Көкөніс (қызанақ, қияр) өсіретін жылыжай



бет4/7
Дата08.02.2024
өлшемі6.61 Mb.
#491407
1   2   3   4   5   6   7
Жылыжай Арсланова

3. Өндірістер бағдарламасы
1- кестеде өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы берілген

1-кесте - Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы



Көрсеткіш

2024 жыл

2025 жыл

10

11

12

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Томаттар, кг







1000







1000







1000







1000







1000

Қияр, кг







1500




1500




1500




1500




1500




1500




1500

Салат, бұта

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

Бір жылда қызынақтан 3 рет егіліп өнім алынады (қызанақ 90 күнде піседі), қиярдан 6 рет егіліп өнім алынады, салат 30 күнде өнім береді (жыл көлемінде егіледі). Әр көкөніс түрінен 100 бұтадан (куст) егіледі. Орта есеппен қызанақтың бір бұтасынан 10 кг, қиярдан 10-15 кг өнім алынады.
Сату бағдарламасы өнімді көтерме сатушыларға тікелей жеткізу келісім-шарттарын жасасу жолымен, сондай-ақ жарнамалық акциялар өткізу арқылы жүзеге асырылатын болады. Көкөніс өнімін өткізудің негізгі нарығы Қармақшы ауданы болып табылады.
Тұрақты тапшылық жағдайларында сапалы өнімді өткізу қиындық тудырмайды.

2-кесте - Жылдар бойынша жоспарланған сату бағдарламасы






2024

2025

2026

Жылдық сату %

25%

100%

100%

Томат, кг.

1000

4000

4000

Қияр, кг.

1500

9000

9000

Салат, бұта

300

1200

1200

Сату бағдарламасын есептеген кезде инфляция назарға алынған жоқ, өйткені инфляцияға байланысты бағаның көтерілуі пропорционалды түрде кәсіпорын қызметтері бағасының ұлғаюына әсер ететін болады.


3-кесте – Тұрмағамбет ауылы, Жосалы кенті бойынша қызанақ пен қиярдың 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бөлшек саудадағы жылдық орташа бағасы, тенге

Қызанақ, кг

600 тг

Қияр, кг

600 тг

Салат (бір бұтасы)

1000 тг



4-кесте - Жылдар бойынша жоспарланған табыс табу бағдарламасы




2024

2025

2026

Томат, теңге.

600 000

2 000 000

2 000 000

Қияр, теңге.

900 000

3 600 000

3 600 000

Салат, теңге.

300 000

2 400 000

2 400 000

Барлығы

1 800 000

8 000 000

8 000 000



4. Маркетингтік жоспар

4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы


Маусымдық фактор жыл бойы көкөніс өнімінің серпініне қатты әсер етеді. Бұл күзгі кезеңде өнімнің негізгі бөлігін қысқы сақтауға салумен және осыған байланысты базардағы өнім сату көлемінің азаюымен түсіндіріледі. Сондай-ақ қысқы кезеңде бағаның өсуіне сақтау шығындары да әсер етеді. Кеңес одағы кезеңінде салынған көптеген жылыжайлардың бұзылғанын және қолда бар жылыжайлардың техникалық нашар жарақталуын ескере келе маусымаралық кезеңде халықты ерте піскен өніммен қамтамасыз ету төмендігі байқалуда.
Маусымаралық кезеңде халықты өніммен қамтамасыз ету соңғы жылдары жабық топырақты алқапты кеңейту жолымен, соның ішінде мемлекеттік инвестициялар мен ерте піскен көкөністі жаппай жинауды ұлғайту есебінен шешілуде.
Статистика агенттігінің деректері бойынша бүгінде республикада 184,1 га алқапта жылыжайлар жұмыс істеуде. Олар негізінен томат, қияр және аскөк өндіруге мамандандырылған.
Тұтастай алғанда қияр мен томатты тұтыну оны тұтыну нарығының өсуімен қатар жүруде. Көкөніске деген сұраныс жылына орташа 10% өсуде, бұл халықтың нақты табысының өсуіне әсер етуде.
Орташа жан басына тұтыну негізінде 1 адамға көкөністің тұтыну көлемі мынаны құрайды: томат 25—32 кг, қияр 10—13 кг.
Көкөністің барлық түрінің ішінде томат пен қияр дәмі жағынан тәтті және кеңінен пайдаланылатындықтан жетекші орынды иеленеді. Қияр мен томат қысқы кезеңде барынша қымбат көкөніс болып табылады, оны тұтыну жоғары пайда келтіретін топқа жатады. Дәмі жағынан жетекші орында болғанына қарамастан қияр мен томат онша қымбат көкөністер емес: картоп пен сәбізден, пияз бен орамжапырақтан көп артта келеді. Халықтың басым бөлігі дәмдік қасиетіне басымдық береді, ал томат қияр сияқты қысқы кезеңде қол жетпейтін өнім болып саналады. Осы көкөністің егіс алқаптарын ұлғайту тұрақты бағаны ескере отырып оны тұтынуға әсер ететін болады.
Сату көлемі бойынша базарлар екінші орында тұр, өйткені дүкенмен бірдей олардың да сауда орындары көп, халық көп келетін орын болып табылады.
Жүргізілген сауалнама көрсеткеніндей, дүкендерде көкөніс жемісі өнімін халықтың 40%, базарларда – 35% және супермаркеттерде – 25% (6-сурет) сатып алады.

2-сурет – Жосалы кенті халқының жылыжай өнімдерін сатып алу орындары, %





Жылыжай өнімдерін сатып алған және тұтынған кезде тұтынушыларда тәжірибе қалыптасады, яғни, тұтынушы дәмді және бағасы ыңғайлы томат пен қиярды қай жерден, қандай бағамен сатып алуды білетін болады. Әдетте тұтынушы керекті тауарын бір жерден, бір ғана сатушыдан сатып алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет