Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет240/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

170-
6 а п. Жалдамалылық
 
339
 
1. 
Жалдамалыны азгырып көндіру, оқытып-уйрету, қаржыландыру немесе өзге 
материалдық қамтамасыз ету, сол сияқты оны қарулы қақтыгыста, согыс қимылдарында 
немесе конституциялық қурылысты қулатуга немесе оган нуқсан келтіруге багытталган 
өзге де күш қолдану әрекеттеріне пайдалану не мемлекеттің аумақтық тутастыгын бузу- 
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылдан он жылга дейінгі мерзімге бас 
бостандыгынан айыруга жазаланады. 
2. 
Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаган немесе кәмелетке толмаган 
адамга қатысты жасалган дәл сол 
іс-әрекеттер -
 
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, жеті жылдан он бес жылга деиінгі мерзімге бас 
бостандыгынан айыруга жазаланады. 
3. 
Жалдамалының қарулы қақтыгысқа, согыс қимылдарына немесе конституциялық 
қурылысты қулатуга немесе оган нуқсан келтіруге багытталган өзге де күш қолдану 
әрекеттеріне қатысуы не мемлекеттің аумақтық тутастыгын бузуы
 -
 
жеті жылдан он жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
4. 
Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, адамдардың қаза табуына немесе өзге де ауыр 
зардаптарга әкеп соққан іс-әрекет
 -
 
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылга дейінгі мерзімге бас 
бостандыгынан айыруга не өмір бойына бас бостандыгынан айыруга не өлім жазасына 
жазаланады. 
Біріккен Үлттар Үйымы Бас Ассамблеясының 1976 жылғы 30 қарашадагы №31/34 қарарына 
сәйкес жалдамалыны жалдануға азғырып көндіру, оқытып-үйрету, қаржыландыру немесе өзге 
материалдық қамтамасыз ету, сондай-ақ оны қарулы жанжалға немесе соғыс қимылдарына 
пайдалану қылмыстық жазаланатын іс-әрекет деп танылған және барлык мемлекеттерді осы 
тұрғыдағы қылмыспен күрес жүргізуге арналған қылмыстық-қүқықтық норма қабылдауға 
шакырған. Қауіпсіздік Кеңесі 1976 жылғы осы қарарды қуаттап, 1977 жылы 7 қарашада өзінің 
арнаулы 32/14 нөмірлі қарарын кабылдаған. Қазакстан Республикасы халыкаралык күкық 
нормаларын басшылыкка ала отырып, жаңа Қылмыстық кодекске жалдамалылық үшін қылмыстық 
жауаптылықты белгілейтін арнаулы бапты енгізді. Қылмыстың тікелей объектісі халықаралық 
құкык нормалары белгілеген соғыс жүргізудің құралдары мен әдістерін қолдануды реттейтін 
қоғамдык қатынастар. 
Объективтік жағынан қылмыс заң диспозициясында көрсетілген бірнеше тәсілдерді қолдану 
арқылы жүзеге асырылады. Атап айтканда:1) жалдамалыны жалдануға азғырып көндіру, яғни 
карулы жанжалға немесе соғыс кимылдарына пайдалануга жалдау; 
2) оқытып-үйрету, яғни жалданған адамды соғыс әрекетіне немесе қарулы жанжалға тіке- лей 
катысуға әзірлеу; 3) қаржыландыру - жалдамалыны акша қаражатымен қамтамасыз ету; 4) өзге де 
материалдық қамтамасыз ету - жалдамалыға киім-кешек, азық-түлік беру; 
5) сондай-ақ оны қарулы жанжалга немесе соғыс қимылдарына пайдалану - тікелей осындай 
әрекеттерге қатыстырулар болып табылады. 
Қылмыстық кодекстің 170-бабының ескертуіне сәйкес материалдык сыйакы алу немесе өзге де 
бас паидасы мақсатында іс-әрекет жасаитын жэне қарулы қақтығысқа қатысушы тараптың 
азаматы болып табылмайтын, оның аумағында тұрақты тұрмайтын және ресми міндеттерді 
орындау үшін басқа мемлекет жібермеген адам жалдамалы деп танылады. 
Қылмыс құрамы формальдык және ол заңда көзделген әрекеттердің біреуін істеген уақыттан 
бастап аяқталган деп танылады. 
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам.


340
 
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей касақаналықпен істеледі. 
Адам өзінің қызмет бабын пайдаланып немесе кэмелетке толмаганға қатысты жасаған дәл сол 
эрекеттер - осы кылмыстың ауырлататын түріне (170-баптың 2-тармағы) жатады. 
Қызмет бабын пайдалану түсінігі ҚК-тің 250, 361-баптарында берілген. Кэмелетке 
толмагандарды жалдамалылыққа тарту деп - жасы 18-ге толмагандарды кінэлі адамның біле тұра 
осы әрекетке тартуын айтамыз. 
Жалдамалының қарулы жанжалга немесе согыс қимылдарына қатысуы немесе Конституциялық 
қүрылысты қүлатуга немесе оган нүқсан келтіруге багытталган өзге де күш қолдану әрекеттеріне 
катысуы не мемлекеттің аумактық түтастыгын бүзу осы кылмыстың өте ауырлататын түріне жатады 
(170-баптың 3-тармағы). 
Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, адам қазасына немесе өзге де ауыр зардаптарга әкеп 
соққан іс-әрекеттер үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 170-бабының 4-тармагында 
карастырылган. Адам қазасына бір немесе бірнеше адамның қазаға үшырауы, ал ауыр зардаптарға 
ауыр дене жарақатын келтіру, ірі материалдық за- лал, көп адамның ауруға үшырауы, т.с.с. 
зардаптар жатады. Қылмыс қүрамы (170-баптың 3 жәие 4-тармақтары) материалдық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет