Кодексінің 106-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



Дата27.02.2016
өлшемі14.57 Kb.
#28647
түріКодекс


ЖОБА

«Астана қаласының 2013-2015 жылдарға

арналған бюджеті туралы» Астана қаласы

мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы

88/11-V шешіміне өзгерістер



енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. «Астана қаласының 2013-2015 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 88/11-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2013 жылдың 10 қаңтарында № 761 тіркелді, «Астана ақшамы» газетінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 5 нөмірінде, «Вечерняя Астана» газетінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 6 нөмірінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 - тармақта:

1) тармақшадағы «278 409 110» деген сандар «291 506 409» деген сандармен ауыстырылсын;

«107 480 038» деген сандар «115 400 448» деген сандармен ауыстырылсын;

«635 412» деген сандар «5 812 301» деген сандармен ауыстырылсын;

2) тармақшадағы «285 569 166,5» деген сандар «297 663 550,5» деген сандармен ауыстырылсын;


  1. тармақшадағы «2 751 371» деген сандар «3 754 286» деген сандармен ауыстырылсын, оның ішінде:

қаржылық активтерді сатып алудағы «2 751 371» деген сандар «3 754 286» деген сандармен ауыстырылсын;

6 - тармақтағы «847 283» деген сандар «997 283» деген сандармен ауыстырылсын.

Аталған шешімге 1,4,6,9,12-қосымшалар осы шешімге 1,2,3,4,5 - қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.


Астана қаласы

мәслихаты сессиясының төрағасы

Астана қаласы

мәслихатының хатшысы С. Есілов
КЕЛІСІЛДІ
«Астана қаласының

Экономика және бюджеттік жоспарлау

басқармасы» ММ (ЭжБЖБ) басшысы Ж. Нұрпейісов



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет