыттарының қосындысы жұмыс күнінің (ауысымның) басында не соңында өткізіледі.
Баланы (балаларды) тамақтандыруға жұмсалған үзілістер жұмыс уақытына кіреді. Үзіліс уақытында әйелдердің (әкелердің, асырап алушылардың) орташа жалақысы сақталады.
-
Кәсіпорын жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар әйелдің, үш жасқа дейінгі балаларды анасыз тәрбиелеуші әкенің, асырап алушының, сондай-ақ медициналық қорытындыға сәйкес ауру отбасы мүшесін күтуші жұмыскердің жазбаша арызы бойынша оларға толық емес жұмыс күні режимін ұсынады.
-
Кәсіпорын әкімшілігі медициналық қорытынды негізінде жүкті әйелді зиянды және/немесе қауіпті өндірістік факторлардың залалы болмайтын басқа жұмысқа орташа жалақысын сақтай отырып ауыстыруға міндетті.
-
Әйелдерді еңбек пен ана болуды үйлестіруге мүмкіндік жасайтын жағдаймен қамтамасыз ету үшін Кәсіпорын:
-
14 жасқа дейінгі балалары (16 жасқа дейінгі мүгедек балалары) бар әйелдерді олардың жазбаша өтініші бойынша түнгі ауысым кезекшілігінен босатуды;
-
8 жасқа дейінгі балалары бар әйелдердің жазбаша өтініші бойынша оларға жалақының сақталуынсыз айына 3 (үш) күнге дейін қосымша демалыс беруді
өз міндеттемесіне алады.
-
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша іс-шараларды қаржыландыру
-
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша іс-шараларды қаржыландыру Кәсіпорын қаражаты есебінен және Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынбаған өзге де көздер арқылы жүзеге асырылады
-
Кәсіпорын жұмыскерлерді шаруашылық жабдықтарымен, жуғыш заттармен және жеке қорғаныс құралдарымен дер кезінде қамтамасыз етеді. Жұмыскерлер бұл мақсатта шығын шекпейді.
-
Кәсіпорын Келісім-шарттың №2 және №4 Қосымшаларына сәйкес еңбек кепілдігі мен қорғанысын қамсыздандыру бойынша іс-шараларды өткізу үшін қалыптасқан тәртіп бойынша қаражат бөлінісін ұйымдастыруға міндетті.
-
ТАРАПТАРДЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
-
Осы Келісім-шарт орындалмағаны және/немесе тиісінше орындалмағаны үшін, сондай-ақ еңбек заңнамасының сақталмағаны үшін Кәсіпорын, Кәсіподақ пен Кәсіпорын жұмыскерлері осы Келісімге және Қазақстан Республикасының заңдық күші бар заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.
-
Еңбек келісімінің бір тарабын шығынға (зиян) ұшыратқан жағдайда екінші тарабы оны Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес сот шешімі негізінде, өз еркімен өтейді.
-
Кәсіпорынның материалдық жауапкершілігі.
-
Кәсіпорын жұмыскердің алдында төмендегілерге материалдық тұрғыдан жауапты:
-
жұмыскерді өз жұмыс орнында еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айыру арқылы зиян келтіргені үшін.
Жұмыскердің басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылуы, жұмыскерді жұмыс орнына өткізбеу, еңбек келісімінің біржақты өзгертілуі, жұмыстан шығару, еңбек келісімін негізсіз бұзу жағдайларында Кәсіпорын жұмыскерге тиісті еңбекақысын және өзге де тиесілі төлемдерін өтеуге міндетті;
-
жұмыскер мүлкіне зиян келтіргені үшін.
Кәсіпорын жұмыскер мүлкіне зиян келтірген жағдайда жұмыскер арыз жазған мерзімнен бастап 30 (отыз) күннің ішінде шығынды толығымен өтеуге міндетті. Келтірілген шығынның көлемі мен оның өтелу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдық күші бар заңнамасына сәйкес сот жүзінде тараптардың келісімге келуі арқылы анықталады;
-
жұмыскердің өмірі мен/немесе денсаулығына келтірілген зиян үшін.
Жұмыскер өмірі мен/немесе денсаулығына жұмыс барысында тигізілген залал үшін Кәсіпорын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көрсетілген мөлшерде шығынды өтеуге міндетті. Осы тармақта көрсетілген залал жұмыскердің сақтандыру төлемдері болмаған жағдайда толық көлемде өтеледі. Сақтандыру төлемі бар болған жағдайда Кәсіпорын сақтандыру сомасы мен шығынның нақты мөлшері арасындағы айырымды өтеуге міндетті. Жұмыскердің өмірі мен/немесе денсаулығына келтірілген зиян шығынын өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңымен белгіленеді.
-
Тараптар жұмыскер денсаулығына жұмыс барысында зиян келтірілген жағдайда Кәсіпорынның заңдық күші бар заңнамаға сәйкес зардап шегушіге шығынын өтеуімен қоса, айлық есеп көрсеткішінің 20 (жиырма) өлшемі көлемінде бір реттік жәрдемақы төлейтіндігі туралы келісімге келді. Айлық есеп көрсеткішінің өлшемі тиісті қаржылық жылдың республикалық бюджеті туралы заңымен белгіленген. Еңбек жарақаты салдарынан бұрынғы жұмысын орындай алмайтын жағдайда Кәсіпорын зардап шегушінің келісімімен оны МСЭК қорытындысына сәйкес жаңа мамандыққа оқыту міндетін өз мойнына алады. Оқу мерзімінде зардап шегушіге оның еңбек жарақаты салдарынан алатын зейнетақысына қарамастан, бұрынғы жұмысы бойынша орташа жалақы төленеді. Оқу ақылы болған жағдайда, шығынды Кәсіпорын өтейді.
-
Кәсіпорын жұмыскерлерінің материалдық жауапкершілігі.
-
Кәсіпорынның әрбір жұмыскері өзінің еңбек міндеттері мен Кәсіпорын алдындағы міндеттемелерінің орындалуы үшін дербес жауапкершілікке ие. Соның ішінде: өзіне сеніп тапсырылған материалдық құндылықтардың сақталуын, Кәсіпорынның қызметтік, коммерциялық құпиялары мен өзге аса құпия ақпараттарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша және басқа міндеттемелердің орындалуына жауапты.
-
Жұмыскер Кәсіпорын алдында төмендегілерге материалдық тұрғыдан жауапты:
-
кәсіпорын мүлкін шығынға ұшыратқаны немесе нұқсан келтіргені үшін;
-
жұмыскердің іс-әрекеті (бейқарекеті) нәтижесінде орын алған шығын үшін.
-
Жұмыскер Кәсіпорынға тигізген тікелей нақты зиянын өтеуге міндетті. Тікелей нақты зиян ретінде Кәсіпорынның ақшалай мүлкінің шынайы азаюы немесе көрсетілген мүлік жағдайының нашарлауы (соның ішінде, Кәсіпорын жауапкершілігіндегі үшінші тараптардың мүліктері), сонымен қоса Кәсіпорын үшін мүлікті сатып алуға немесе қалпына келтіруге шығын шығару немесе мөлшерден артық қаражат жұмсау айтылады.
-
Жұмыскер Кәсіпорынға келтірген шығыны үшін тек зиян түсініксіз жағдайда орын алғанда немесе өте үлкен қажеттілік туындағанда ғана, сонымен қоса Кәсіпорын жұмыскерге тапсырылған мүліктің сақталуына тиісті жағдай жасамағанда ғана жауапкершіліктен босатылады.
-
Еңбек кодексі, еңбек келісімі мен осы Келісім-шарт бойынша басқа шара қарастырылмаған жағдайда, жұмыскер өзі келтірген зиян үшін орта есептегі еңбекақысы шеңберінде материалдық жауапқа тартылады.
-
Кәсіпорынға келтірген зияны үшін жұмыскер келесі жағдайларда толық көлемдегі материалдық жауапкершілікке тартылады:
-
жұмыскердің толық материалдық жауапкершілікті өзіне қабылдауы туралы жазбаша келісімі негізінде оған тапсырылған мүліктер мен басқа құндылықтардың сақталуы қамтамасыз етілмегенде;
-
бір реттік құжат бойынша есепке берілген мүліктер мен басқа құндылықтардың сақталуы қамтамасыз етілмегенде;
-
алкогольдік, нашақорлық немесе токсикоманиялық (олардың аналогтарымен) масаю жағдайында зиян келтіргенде;
-
өндірудегі материалдар, жартылай дайын өнімдер, бұйымдар (өнімдер), сонымен қоса Кәсіпорынның жұмыскерге қолданысқа берген құралдары, өлшеуіш құрылғылары, арнайы киім мен өзге заттары жетіспегенде, қасақана жойылғанда немесе қасақана бұзылғанда;
-
жұмыскердің заңсыз әрекеттерінің салдарынан зиян келтірілгені Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен расталған жағдайда;
-
Қазақстан Республикасының заңында қарастырылған өзге де жағдайларда.
-
Жұмыскерді материалдық жауапкершілікке тарту зиянның себептері тексерілген соң, жұмыскер жазған жазбаша түсініктемені ескере отырып жүзеге асырылады.
-
Кәсіпорынға келтірілген зиян мөлшері материалдық құндылықтардың сатып алынған мерзіміне байланысты бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде, инфляция еселеуіштерін қолдана отырып анықталатын баланстық құн бойынша немесе олардың нарықтық құны бойынша айқындалады. Шығынды өтеу жұмыскердің Кәсіпорын алдындағы зиянды әрекеті (бейқарекеті) үшін тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылғанына қарамастан жүзеге асырылады.
-
Толық жеке материалдық жауапкершілік туралы келісім Кәсіпорынның он сегіз жасқа толған әрбір жұмыскерімен арада бекітіледі.
-
Кәсіпорын мен Кәсіпорын жұмыскерлері осы Келісімде және Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамасында белгіленген басқа жағдайларда өзара материалдық жауапкершілікке ие.
-
ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР
-
Кәсіпорын тарапынан Кәсіпорын жұмыскерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасының сәйкес міндетті саналатын өтемақылық, әлеуметтік сипаттағы барлық төлемдер жүзеге асырылады.
-
Кәсіпорын Еңбек кодексінде қарастырылған еңбекке уақытша жарамсыздыққа байланысты және басқа әлеуметтік жәрдемақыларды жұмыскерлерге өз қаражаты есебінен төлеуге міндетті.
-
Келісімнің № 2 Қосымшасына сәйкес Кәсіпорынның зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмыскерлеріне үстемақы, қысқартылған жұмыс күні және қосымша еңбек демалысы тағайындалады.
-
Кәсіпорынның педагогикалық жұмыскерлеріне негізгі жұмыс орны бойынша тиісті дипломы болған жағдайда үстеме төлем белгіленеді:
-
философия докторы, (PhD) және сала бойынша доктор дәрежесіне ең төменгі айлық жалақы мөлшерінде;
-
ғылым кандидаты дәрежесіне ең төменгі айлық жалақы мөлшерінде және ғылым докторы дәрежесіне ең төменгі екі айлық жалақы мөлшерінде. <Білім туралы заңның 52 бабы>
-
Кәсіпорын тарапынан Кәсіпорынның ішкі нормативтік актілерінде қарастырылған тәртіп бойынша, сонымен қоса келесі жағдайларда жұмыскерлерге материалдық көмек көрсетіледі:
-
1 бала туылғанда – 10 АЕК* мөлшерде; 2 бала туылғанда – 20 АЕК мөлшерде; 3 бала туылғанда – 30-дан 30 АЕК мөлшерде.
Ата-ананың екеуі де Кәсіпорын жұмыскері болған жағдайда материалдық көмек белгіленген мөлшерде олардың біреуіне көрсетіледі.
Некеге отыратын екі адам да Кәсіпорын жұмыскері болған жағдайда материалдық көмек белгіленген мөлшерде олардың біреуіне көрсетіледі.
-
жұмыскер немесе оның жақын туыстары сырқаты ұзақ уақытқа созылған жағдайда Кәсіпорын жұмыскерге дәрі-дәрмек сатып алу, денсаулығын түзеу үшін матералдық көмек көрсете алады. Материалдық көмек көлемі Унивесритеттің Тарификациялық кеңестің шешімімен белгіленеді.
-
зейнеткер жасына толғанда:
-
жұмыскер зейнеткер жасына толғанда Кәсіпорын бір айлық қызметтік төлемақы мөлшерінде, ал келісілген төлемақы белгіленген жұмысшыларға 60 АЕК мөлшерінде бір реттік жәрдемақы төлеуге құқылы (жұмыскер Кәсіпорында жұмысын жалғастырмаған жағдайда).
-
мерейтойда (50 жас, 60 жас, 70 жас, 75 жас, 80 жас, 85 жас):
-
мерейтойда Кәсіпорын жұмыскердің бір айлық қызметтік төлемақы мөлшерінде, ал келісілген төлемақы белгіленген жұмысшыларға 30 АЕК мөлшерінде бір реттік жәрдемақы төлеуге құқылы.
-
отбасы мүшелері қаза болғанда (зайыбы, балалары, ата-анасы):
Отбасының бірнеше мүшесі Кәсіпорында жұмыс істеген жағдайда материалдық көмек белгіленген мөлшерде олардың біреуіне көрсетіледі.
*АЕК – тиісті қаржы жылының республикалық бюджеті туралы заңмен белгіленетін айлық есепайырым көрсеткіші.
-
Материалдық көмек көрсету және оның нақты көлемі туралы шешімді Кәсіпорын басшысы Кәсіпорынның ішкі нормативтік актілерінде белгіленген тәртіп бойынша жұмыскердің жазбаша өтініші мен оған қосымша берілген растама құжаттар негізінде қабылдайды.
-
Мерейтой және зейнеткерлік жасқа толу жағдайларында бір реттік жәрдемақы бөлу және оның көлемі туралы шешім жұмыскердің Кәсіпорында жұмыс істеу ұзақтығын, жұмыскердің жұмыс көрсеткіштерін және Кәсіпорынның қаржылық мүмкіншіліктерін ескере отырып қабылданады.
-
Кәсіпорын жұмыскерінің қаза болуына байланысты оның туыстарына көрсетілетін материалдық көмек туыстарының бірі жазған өтінішін негізге ала отырып, екі айлық қызметтік төлемақы мөлшерінде, ал келісілген төлемақы белгіленген жұмысшыларға 50 АЕК мөлшерінде көрсетіледі.
-
Қаржылық жағдайға байланысты Кәсіпорын жұмыскерлерге оқу ақысын төмендету тәртібімен жеңілдік ұсына алады:
-
Кәсіпорында оқитын Кәсіпорын жұмыскерлеріне;
-
Кәсіпорында оқитын Кәсіпорын жұмыскерлерінің балаларына.
-
Оқу ақысын төлеу бойынша жұмыскерге льгота беру туралы шешімді Кәсіпорын басшысы жұмыскердің материалдық жағдайын, отбасының жағдайын және басқа да мәнді факторларды ескере отырып қабылдайды.
-
Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңдық күші бар заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыскерлерді әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асырады.
-
ҚОСЫЛУ ТӘРТІБІ
-
Кәсіподақ мүшесі Кәсіподақтың Жарғысын мойындайтын және мүшелік кәсіподақ жарналарын төлейтін Кәсіпорынның кез келген жұмысшысы бола алады.
-
Кәсіподақ құрамына кіру және шығу алғашқы кәсіподақ мекемесіне жеке өтініш беру арқылы жүзеге асырылады.
-
Кәсіподақ мүшесіне қабылдау жиналыста немесе кәсіподақ комитетінің шешімі шығарылғаннан күннен бастап тұлға Кәсподақ мүшесіне қабылданды деп есептеледі.
-
Кәсіподаққа кіргендер Кәсподақ комитеті алғашқы кәсподақ ұйымдарында Кісіподақ мүшелерін тіркеуге алады.
-
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
-
Жалпы ережелер.
-
Тараптар өздерінің осы Келісім-шартта көрініс тапқан мақсат-мүдделері осы Келісім бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда іске асырылады деген ортақ келісімге келді.
-
Тараптар осы Келісім-шартта өз күшінде болған кезеңде Кәсіпорын өз ережелерін орындаған жағдайда жұмыскерлер еңбек пен әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша жаңа талаптарын алға тартпайды және Кәсіпорынға қысым көрсету құралы ретінде жұмысты тоқтатпайды (наразылық жарияламайды) деп өзара келісімге келді. Бұл міндеттеме бұзылған жағдайда Кәсіпорын оған қатысушыларға еңбек тәртібін бұзушыларға арналған шараларды қолдануға құқылы.
-
Тараптар осы Келісім-шарттың мәтіні оған қол қойылған күннен бастап 10 (он) күннің ішінде Кәсіпорын әкімшілігі арқылы Кәсіпорын жұмыскерлерінің назарына жеткізілуі тиіс деген келісімге келді.
-
Кәсіподақ Кәсіпорын жұмыскерлеріне осы Келісім ережелерін түсіндіру, олардың осы Келісімде негізделген құқықтарын ісе асыру міндетін өз мойнына алады.
-
Келісім-шартқа өзгерістер енгізу тәртібі.
-
Тараптар өз күшіндегі мерзімде осы Келісім-шартты өзгерту және толықтыру тараптардың өзара келісімі бойынша ғана оны бекітудің заңмен белгіленген тәртібімен жасалады деген келісімге келді.
-
Аталған Келісім-шарттың міндеттемелері өзгертілген жағдайда жұмыскерлердің еңбекақысын төлеп және еңбегін қорғау шарттары негізсіз төмендетілмейді.
-
Келісім-шарттың орындалуын бақылау.
-
Осы Келісім-шарттың орындалуын бақылауды сарапшылардың қатысуымен (экономист, заңгер және т.б.) Кәсіпорынның үш өкілінен (Кәсіподақ шешімімен тағайындалады) паритеттің негізде құрылған екіжақты комиссия жүзеге асырады.
-
Кәсіпорын мен Кәсіподақ жылына бір рет осы Келісімде қарастырылған міндеттемелердің орындалуы жөнінде бірлескен мәжіліс өткізеді.
-
Осы Келісім-шарттың орындалуын бақылау барысында комиссия талабы бойынша Тараптар үш күндік мерзім ішінде барлық қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс.
-
Келісім шарттарының бұзылғаны үшін жауапкершілік.
-
Осы Келісімде қарастырылған өз міндеттемелерін орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңдық күші бар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
-
Осы Келісім-шарттың шарттарын бұзған Тарап бұзу туралы мәлімдеме алынған күннен бастап бір айдың ішінде жіберілген қателік бойынша жұмыс істеуі қажет.
-
Осы Келісім-шарттың заңдық күші бірдей екі данада дайындалған. Бір дана Кәсіпорын әкімшілігінде, екіншісі Кәсіподақта сақталады.
-
МЕКЕН-ЖАЙЫ, РЕКВИЗИТТЕР МЕН ТАРАПТАР ҚОЛЫ
Кәсіпорын:
|
|
Кәсіподақ:
|
«С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК
|
«С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі
|
БСН 990240007246
|
БСН 951240001996
|
Мекен-жайы: ҚР, 050012, Алматы қаласы, Төле би, 88
|
Мекен-жайы: ҚР, 050012, Алматы қаласы, Төле би, 88
|
Банк реквизиті:
ЖСК KZ 848560000000063180
«БанкЦентрКредит» АҚ,
БСК KCJBKZKX
|
Банк реквизиті:
ЖСК KZ 368560000000462520,
«Банк Центр Кредит» АҚ,
БСК KCJBKZKX
|
Тараптардың қолдары
Кәсіпорын жағынан:
|
|
|
Қәсіподақ жағынан:
|
Ректор А.Ақанов
|
|
|
Төраға У. Датхаев
|
|
|
|
|
«__»____________ 2013 ж.
|
|
|
«__»____________ 2013 ж.
|
МО МО
ҰЖЫМДЫҚ КЕЛІСІМ-ШАРТ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлтық медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК
|
Достарыңызбен бөлісу: |