298
жасауга тартуға, оларды иландыру, сатып алу, оларды зүлымдык, караниетті іс-әрекеттерді істеуге
жігерлендіру,
бопсалау, материалдык тэуелділік жагдайын пайдаланып қалу т.с.с. әрекеттер жатады.
Жоғарыда көрсетілген тэсілдерді қолданғанымен кәмелетке толмағандар қылмыстык күқық
бүзушылық іс-әрекетке баруға қарсылық білдірсс, онда кінәлінің іс-эрекеті кәмелетке толмаган
адамды қылмыстық қүқық бүзушылық іске тартуға оқталғандық ретінде сараланады.
Қылмыстық кұқык бүзушылык формальдық күрамға жатады. Ол кэмелетке толмагандарды
қылмыстык кұкық бүзушылыкка тарткан уакыгган (яғни 18-ге толмаган адамның оған келіскен
сәтінен бастап) аякталған деп табылады. Қылмыстык кодекстін 132-бабының 1-тармағы
бойынша
онша ауыр емес, ауырлығы орташа кылмыстарды істеуге кәмелетке толмағандарды тартқаны үшін
ғана жауаптылык көзделген. Субъек- тивтік жағынан ҚК-тің 132-бабында көзделген қылмыс тек
қана тікелей касақаналыкпен істеледі. Кінәлі адам эр түрлі тәсілдерді қолдана отырып жасы 18-ге
толмағаны өзіне анық адамды қылмыстык іске тартканын сезеді, біледі жэне соны жүзеге асыруды
тілеп эр түрлі эрекет жасайды. Қылмыстык ниет жэне мақсат эртүрлі (кек алу, кызғаныш,
пайдакүнемдік, басқа да зұлымдык ниеттер) болуы мүмкін. Бүлардың іс-әрекетті саралауға әсері
болмайды, бірак жаза тағайындағанда есепке алынады.
Қылмыстың субъектісі - заңда тура атап көрсетілгендей кэмелетке толмаған адамды кылмыстык
іске тартқан жасы 18-ге толған адам. Кэмелетке толмаған адамның екінші бір кәмелетке толмаған
адамды қылмыстық іске тартуы бұл қылмыс құрамына жатпайды.
Ата-анасы, педагог не кэмелетке толмаган адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер өзіне заңмен
жүктелген өзге адам жасаған нақ сол әрекет - осы кылмыстың ауырлататын түрі
болып табылады
(ҚК-тің 132-бабының 2-тармағы). Көрсетілген адамдардың кэмелетке толмаған адамдар жөніндегі
құқықтық жағдайын пайдаланып, осы іс-эрекеттерді істеуі қылмыстық құқык бұзушылыктың
коғамға қауіптілігін едэуір ұлғайтады. Ата-аналарды анықтау Қазақстан Республикасының неке
(ерлі-зайыптылар) жэне отбасы туралы 2011 жылы 26 желтоқсанда
кабылданған Заңына сәйкес
шешіледі.
Педагог деп тәрбие немесе оқу процесімен айналысатын адамдар танылады. Пе- дагогті
қылмыстың субъектісі деп тану үшін оның жұмыс істейтін оқу орындарының түрі (жоғары оқу
орындары, мемлекеттік немесе мемлекеттік емес), нысаны (күндізгі, сырттай, кешкі) ешқандай әсер
етпейді.
Кәмелетке толмаған адамды тэрбиелеу жөніндегі міндеттер өзіне жүктелген өзге де адамдарға
қорғаншы, қамкоршы, асырап алған ата-аналар, мектепке дейінгі
балалар мекемелерінің
тәрбиешілері, бұлардан басқа заңмен тэрбиелеу міндеті тікелей жүктелген - жакын-туыстары, ағасы
немесе апасы, әжесі немесе атасы жатады.
Осы баптың бірінші немесе екінші тармақтарында көзделген, күш колданып неме- се оны
қолданамын деп коркытып жасалған эрекеттер (132-баптың 3-тармағы) - осы қылмыстық құкык
бұзушылықтың тағы бір ауырлататын түрі болып табылады. Мұндағы күш корсетуге жеткіншекті
қылмыс істеуге ықпал ететін
тәсілдерді қолдану жолымен, яғни оны сабау, оған жеңіл жэне орта
дәрежелі жаракат келтіру арқылы қылмыстык құқық бұзушылық істеуге көндірулер жатады. Егер
мұндай тэсілмен жәбірленушіге ауыр дене жарақаты келтірілсе немесе өлімге әкеліп соқса, онда
кінәлінің эрекеті қылмыстық кұқық бұзушылыктардың жиынтығы бойынша саралануға жатады.
Күш қолданамын деп корқыту - өлтіремін, денеңе жарақат келтіремін, жаныңды қинаймын, өртеймін
деген шын мэнінде іске асатын нэрсе жәбірленушіге тікелей психикалык
эсер ететін сөздерді
кінэлінің айтуы жатады.
Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші тармақтарында көзделген кэмелетке толмаған
адамды ауыр немесе аса ауыр кылмыс жасауға тартуға байланысты әрекеттер (132-баптың 4-
тармағы) көрсетілген қылмыстың ауырлататын түрі болып табылады. Ауыр немесе аса ауыр
қылмыстардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 11-бабының 4,
5-
тармақтарында берілген.