Көкпекті аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Бос уақыт орталығы» коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының бірінші жартыжылдықта өткізілген мәдени іс-шаралары бойынша



Дата20.06.2016
өлшемі83.62 Kb.
#149150
Көкпекті аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Бос уақыт орталығы» коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының бірінші жартыжылдықта өткізілген мәдени іс-шаралары бойынша

АҚПАРАТЫ

КМҚК «Бос уақыт орталығында» бүгінгі күнде 314 мерекелік іс-шара өткізілді. Қатысушылар саны 2800 адамды құрайды. Жоспар бойынша әр-түрлі іс-шаралар: концерттер, шоу бағдарламалар, демалыс кештері, салтанатты жиындар, көгілдір алаулар, жалпы халықтық сауық-сайрандар және т.б. мәдени іс-шаралар өткізілді. Атаулы және ауқымды көрнекті мәдени іс-шаралар. Олар: Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, Қ.Р.Ассамблея жылы, Наурыз мейрамы, 1 Мамыр-халықтар достығы күні, 1 Маусым-балаларды қорғау күні, мұражай күні, Астана күні мерекесі болды.



Елбасы өз Жолдауында 2015 жыл - Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жариялады. Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматқа Конституциямен кепілдік берілген еркіндікті толығымен қолданатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Жиырма жылдық тарихында ассамблея қарқынды дамып елеулі өзгерістерді бастан кешірді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, Республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлы жылына орай, ауданда «20 игі іс» жобасы жүзеге асырылмақ. Жоба аясында тұрғындардың әлеуметтік, мәдени-рухани, спорттық сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған ірі жобалар жүзеге асырылады.



2015 жылдың 06-ақпанында Көкпекті ауданында «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылуы алу» синхрон-акциясы аясында барлық селолық округтарда Қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай «Бүгінгі келісім - болашақ бейбітшіліктің кепілі» атты мерекелік іс-шаралар өтті.

Іс-шара барысы аясында Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде мәдениет үйі әртістерінің орындауында және халықтар бірлігі мен ұлттар достығының киелі мекеніне айналған Көкпекті ауданында этно-мәдени қоғамдық бірлестік мүшелерінен құрылған түрлі ұлт өкілдерінің мерекелік концерті көрермен назарына паш етілді.

Қазақстан – бүгін міне, достықтың туын тіккен жер! Мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар, бір кісідей маңдай терін төккен жер!-дей отыра мерекелік концертіміздің соңы «Атамекен» әнімен аяқталды.



Биылғы жылы бүкіл әлем Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойын атап өтпек. Ерен Ерлік пен Ұлы Жеңіс мерекесінің маңызы мен қадірін барлық адамзат баласы жақсы біледі. Бұл – атамекен, туған жерді жан сезіммен қастерлей білген, Отанға деген сүйіспеншілікті паш еткен мерейі үстем, мәртебесі биік тарихи сәт.

2015 жылдың 23 ақпанында Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Көкпекті өңірінің рухани, мәдени өсіп өркендеуіне, өнеріміздің дамуына қомақты үлес қосқан, мәдениет саласындағы көп жылдық елеулі де жемісті еңбегімен халықтың көңілінен шығып, қошеметіне бөленіп жүрген «Толағай» ансамблінің және мәдениет үйі қызметкерлерінің дәстүрлі «Есіңде ме сол кез» атты ретро концерті өтті.




Эстраданың сүйемелдеуімен концертіміздің негізі 80-жылдардың шлягеріне айналған ансамбілдің бұрынғы жетекшісі С.Рсымбетовтың орындауындағы «За тех, кто в море» әнімен басталды.


«Толағай» ансамблі көрермен назарына ерекше бір нұр құйып, халық жадында мықтап сақталған, сүйкімді де, сүйікті әндерін паш етті. Олар: «Поворот», «Снег кружится», «Синий иней, «Звездная ночь», «Ни минуты покоя» « Где же ты была ». Осы жылғы ретро концертіміз кең тыныста жоғары деңгейде өтіп , мерекелік кешіміздің соңы вокалдық топтың орындауындағы «Костер» әнімен аяқталды.

2015 жылдың 27-ақпанында Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Көкпекті ауданының әр селолық окургтарынан келген жас үміткерлеріміздің қатысуымен «Ерлігімді жырлаймыз» атты патриоттық әндер сайысы өтті.

Патриоттық әндер сайысының негізгі мақсаты: Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу,патриоттық,интернационалдық,туыстық достықтын, ерлік күшін қайсарлықпен Отанға деген адалдыққа тәрбиелеу өз Отаның, елін, туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, ата бабамыздың ерлік істерін қастерлеп рухын көтеру, үлгі өнеге тұту, жастарды ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналған «Ерлігімді жырлаймыз»атты патриоттық әндер сайысында: «Қазақстан», «Журавли», «Сарбаздарым», «Аманат», «Атамекен», «Қазақ елі», «Туған елім» сияқты көптеген әндер көрермен назарына ерекше ықыласынан шықты. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша I-орынды Көкпекті орта мектебінің вокалдық тобы, II-орынды Көкжайық селолық округінен келген жас үміткеріміз Кумарбеков Ринат, III-орынды Шұғылбай селолық округінен келген Ахмадиева Ақбота иеленді. Барша қатысқан үміткерлерімізге мадақтамалар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.



Ерен Ерлік пен Ұлы Жеңіс мерекесінің маңызы мен қадірін барлық адамзат баласы жақсы біледі. Бұл – атамекен, туған жерді жан сезіммен қастерлей білген, Отанға деген сүйіспеншілікті паш еткен мерейі үстем, мәртебесі биік тарихи сәт.Ұлы Отан соғысында ұрыс даласынан қайтпай қалған қаһармандардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігіміздің нұрындай мәңгі шуағын шашпақ!

2015 жылдың 07-наурызында Қалихан Алтынбаев аудандық мәдениет үйінде Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына орай соғыс және тыл ардагерлеріне арналған «Бәрі сіздер үшін» атты тақырыптық концерті өтті.



Бұл концертіміз әйелдер мерекесінің қарсанында өтіп жатқандықтан, аудандық маслихат хатшысы Беспаев Рамзи Сабырұлы барлық залда отырған ақ жаулықты аналарды, ардақты әжелерді, құлпырып жайнаған аруларды халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтап, өз ықыласын білдірді. Құттықтау сөзден кейін барша жиналған қауымға мәдениет үйі әртістерінің орындауындағы мерекелік концерті тарту етілді.



2015 жылдың 8-наурызында Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде жыл мезгілінің ең көрікті де қуанышты мезгілі көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Пай-пай, шіркін, қазақтын келіндері-ай» атты келіндер сайысы өтті.





Келіндер сайысының мақсаты:

1. Қазақ қыздарын қазақи тәрбиеге баулу, ұлттық тәрбиені жандандыру,

2. Ескіні қайта жаңғырту арқылы ежелден мирас қазақ келіндерінің инабаттылығы, төзімділігі, шеберлігі, адалдығы, пәктігі, бауырмалдылығы, қонақжайлығы мен ибалығын барша жұртқа насихаттау.

3. Әдеп-ғұрып, салт-дәстүрді дәріптей, қыз-келіндердің санасына сініру.

4. Халқымыздың ертедегі салт-жоралғылары: ата мен енеге сәлем салу, қайын іні мен қайын сіңліге ат қою, үлкеннің атын атамау үрдістерін қайта жаңғырту.

Сайыс 6 кезеңнен құралған:



I кезең «Өзін-өзі таныстыру»

II кезең «Сұрақ – жауап кезеңі» .

III кезең «Қазақтың дәстүрлі қолөнерін үйден жартылай дайындап апарып, сахнада аяқтау»

IV кезең «Қазақтың ұлттық тағамдарынан дастархан әзірлеу – сайыс басында дайындап қою; сахнада оны қорғау»

V кезең «Киім киюден сән үлгісін көрсету »

VI кезең «Өз өнерін көрсету.


Әділқазылар алқасының шешімі бойынша I-орынды Көкпекті орта мектебінің жас ұстазы Сарманова Асель, II-орынды аудандық орталық аурухана медбикесі- Мукатаева Анар, III-орынды Нурсапаева Жанар иеленді. Барлық қатысқан сайыскерлерімізге бағалы сыйлықтармен мақтау қағаздар табыс етілді.

Наурызда Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады, тал-теректер бүршiк жарады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, жұртшылықтын өнеріне тан қалады.

2015 жылдың 22 наурызында Көкпекті ауданында, «Бақ берекем, құт берекем әз-Наурыз !» атты жалпы халықтық ойын сауық-сайрамы өтті. Бұл мерекені тойлауға бүкіл халық боп Көкпекті ауданының тұрғындары алаңға шықты. Алаң және сахна ұлттық стильде безендірілді, сахнаны наурыз мерекесінің атрибуттары, декорация, шарлар, гүлдер, баннерлер мен көрнектелінді. Аудандық мәдениет үйінің алаңың маңында алтыбақан мен киіз үйлер құрылды, киіз үйлердің іші мен сырты қазақтың ұлттық жабдықтарымен безендірілді.Ұлттық әуендер, күй, терме, қазақ халқының ән-өлеңдері айтылып, жиналған халыққа наурыз көже таратылып жатты.

Мерекенің салтанатты ашылуы Көкпекті аудан әкімінің м.а Р.Сағандыковтің құттықтау сөзімен бастады. Наурыз мейрамы үстінде Көкпекті аудан әкімінің м.а Р.Сағандыков ҰОС ардагерлеріне А.Туспековке, Е.Кинбаевқа, И.Бирюковқа тұрғын үйлердің кілттерін табыс етті. Киіз үйлер байқауының қорытындысы бойынша I –ші орынды аудандық орталық аурухана, II-ші орынды Ж.Шәйжүнісов орта мектебі, III-ші орынды білім беру бөлімі иеленді. Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Ол - өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.


1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні – Бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл мереке ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңіңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

2015 жылдың 1 мамырында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған Көкпекті ауылында Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің аланыңда кең көлемде, жоғары деңгейде, ауқымды ұйымдастырылуы тұрғысынан ерекшелікке толы мерекелік іс-шара өтті.





Мерекелік іс-шара мекемелер мен кәсіпорындар ұжымдарының салтанатты шеруімен басталды. Ұжымдар Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерін көрсетті. Сахнаның қасынан өтіп олар көрсеткен ұлттын билерін орындады.



Шеруде дикторлар әр ұлттың мәдениеті мен салт дәстүрлерін таныстырып отырды.



Салтанатты іс-шарада аудан әкімінің м.а. Р.Н.Сагандыков аудан орталығы тұрғындарын құттықтады.Салтанатты іс-шарадан кейін мекемелер дайындаған әр ұлттың тағамдарынан Көкпектіліктер дәм татып, жалпы халықтық серуендеуге қатысты... Осы күн көпұлтты мемлекетімізді мекендейтін халықтар достығының,  бірлігінің және бейбітшіліктін нағыз символы болды.

Кешке аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері ұйымдастырған концерт пен шоу бағдарлама өтті.

1992 жылдың дәл осы күнінде Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр.



2015 жылдың 4 маусымында Көкпекті аудандық мәдениет үйінде «Мемлекеттік рәміздерді мақтан тұтайық» атты мерекелік іс-шара өтті. Құттықтау сөзі Көкпекті селолық округінің әкімі Қ.Жадринге берілді. Рәміздер күніне жылы лебіздерін білдіруге сөз кезегін ақсақалдар атынан Р.Ариновқа және жастар атынан А.Жумадуловаға берілді.Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламасы Көкпекті аудан мәдениет үйінің әртістерінің орындауында жалғасты. Айтылған әндер патриоттық рухы биік, еліне деген сүйспеншілікке толы болды.





Президент Н.Ә.Назарбаев «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы байланыстың жарқын бейнесі» деген еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет