Көкпекті ауданының әкімдігінің Қаулы №376 21. 11. 2012 жыл



Дата07.07.2016
өлшемі18.83 Kb.
#182845
Көкпекті ауданының әкімдігінің

ҚАУЛЫ

376 21. 11. 2012 жыл




«Бас бостандығынан айыру орындарынан

босатылған тұлғаларға және интернаттық

ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектеріне

жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы»

әкімдігінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 73

қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабының 1-тармағының 14-2), 14-3) тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген қылмыстық- атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



  1. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және

интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектеріне жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5-15-99 тіркелген, «Жұлдыз» газетінде 2012 жылғы 22 наурыздағы № 23, «Новая жизнь» газетінде 2012 жылғы 22 наурыздағы № 23 сандарында жарияланған) аудан әкімдігінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 73 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Қылмыстық- атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»;

2


  1. тармақ төмендегі редакцияда жазылсын:

«1. Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс

орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін».

2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары К. Р. Смаиловаға жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Көкпекті аудан әкімі Д. Мусин


Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2012 жылы 14 желтоқсанда № 2780 тіркелген

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет