Көкөніс (қызанақ, қияр) өсіретін жылыжай


Негізгі және әлеуетті бәсекелестер



бет5/7
Дата08.02.2024
өлшемі6.61 Mb.
#491407
1   2   3   4   5   6   7
Жылыжай Арсланова

4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер


Жаңа жылыжай шаруашылығына осы салада белгілі клиенттері бар жылыжай шаруашылығы барлар, көршілес облыстар мен оңтүстік республикалардан әкелетіндер, сондай-ақ жаңа жылыжай шаруашылықтары бәсекелес бола алады.
Алайда, қазіргі таңда Тұрмағамбет ауылы бойынша бірде бір жылыжай кешені жоқ. Осы орайда жылыжай жобасына деген сұраныс күннен күнге артып тұр. Ол өз кезегінде бағаны тұрақтандыруға және төмендетуге өз әсерін тигізеді. Әсіресе қыс айларында.
Қармақшы ауданы 14 ауылдық округі бар аудан, онымен қоса Жосалы кентінен бөлек облыс орталығына жеткізу мүмкіндігін де айтып кеткен жөн. Қызылорда қаласына көкөністі жеткізіп, сату қиындық туғызбайды.
Өнімді отырғызу мен жинау технологиясы бірнеше айды қамтиды. Бірінші жылы қызанақ пен қиярдың бір түрлі сорты отырғызылады, одан әрі сұранысқа байланысты оның түр-түрі кеңейеді.


4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер


Тұтастай алғанда Қазақстан өзін көкөніспен қамтамасыз етеді. Бір ғана проблема ерте пісетін көкөністің нарықта өте аздығы болып табылады. Жабық топырақта, яғни жылыжайда өсірілетін көкөніс жетіспейді.
Сондықтан да мемлекет қазіргі кезде жылыжайлар ұйымдастыруға ынталандырып отыр. Тек қана соңғы екі жылдың ішінде жылыжайлар саны бізде екі есеге ұлғайды. Ішкі базарларды ерте піскен көкөніспен қамтамасыз етудің қажетті деңгейіне қол жеткізу үшін ерте пісетін көкөніс өндірісін қосымша 80% ұлғайту қажет.


4.4 Маркетинг стратегиясы


Маркетингтің мақсаты көкөніс шаруашылығы саласының жұмысы үшін жағдайлар жасау болып табылады. Компанияның нарыққа кіруіне, бәсекелестер тарапынан болатын кедергілердің бірі сол фирмалардың өндірістік қуаттарының жеткілікті болуы есебінен бағаның күрт төмендеуі (бағалық прессинг) болуы мүмкін. Оған қарсы шара өнімді жарнамалау бола алады.
Базарларда тауарларды жылжыту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен жарнама жұмысын жүргізу жоспарлануда. Жергілікті газеттерде, интернет-ресурстарда жарнамалық хабарландырулар берілетін болады. Сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда өнімдерінің сатушылары үшін парақшалар дайындалатын болады. Сұранысты қалыптастыру мен өткізуге ынталандыру мынадай жағдайлар ескеріле отырып жоспарлануда:
- Жылыжай шаруашылықтарының қолайлы орналасуы;
- Басқалармен салыстырғанда бағаның барынша төмен деңгейі;
- Заманауи жабдықтар;
- Сұранысты ынталандыру бағдарламаларын іске асыру




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет