Кодексінің 311-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



Дата20.06.2016
өлшемі155.25 Kb.
#149615
түріКодекс
Жоба

Жануарларды ұстау ережесі туралы

     «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155 Қазақстан Республикасы Кодексінің 311-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 заңының 10-бабына және "Жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi  Заңына  сәйкес және аудандар мен Орал қаласы әкімдіктерінің ұсыныстарын қарап, облыстық мәслихат ШЕШТІ:

    1.Қоса берілген жануарларды ұстау ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі.

     Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының

шешімімен бекітілген

Жануарларды ұстау туралы Ережесі

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Жануарларды күтіп ұстау осы Ереже (әрі карай-Ереже) негізінде Батыс Қазақстан облысының аумағында жануарларды күтіп ұстауын белгілейді.

2. Ереже, меншіктік нысанына қарамастан, жануарларды ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға қатысты.

3. Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына және "Жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi  Заңына  сәйкес дайындалып, жасалды.



4. Осы Ережеде төмендегі түсініктер қолданылды:

1) қараусыз жануарлар - меншік иесі бар және оның иелігінен (қарауынан) уақытша босып кеткен, иесі болмаған немесе иесі белгісіз жануарлар, сондай-ақ оның иесі меншік құқығынан бас тартқан үй жануары;

2) ветеринариялық құжаттар - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық сертификат; тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы жануарға, жануардан алынатын өнімге және шикізатына ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен жануарлардың, жануардың, жануардан алынатын өнімнің және шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөнінде өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық анықтама;

3) ветеринариялық іс-шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, бірдейлендіру рәсімін қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;

4) ветеринариялық паспорт - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысандағы құжат, онда: малды есепке алу мақсатында малдың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;

5) жануар иесі - жеке және басқадай меншігінде жануары бар жеке және заңды тұлға;

6) жабайы жануарлар - құрылықтағы, судағы, атмосферадағы және топырақтағы табиғи еркіндік жағдайында тіршілік ететін сүтқоректілер, құстар, бауырмен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, моллюскалар, жәндіктер және басқалар;

7) үй жануарлары - ауыл шаруашылық мақсаттағы жануарлардан басқа, адамның толық немесе жартылай ұстайтын тамақ өнімдері мен өнеркәсіп шикізатын алу үшін пайдаланбайтын зоологиялық түрлері;

8) жануарлар - ауылшаруашылығы, үй, жабайы, жыртқыш және улы: сүтқоректілер, құстар, бал аралар, балықтар, қосмекенділер, жәндіктер  және тағы басқа да жануарлар әлемінің өкілдері;

9) мысық - мөлшеріне, түсіне және өзге ерекшеліктеріне қарамастан, сүтқоректі, мысықтұқымдас үй жануары;

10) қоғамдық орындар - адамдардың көп жиналатын немесе адамдардың жиналуы мүмкін орындар, оның ішінде көшелер, скверлер, саябақтар және азаматтардың демалатын өзге орындары, шомылатын жерлер, стадиондар, сауық шаралары жүргізілетін орындар;

11) жануарларға арналған паналау баспанасы - қараусыз жануарларды уақытша ұстау үшін арналған арнайы жабдықталған нысандар;

12) ит - мөлшеріне, түсіне және өзге ерекшеліктеріне қарамастан, сүтқоректі, қасқыр тұқымдас үй жануары;

13) ауыл шаруашылығы жануарлары - адамдар өсіретін ауыл шаруашылығы жануарларының және құстардың ауыл шаруашылығы өнімдеріне тікелей қатысы бар барлық түрлері (ірі қаралар, қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер, шошқалар, маралдар мен бұғылар, тауықтар, үйректер, қаздар, күркетауықтар, бал аралар, мамық жүнді аңдар мен қояндар);

14) жануарларды ұстау - жануар иелерінің жануарлардың өмірін, оның жеке саулығын сақтау үшін, ветеринарлық-санитарлық қолайлы жағдайларды ұстана отырып толыққанды тұқым алу, сондай-ақ адамдардың және жануарлар әлемінің қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі іс әрекеттері;

15) жыртқыш жануарлар - басқа жануарлармен қоректенетін жануарлардың жалпы атауы;

16) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ветеринария саласында басшылықты және мемлекеттік

саясатты іске асыруды, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

17) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру - деректер базасына ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді енгізе отырып және жануарларға арналған ветеринариялық паспортты бере отырып бірдейлендіру құралдарын (заттарын) қолдану, таңбалау жолымен жануарға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу рәсімі;

18) ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме - уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысанда мал иелерінің талап етуі бойынша тиісті аумақтық-әкімшілік бірлікте ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан алатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралардың мерзімдері мен сипаты туралы мәліметтер;

19) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасы - ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін ветеринариялық есептің бөлігі;

20) аймақ - жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотия жағдайымен сипатталатын, әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарамастан шартты түрде шектелген аумақ;

21) инсектицидті препараттар - зиянды жәндіктермен күресудің химиялық құралдары;

22) дезинфекция, дезинсекция және дератизация - жұқпалы және паразиттік ауруларды қоздырғыштарды, тұрмыстық жәндіктерді және кеміргіштерді өндірістік, тұрғын үй ғимараттарында, көлікте, қоғамдық орындардың жайларында және аумақтарда жоюға арналған алдын алу шаралары;


5. Жануарлардың қатысуымен өткізілетін көрмелер, асыл тұқымды мал жәрмеңкесі, жарыстар, аттракциондар мен тағы басқа да шаралар жергілікті атқарушы органдармен, ветеринариялық, жануарлар аурулары инфекцияларға зертханалық тексерулер саласындағы өкілетті мемлекеттік органдардың келісімі болған жағдайда өтеді. Осы аталған іс шараларға сәйкестендіру микрочипі(cырғасы), ветеринарлық төлқұжаты бар жануарлар, соңғы ветеринарлық егуден және дегельминтизациядан өткен уақыты туралы белгі соғылған жағдайда ғана қатыстырылады.
6. Адамдардың және жануарлардың денсаулығына аса қауіп туғызатын жануарларды алу және жою Қазақстан Республикасының заңнамаларына  сәйкес жүргізіледі. Иттер мен мысықтар оның иелерінен егер де олар адамды қауып алған немесе тырнап алған жағдайда жануардан адамға жұғатын өте қауіпті, жұқпалы және вирусты ауруларды немесе қауіпті аурулардың барлығына зерттеу жүргізу үшін алынады. Егер де жануар сау болса онда иесіне кері қайтарылады.

7. Осы Ережеде белгіленген талаптарды орындауға мемлекеттік бақылауды мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы, ішкі істер департаменті, белгіленген тәртіпте өкілеттігі берілген және құзыреттеріне сәйкес басқа да өкілетті органдар жүзеге асырады.


8. Осы Ереженің талаптары меншік түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жеке және басқада меншігінде жануары бар жеке және заңды тұлғаларға, барлық жануар иелеріне таралады.
2 тарау. Ауылшаруашылық және экзотикалық жануарларын, құстар мен  бал араларды ұстау

9. Қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес анықталатын санитарлық аймақтың шекарасында ауыл шаруашылығы жануарларын, құстарды, бал араларды ұстауға, көбейтуге, жаюға, айдауға тиым салынады.

10. Ауыл шаруашылығы жануарларын, құстар мен бал араларды қолданыстағы санитарлық нормаларға сәйкес тұрғын үйлерден, пәтерлерден, мектептерден, емдеу және балалар мекемелерінен, бақтардан, хайуанаттар бағынан, стадиондардан, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарынан, сауда, тамақ өнеркәсібі, жалпы демалатын орындардан, балаларды сауықтыру орындарынан, демалыс үйлерінен, шипажайлардан, жасанды су қоймаларынан, артезиан құдықтарынан және өзен жағалауы мен оның сағасынан қашықтықта орналасқан арнаулы бөлінген (мал жаюға), жабдықталған (жабық) орындарда ұстау керек.

11. Жеке тұрғын үй иелеріне оларда бір жанұя тұрған жағдайда, ветеринарлық-санитарлық ережелерінің талаптарын сақтаған жағдайда арнайы жабдықталған тұрақжайда ауылшаруашылығы жануарлары мен құстарды ұстауға болады. Жеке тұрғын үй бөлігінің иелері үйінде тұрған жағдайда ветеринарлық және санитарлық ережелерінің талаптарын сақтаған жағдайда тек өзінің аумағында арнайы жабдықталған тұрақжайда ауылшаруашылығы жануарлары мен құстарды сол үйде тұратын барлық көршілерінің жазбаша келісімімен ұстауға болады.

12. Ауа кеңістігінен жабайы құстар ұшып өтетін мезгілдерде, жұқпалы ауыруларды таратушы болуы мүмкін ұшып өтетін құстармен қатынасты болдырмау мақсатында, суда жүзетін құстарды ашық су қоймалары мен тоғандарға жібермей, үй құстарының иелері барлық құстарды жабық орындарда ұстауы керек.

13. Экзотикалық жануарларды ұстау мен көбейту ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік органның рұқсатымен жүзеге асырылады.

14. Жануарларды ұстайтын орынжайлар апта сайын механикалы түрде тазалануы және дезинфекциялануы тиіс: нәжістер, саңғырықтар, азықтарының қалдықтары және қоқыстар өз уақытында  арнаулы белгіленген орындарға шығарылады.

15. Жылдың жылы мезгілдерінде (наурыздан қараша айына дейін) жәндіктерге, сондай-ақ кеміргіштерге (тышқандар, егеуқұйрықтар) қарсы күрес мақсатында жануарлар мен құстар тұратын орындарды ай сайын инсектицидтер мен дератизаторлық препараттарымен зарарсыздандыру керек.

16. Ауылшаруашылығы жануарларын айдағанда, жайғанда, серуендеткенде тұрғындардың  қауіпсіздігіне жануар иелері жауап береді. көшелерде, алаңдарында, гүлзарларында , басқа қоғамдық көпшілік пайдаланатын орындарында, облыс бойынша ерекше қорғалатын табиғат аумақтарында (осы мақсатта шектеулі және арнаулы бөлінген телімдер) жануарларды жаюға рұқсат етілмейді.

17. Жабайы және үй жануарларын мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде, мектептерде, оқушылар сарайында, және басқа ұйымдар мен мекемелердегі зоологиялық бұрыштарда ұстау ветеринариялық, санитарлық -эпидемиологиялық қадағалау саласындағы өкілетті мемлекеттік органдардың келісімімен рұқсат етіледі.

18. Бал аралар ұстайтын жеке және заңды тұлғалар омарталары адамдарға қауіп төндірмейтін орындарға орналастыруы керек. Омартаны қауіпсіз орындарға орналастыру ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік органның келісімімен анықталады.

19. Омартаны есепке алу және емдеу - сауықтыру іс-шараларын жүзеге асыру үшін әрбір омартаға ветеринарлық төлқұжат беріледі. Төлқұжаттың түп нұсқасы мен берілу тәртібін ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік орган анықтайды.

20. Ветеринария саласында өкілетті мемлекеттік органның келісімінсіз жануарлардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес арнайы ұстайтын орыны жоқ жағдайда, осы салада арнаулы білімі, осы жануарларды ұстауға машықтанбаған және тәжірибесі жоқ болса жабайы, жыртқыш және улы жануарларды ұстауға болмайды.

21 Қаланың тұрғын үй қорының пәтерлерінде ауылшаруашылығы жануарлары мен құстарды (ірі қаралар, қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер, шошқалар, маралдар мен бұғылар, тауықтар, үйректер, қаздар, күркетауықтар, бал аралар, мамық  жүнді аңдар) ұстауға болмайды.


3. Иттер мен мысықтарды ұстау

     22. Иттер мен мысықтарды (әрі - жануарлар) ұстау иелеріне санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді, сонымен қатар ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) ережелерді және ветеринарлық нормативтерді сақтау керек.

     23. Иттер мен мысықтарды жеке тұрғын үйлерінде және көп қабатты тұрғын үйлердің пәтерлерінде ұстауға рұқсат етіледі, иттерді тұрғын-үй жайларда және көппәтерлі тұрғын үйлерде ұстаған кезде иесі тыныштықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдануы тиіс.

      24. Иттер мен мысықтарды көпшілік пайдаланатын (ас әзірлеуге арналған бөлмелерде, кіреберістерде, баспалдақ алаңдарында, үйдің шатырында, жертөлелерде, балконда және басқа да қосалқы үй-жайларда) орындарда және үй маңында және тұрғын-үй жайларда (иелерге жеке меншік құқығындағы (жалға беру, уақытша пайдалану және басқа заттық құқығында) үй маңындағы жеке тұрғын үйлер аумағынан басқа), қонақ үйлер мен жатақхана дәліздерінде ұстауға рұқсат етілмейді.

   25. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарда, саудалық және өндірістік дүкендердің бөлмелерінде, мектепке дейінгі және білім мекемелерінде, әлеуметтік-мәдени саладағы ғимараттарда, сонымен қатар медициналық, емдеу-профилактикалық денсаулық сақтау мекемелерде жануарларды ұстауға және әкелуге рұқсат етілмейді.

    26. Жеке тұрғын-үй жайлардың иелері иттерді олардың қашып кете алмайтын жеке қоныс шекарасында ұстау тиіс, иттің барлығы жөнінде үй-жайдың кіреберістегі қақпада ескерту кестесі болу керек.

    27. Жануарлар қоғамдық орындарда ертіп жүретін тұлғаларсыз болған жағдайда, дүкендердің, емдік мекемелердің, дәріханалардың, тұрмыстық қызмет көрсететін кәсіп орындардың жанында уақытша байлаулы қалдырылғандардан басқалары, бақылаусыз болып есептеленеді және жергілікті атқарушы органмен мемлекеттік сатып алулар жүргізу арқылы бақылаусыз жануарларды аулаудың тәртібі мен шарттары реттелетін шарт жасасқан тиісті ұйымдармен ауланып және жойылу тиіс.

      Қараусыз иттер мен мысықтарды аулау бойынша арнайы қызметтер жұмысшыларының қызметін техникалық қамтамасыз ету аулауды жүзеге асырушы ұйымға жүктеледі.

    28. Иттерді таластыруға және басқа да жануарларға қатысты қатыгез іс-шаралар ұйымдастыру мен өткізуге рұқсат етілмейді.

    29. Одан әрі ұстау мүмкіндігі болмаған жағдайда, ит пен мысықты басқа иеге берілуі немесе қаңғырған жануарларды аулауды және қараусыз (бақылаусыз) жануарларды ұстауды жүзеге асыратын арнайы ұйымға тапсырылуы тиіс.

    30. Иттер мен мысықтарға, ветеринарлық паспортын мемлекетттік және жеке ветеринарлық клиникалардан Орал қаласы және аудандық ветеринариялық станцияларда, ауылдық, селолық округтердегі ветеринариялық пункттерде алу жолымен, және міндетті түрде Орал қаласы және аудандық ветеринариялық станцияларда, ауылдық (селолық) округтердегі ветеринариялық пункттерде тіркеу процедурасын өту керек.

4. Иттер мен мысықтарды ұстау тәртібі

    31. Тіркеліп паспорты алынған иттер мен мысықтар иесінің меншігі болып табылады және кез келген меншік сияқты заңмен қорғалады.

32.Иттер мен мысықтар иелері міндетті:

      1) иттер мен мысықтарды осы Ережелердің талаптарына сәйкес ұстауын қамтамасыз етуге тиісті;

     2) айналасындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді және нормаларды, гигиеналық нормативтерді, сонымен қатар ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) ережелерді және ветеринарлық нормативтерді сақтаулары керек;

      3) жануарлар адамдарды сілекейлеу, тырнап алу, тістеген, оны құтыру ауруына деп күдіктену ретінде қарауға болады, барлық жағдайлар туралы, ветеринарлық және тиісті денсаулық сақтау мекемеліне дереу хабарлау.


      4) жануардың кенеттен құлауы жағдайында, ауруға күдікті болғаны туралы ит пен мысықтарды ветеринарлық қызмет мамандарының келуіне дейін оқшауландырады немесе шұғыл жануарды қоғамдық көліктерді пайдаланбай, ветеринарлық дәрігерге апарады.

      5) жануарлар өлексесін мал қорымда жоюды ұйымдастыру бойынша кідіріксіз шаралар қолдану;

      6) өздерінің жануарларының ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытылы вакцинациялануын және диагностиканы қамтамасыз ету.

   33. Иттер мен мысықтардың құтыру ауруының бекітілген фактілерге күдіктенгенде, алғашқыда көрсетілген инфекцияға қарсы иммунизация процедураларын өтпегендер, алып қоюға және қажет болғанда кейінгі жойылуға тартылады. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн қараусыз қалған жануарлар және иелерінің қалауы бойынша жануарларды алып қою және жою Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 30-бабы 1-тармағына және 10-бабы 2-тармағы 7) тармақшасына және "Жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi  Заңына  сәйкес жүзеге асады.



5 тарау. Иесінен  ерекше жауапкершілікті талап ететін

иттерді ұстау

34. Адамдарға және басқа жануарларға аса қауіп төндіруге бейім, тұқымды иттерді есепке алу мақсатында иесінен ерекше жауапкершілікті талап ететін иттерді ұстау ішкі істер басқармасының кинологтар қызметі орталығына есепке тұрғаннан кейін рұқсат етіледі.

35. Иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін тұқымды иттердің қатарына: американдық стаффордшир терьері, стаффордширлік бультерьері, аргентиналық догы, питбультерьер, бультерьер, бульмастиф, бразилиялық филі, мастифтың барлық түрлері (ағылшындық, испандық, пиринейлік, тибеттік), ортаазиялық және кавказ овчаркалары, қатты және жұмсақ жүнді фокстерьер, сондай-ақ олардың будандары жатады. Иттің тегін айыру оның тұқым тегінің құжаттарымен анықталады, күмәнді жағдайларда осы саланы жақсы білетін мамандардың көмегімен анықталады.

36. Есепке алынбаған, иесінен ерекше жауапкершілікті талап ететін иттерді оның иелері осы Ереже бұқаралық ақпараттық басылымдарда жарық көргеннен бастап 3 айдың ішінде ішкі істер  басқармасының кинологиялық қызмет орталығында тіркеуден өткізулері тиіс..

37. Дене күші жағдайы бойынша маңындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтын және 16 жасқа толмаған тұлғаларға, иесінен  ерекше жауапкершілікті талап ететін итті серуендетуге тыйым салынады.

38. Жергілікті атқарушы органдармен келісіліп тұрғын үй пайдалану органдарымен арнаулы бөлінген орындардан басқа жерлерде, қоғамдық орындарда және азаматтардың жалпы дем алатын басқа да орындарында иесінен ерекше жауапкершілікті талап ететін итттерді серуендетуге тыйым салынады.



6. Иттер мен мысықтарды серуендету тәртібі

      39. Иелері иттер мен мысықтарды серуенге шығарғанда келесілерді орындауы тиіс:

      1) иттер мен мысықтарды аулаларда, балалар алаңдарда, мектепке дейінгі мекемелерінің телімдерде, мектеп алаңдарда, емдеу-профилактикалық және медициналық денсаулық сақтау мекемелерінің аумақтарында, стадиондарда, саябақтарда, скверлерде серуендетуге болмайды. Егер де иттер мен мысықтар кіреберістерді, баспалдақ алаңдарды, спорттық, балалар алаңдарынды, газондарды, тротуарларды, саябақ және скверлер аумақтарын экскременттерін қалдырса, оны жануарлар иелері дереу жинайды.
    2) иттерді арнайы бөлінген орындарда серуендету жүзеге асады.
      3) халық көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктерде (автобустағы жинақтаушы алаңдарда) және басқа қоғамдық жерлерде иттерді қысқа тізгінде және тұмылдырықта ұстау. Иттердің декоративті түрлерін және мысықтарды сөмкеде, арнайы арналған торларда (тасымалдауға арналған контейнерде), қолда алып тасымалдауға болады.

    4) халқы аз жерлерде иттерді ұзын тізгінде және тұмылдырықта серуендету (иттердің декоративті түрлерінен басқалары) рұқсат етіледі. Серуендетудің қоршалған орындарда, сонымен қатар адамдар жоқ алаңқайларда иттерді тұмылдырығынан шешпей, тізгіннен жіберуге болады.

5) иттерді түнгі уақытта серуендету (23-тен таңғы 6-ға дейін) олардың иелері қалыпты демалысқа және жеке тұлғалардың тыныштылығына қарсы туғызбайтын, тыныштықты сақтаудың шараларын қабылдауы тиіс.
   6) ішімдік ішкен тұлғаларға және 14 жасқа толмаған балаларға иттерді серуендетуге және олармен қоғамдық жерлерде және көліктерде жүруге рұқсат етілмейді.

      7) иттер мен мысықтарды серуендету жағажайларда, қоғамдық шомылу жерлерде, тоғандарда, фонтандарда, су айдындарда және су бөгеттерде жануарларды шомылдыру және жуу рұқсат етілмейді.


7 тарау. Иттер мен мысықтарды қоғамдық көлікте тасымалдау
40. Иттер мен мысықтарды қоғамдық көлікте тасымалдауға рұқсат беріледі.

1) иттер қалалық қоғамдық көліктердің артқы алаңдарында, оның нәжісін жинап алатын ыдысы болғанда, тұмылдырық кигізілген және қысқа бауда, жолаушылардың мазасын алмайтындай жағдайда;

2) декоративті тұқымды иттер мен мысықтар арнайы торларда (тасымалдауға арналған контейнерлерде), олардың нәжістерін жинап алатын ыдысы болған жағдайда.

41. Қалалық қоғамдық көлікте тасымалдауға тиым салынады:

1) ауру итер мен мысықтарды;

2) нәжіс жинап алатын ыдысы болмаса, тұмылдырықсыз, қысқа бауы болмаса;

3) мас күйіндегі адамдар мен 14 жасқа толмаған балалардың иттерді тасымалдап алып жүруіне;

4) декоративті тұқымдас иттер мен мысықтарды  арнайы тордан тыс (тасымалдауға арналған контейнерлерде) нәжіс жинап алатын ыдысы болмаса.



8. Қорытынды жағдайлар

      42. Осы Ережелерді бұзғаны үшін иттер мен мысықтардың иелері Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 311-бабына сәйкес жауапкершілік етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет