Көксу ауданының 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Балпық би, 2013 ж



Дата23.02.2016
өлшемі265.29 Kb.
#4712
Көксу ауданы әкімдігінің

2013 жылдың «29» қазандағы

№ 298 қаулысына қосымша

Көксу ауданының 2014-2018 жылдарға

арналған әлеуметтік-экономикалық

даму болжамы

Балпық би, 2013 ж.

Кіріспе


Ауданның 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 18 маусымындағы № 827 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне сәйкес әзірленген.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы экономикалық көрсеткіштер болжамы, Көксу ауданының бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері мен басымдықтарын, салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын және жергілікті бюджеттің 2014-2016 жылдарға арналған болжамын қамтиды.

Әлеуметтік-экономикалық дамуы және бюджеттік көрсеткіштер параметрлері Көксу ауданының мемлекеттік органдарының даму жоспарларына, сондай-ақ үш жылдық кезеңге арналған жергілікті бюджетті әзірлеуге негізі болып табылады.


  1. 2011-2013 жылдардағы экономикалық даму үрдісі



Экономикалық өсім
Көксу ауданы экономикасының өсуіне салалардың қосқан үлесін бағалау нәтижесінде, салалар арасында көшбасшы болып өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және құрылыс екендігін көрсетті.

Республикада жүргізілген экономикалық реформалар аудан экономикасының нақты секторына үдемелі дамуына септігін тигізді.

2012 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 10733 млн. теңгені құрады, нақты көлем көрсеткіші – 100,3%. 2013 жылдың 9 айында 10578 млн. теңгеге жетіп, нақты көлем көрсеткіші – 102,7 %.

Жалпы өндірісте 1686 шаруа қожалықтары және 111 заңды тұлғалар, сондай-ақ 1143 жеке кәсіпкерлер жұмыс жасайды.

2013 жылдың «Уыз Май Indastry» ЖШС-нің соя майын өндіретін зауыты, іске қосылды. 2013 жылдың 1 қазанына 3121 тонна май бұршақ майын өндірді.

2012 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 31685 га алқапқа егілді.

2013 жылы егістік алқабы 31685 га немесе 67 га артты (дәндік жүгері - 239 га, дақылдары – 11258 га, көкөністер -776 га, картоп - 960 га, бау-бақша дақылдар - 140 га).

Соңғы 5 жылда дәнді дақылдардың жалпы түсімі 1,5 есе артты. Май, картоп, көкөністер мен жеміс-жидек дақылдары өндірісінің көлемі артты.

2013 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының орташа түсімділігі 1,7 центнерге жоғары.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің ерте көктемдік дәнді дақылдардың, картоп, көкөністер мен май дақылдарының тұқымдарына қажеттілігі толығымен қамтамасыз етіледі.

Мал шаруашылығы өнімі өндірісінде және ауыл шаруашылығы малдарының санында тұрақты өсім байқалады.

2012 жылы еттің барлық түрін өткізу көлемі тірі салмақта 7878 тонна, 15587 тонна сүт, 455 тонна жүн алынды.

Жыл сайын бордақылау, асыл тұқымдандыру жұмысының көрсеткіштері жақсаруда, қазіргі уақытта жалпы үйірдегі мал арасындағы асыл тұқымды малдың үлестік салмағы артуда.

«Сыбаға» бағдарламасы арқылы 2011 жылы 4 шаруа қожалықтары 55 млн.теңгеге 434 бас алса 2012 жылы 4 шаруа қожалығы  53 млн.теңгеге 294 бас ірі қара алды.

2013 жылдың 1 қазанына 5 шаруа қожалықтары 104 млн.теңгеге 376 бас ірі қара алды.

Сонымен қатар, 2013 жылы «Жұмыспен қамту-2020» Бағдарламасы аясында 17 жұмыссыз азаматтары мал шаруашылығын дамытуға 30 млн.теңге көлемінде несие алды.

Аудан бойынша ірі қара малын қолдан ұрықтандыратын 15 пункті жұмыс жасайды. Қазіргі таңда 8215 бас қолдан ұрықтандырылды (2013 ж жоспар 8320 бас немесе 99,8 пайыз, 2012 ж жоспар -7820 бас, орындалғаны 7796 бас-99,7 пайыз).

2008 жылдан 2012 жылдары аралығында өнеркәсіп көлемінің өсімі орташа жылдық қарқыны 14,1%-ды құрады.



2013 жылдың 1 қазанына өнеркәсіп өнімі 3686 млн.теңгені құрды.
1-кесте

Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі


Салалар

2009ж.

2010ж.

2011ж.

2012 ж.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі, млн. теңге:

2372,7

2676,4

3846,3

3794,5

Өткен жылға қарағанда өсім қарқыны %-бен

142,7

112,8

143,7

99,0

Өткен жылға қарағанда ңақты көлем индексі, %-бен

108,2

102,9

108,0

100,2

Тау-кен өнеркәсібі, млн. теңге

10,5

13,8

23,7

58,1

Өткен жылға қарағанда өсім қарқыны, %-бен

50,0

131,1

171,7

245,1

Өңдеу өнеркәсібі, млн. теңге

2177,8

2407,7

3510,8

3353,7

Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі өңдеу өнімінің үлесі, %

91,8

90,0

91,3

88,4

Өткен жылға қарағанда өсім қарқыны, %-бен

146,1

110,6

145,8

95,5

Электрмен қамту, газ, бу жеткізу және әуе конденсациялау, млн. теңге

164,8

227,9

279,7

331,9

Өткен жылға қарағанда өсім қарқыны, %-бен

119,9

138,3

122,7

118,7

Сумен қамту, канализация жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау, млн. теңге

19,6

27,0

32,1

50,8

Өткен жылға қарағанда өсім қарқыны, %-бен

148,5

137,8

118,9

158,3

2012 жылы өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 95,9%-ға жетті.

2013 жылдың 9 айында өңдеу өнеркәсібінде 3343 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем көрсеткіші 174,4%-ды құрады. Жыл соңына дейін 3929 млн. теңге болады деп жоспарлануда.

Индустриаландыру картасының аясында 2010-2013 жылдары ауданда 1915 млн. теңге сомасына 3 инвестициялық жоба іске асырылды, 150 жұмыс орны құрылды.

2010 жылы «Экстра» ЖШС-нің майбұршақ өңдейтін, зауыты 45 жұмыс орнымен іске қосылды. Жобаның инвестициялық құны 315 млн.теңге.

2012 жылы Далабай кешенінде «ПАМ-ЕС» ЖШС-нің үймелеп сілтілеу әдісімен құрамында алтын бар рудаларды өңдейтін зауыты 70 тұрақты жұмыс орнымен іске қосылып, 1300 млн.теңгеге инвестиция тартылды.

2013 жылы «Уыз Май Industry» майбұршақ майын және шротын өндіретін зауыты 35 жаңа жұмыс орнымен іске қосылды. Инвестициялық құны 300 млн.теңге.

Аудан экономикасына соңғы 5 жылда салынған инвестициялардың жалпы сомасы 13522 млн.теңгені құрады.

2012 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 4241 млн. теңгені құрады немесе 2011 жылдың деңгейіне 118%, оның ішінде 2017 млн. теңгесі немесе 48%-ы кәсіпорындардың, ұйымдар мен халықтың меншіктік қаражаты есебінен игерілген, 2222 млн. теңгесі немесе 52%-ы – бюджет қаражаты.
2-сурет


2013 жылдың 9 айында 5279 млн. теңге инвестиция тартылды немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда – 113,9%. Меншіктік қаражат есебінен 55,1%-ды құрайды (2976,2 млн.тенге).

Салалық құрылымда өнеркәсіп секторына салынған инвестициялар – 22,9%, көлік және қоймалау – 42%, бөлшек сауда және қызмет көрсетулер – 12%.



3-кесте

Экономика салалары бойынша 2008-2012 жылдарда негізгі капиталға салынған инвестициялар (млн.теңге)

 

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

Инвестициялардың

жалпы көлемі

1489

1280

2943

3569

4241

Ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы

0

9,6

111,9

52,7

103,0

Тау-кен өнеркәсібі

7,8

0,6

0

0

1,4

Өңдеу өнеркәсібі

4,5

0

317,5

829,3

519,7

Электрмен қамту, газ, бу беру және әуе конденсациялау, сумен қамту және канализация

74,4

155,8

298,2

1,6

1180,3

Құрылыс

0

0

0,5

253,9

596,4

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдар жөндеу




0

53,6

0

0

Қонақ үйлер және мейрамханалар, тұру және тамақтану қызметтері

7,7

16,5

3,8

8104

1,5

Көлік және қоймалау, ақпарат және байланыс

102,5

106,0

375,6

767,8

743,9

Қаржылық және сақтандыру қызметі

0

0

0

156,9

0

Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін әрекеттер

162,4

534,6

178,1

174,2

288,7

Мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету, әкімшілік және қосымша қызмет көрсету саласындағы қызмет

6,5

0,2

12,9

32,0

28,1

Білім беру, кәсіби және техникалық қызмет

1060,0

236,7

713,3

603,5

630,1

Денсаулық сақтау

0

0

0




71,3

Өнер, ойын-сауық және демалыс, басқа қызмет түрлерін көрсету

0

51

98,1

260

76,6

Жалпы 2008 жылдан бастап, тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар 162 млн. теңгеден 2012 жылы 288 млн. теңгеге дейін, тұрғын үйді іске қосу көлемі 2500 ш.метрден 3529 ш.метрге дейін артты.


3-сурет



Кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында: 2011 жылы Амангелді ауылындағы бұрыңғы мектеп жанындағы интернат ғимаратына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп 620 ш.метр құрайтын 12 пәтерлі тұрғын үй іске қосылды; 2013 жылы Балпық би кентінде 10 жалгерлік тұрғын үйдің құрылысы толық аяқталып, қолданысқа берілді.

Сонымен қатар, Балпық би кентінде 20 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңарту бағдарламасын жүзеге мақсатында Балпық би ауылында орналасқан көпқабатты бір тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді (Шадрин ықшам ауданының № 9 үйге 4315,0 мың теңге). Қазіргі таңда көпқабатты бір тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау сметалық құжаттамасы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына тапсырылды (Шадрин ықшам ауданы № 10 үй-18393,0 мың теңге).

Аудан бойынша 2011-2012 жылдары «Ақ-бұлақ» бағдарламасы аясында 3 ауылдың су жүйелеріне қайта жаңғырту және құрылыс жұмыстары жүргізілді.

2011 жылы Алғабас ауылында 80 млн.теңгеге, 2012 жылы Теректі ауылында 127 млн. теңгеге және Мұқыры ауылында 114 млн теңгеге жұмыстар жүргізілді.

2013 жылы Жамбыл және Балпық би ауылында ауыз су жүйелерінің құрылысы және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Нәтижесінде елді мекендердің орталықтандырылған су жүйесімен қамтылуы 88,2%-ды құрады.

Өткен жылдары, шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға, салық заңнамасындағы кәсіпкерлерге салық жүктемесін азайтуға бағытталған өзгерістер оң әсерін тигізді.

2008 жылдан 2012 жылдар аралығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 299 бірлікке артып, 2894 бірлікті құрды. Жұмыспен қамтылғандар 7615-тен 7995 адамға дейін артты.

Өндірілген өнім көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 1,2 есе артып, 2242 млн.теңгені құрады. Бюджетке 142 млн. теңге салықтар мен басқа да міндетті төлемдер түсті, бұл 2008 жылғы деңгейден 2 есеге көп.

2013 жылдың 9 айында шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны 38 бірліктен асты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 90%-ды құрайды.

1345 млн. теңгеге өнім өндіріліп, бюджетке түскен түсім 101 млн. теңгеден асты немесе 2012 жылдың сәйкес кезеңіне -100,4%. Жергілікті бюджетке түсуі тиіс төлемдерге салықтық түсімдердің көлемі 20,7 % -ды құрады (2012ж. – 22,4%).

2012 жылы ауданда «Бизнестік жол картасы 2020» бағдарламасы жүзеге аясында «Уыз Май Industry» кәсіпорны «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы шеңберінде 18 млн.теңгеге зауытқа дейін электр беру желісін жүргізді.

2013 жылы Мұқыры ауылының жеке кәсіпкері (гумус өндіруге) 3 млн.теңгеге грант алды.

Көтерме, бөлшек тауар айналымының және қызметтер құрылымы, соңғы жылдары айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ, бұл ішкі тұтыну нарығының аумақтық құрылымының тұрақтылығын білдіреді.

2008-2012 жылдар аралығында бөлшек сауда айналымының көлемі 2,7 есе артып, 2000 млн. теңгені құрады.

2013 жылдың 9 айында 1445 млн. теңгеден асты, өткен жылғы деңгейге қарағанда – 121% (салыстырмалы бағада).

Бөлшек сауда айналымының барлық көлемі экономиканың мемлекеттік емес секторына тиесілі.

Аудан аумағында өндірістік инфрақұрылым кеңінен дамыған, ол автомобиль жолдарының кең ауқымды жүйесінен республикалық маңызы бар жол болып табылады.

Аудандағы жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 268 шақырымды құрайды, оның ішінде: республикалық маңызы бар жолдар - 64 шақырым (23,8%) және жергілікті маңызы бар жолдар - 226 шақырым (84,3%). Олардың ішінде асфальт төселгені -83 шақырым, қиыршық тас төселгені -113 шақырым. Аудан арқылы ұзындығы -120 шақырымды құрайтын темір жол магистралі өтуде.

Жергілікті автокөлік жолдарының 83 шақырымы (37%) жақсы деңгейде, 113 шақырымы (50%) қанағаттанарлық жағдайда ал 29 шақырымы (13%) қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Аудандағы тасымалдау көлемінің негізгі бөлігі автомобиль көлігімен жүргізілетіндіктен, автомобиль көлігімен қызмет көрсету көрсеткіштерінің тұрақты өсімі байқалады.

Автомобиль көлігімен 2012 жылы 2148 мың тонна жүк тасымалданды, бұл 2011 жылдан 105%-ға көп және 4303 мың жолаушы тасымалданды, 2011 жылға қарағанда өсім 105%-ды құрады.

2013 жылдың 9 айында 1367 мың. тонна жүк тасылды немесе 2012 жылдың сәйкес кезеңіне – 101,8%, құрады.

3-кесте

Көлік бойынша негізгі көрсеткіштер


Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі



2008ж

2012ж

2008 жылға 2012 жылы %-бен

2013 ж. жоспар

2008 жылға 2013 жылы %-бен

Жүк айналымы

мың.т.км

66742,9

68770,4

103

70100

105

Жолаушы айналымы

мың.жкм

51466

69156,5

134

70500

137

2012 жылы жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарын қалыпта ұстауға және жөндеуге ұзындығы 58-94 шақырым «Сарыөзек-Қорғас-Қоғалы-Көксу-Қарабұлақ» автожолының бөлігін қайта жөндеу (төменгі қабаттың 18 шақырым) автожолдарын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2013 жылы жалпымен пайдаланылатын автомобиль жолдары Талдықорған-Үштөбе-Быжы-Мұқыры 96-121 шақырымына орташа жөндеу, ұзындығы- 25 шақырымды құрайды, Талдықорған-Үштөбе-Быжы-Мұқыры автожолының 78-96 шақырымына қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Балпық би-Ақтекше автожолының шұңқырын жамау жұмыстары, Қаратал ауылына кірме жолдың шұңқырын жамау жұмыстары жүргізілді.

Аудандық денсаулық сақтау саласында 2011 жылы алғашқы медициналық-санитарлық жәрдемді жақсарту үшін күніне 40 қабылдау жүргізетін Жарлыөзек ауылындағы дәрігерлік амбулатория ғимаратының құрылысы толық аяқталып, халыққа қызмет көрсетуде.

2011 жылы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру 751 млн. 323 мың теңге бөлінсе, 2012 жылы 752 млн. 626 мың теңгені құрды.

«Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында, медициналық инфрақұрылым саласында тұрақты өсім байқалуда.

Ауданда 32 денсаулық сақтау мекемелері бар. Аталған медициналық мекемелерде 68 дәрігер және 263 орта медициналық жұмысшылар жұмыс істейді.

2012 жылы Мәмбет ауылының дәрігерлік амбулаториясына 20 млн.теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

83 млн.теңгеге жылжымалы медициналық комплекс алынып ауылдық жерлерде орналасқан тұрғындарға мединициналық қызметтер көрсетілуде.

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі әрбір адамға өзінің қалауымен медициналық көмек алу үшін емхананы немесе аурухананы таңдауға мүмкіндік берді.

2013 жылдың аяғына дәрігерлер саны 70-ке артып, медбикелер 276-ны құрайды деп жоспарлануда. 2013 жылы 10 мың адамға шаққанда дәрігерлермен қамтылу 17,1-і, медбикелермен – 66,2-і құрады.

Әлеуметтік маңызы бар ауруларды азайту үшін республикалық бюджеттен аудан халқын скринингтік тексеруден өткізуге бюджеттен жыл сайын қаражат бөлінуде.

Ауданда 25 күндізгі жалпы білім беретін мектеп, музыкалық мектеп және Көксу бекетіндегі жазғы демалыс лагері жұмыс істейді.

Жыл сайын бекітілген жоспар бойынша ауданның мектептері күрделі жөндеуден өтуде.

Ағымдағы жылы 214 млн.теңгеге Жетіжал ауылындағы орта мектеп және Мәмбет ауылындағы бұрынғы мектеп жанындағы интернаттың ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, ауданның шалғай ауылдарындағы оқушыларға тұрақты білім алуға мүмкіндік тұғызды.

Сонымен қатар, апатты жағдайдағы мектептердің санын азайту мақсатында Балпық би кентінде 280 орындыққа арналған мектептің құрылысы жүргізілуде, Кеңарал ауылындағы мектептің құрылысын жүргізу үшін жобалау сметалық құжаттамасы дайындалды.

ҰБТ нәтижелері аудан бойынша орташа балл 70,0 бал. “Алтын белгі” белгісінің 10 үміткердің 5-і білімін растады.

Ауданның мектептерінде барлығы 839 мұғалім жұмыс істейді, оның 58-і немесе 32,3%-ы жоғарғы және бірінші санатты мұғалім. Есепті жылы ауданның мектептеріне 18 жас маман келді.

2 мектеп жаңа үлгідегі кабинеттермен (химия) жабдықталады. Бүгінгі күнде 3 мектеп электронды оқыту жүйесіне қосылды.

Аудан мектептерінің 48% кеңжолақты Интернетке қосылған, 74 интерактивті тақта орнатылған, 10 лингафон, 7 биология, 4 химия және 8 физика кабинеттерімен жабдықталды.

Оқулықтармен қамтылу деңгейі 99 %. Жергілікті бюджеттен кітаптар алуға 18,4 млн.теңге бөлінді. Барлық мектептерде аз қамтылған отбасыларын балалары оқулықтармен тегін қамтамасыз етілді.

«Балапан» бағдарламасы аясында 3 жылдың ішінде 1250 орынға арналған 10 балабақша және 15 шағын орталықтар ашылды.

2013 жылы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету үшін Мұқыры ауылындағы балабақшаның, Талапты және Еңбекшіқазақ ауылындарындағы мектептің ескі ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жыл соңына дейін қосымша 230 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылады. Қазіргі таңда мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылу деңгейі 72,9 %.

Халықты әлеуметтік қорғау саласында халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу бойынша белсенді саясат, халықтың әлеуметтік әлсіз жіктерін қолдау жүргізілді. Әлеуметтік қорғау саласының басты басымдықтарының бірі халықтың әл-ауқатын жақсарту.

2012 жылы әлеуметтік салада халықты жұмыспен қамту шаралары аясында жұмысқа орналасуға ниет білдірген 950 жұмыссыздың 865-і жұмысқа орналастырылды жұмысқа орналасу деңгейі 91,1 пайыз. Жаңа 315 жұмыс орындары ашылды.

250 адам қоғамдық жұмысқа тартылып, 60 жұмыссыз азамат кәсіби оқытуға жіберілді.

Жалпы алғанда әлеуметтік көмекпен 4762 адам қамтылып, бюджеттен 69,6 млн. теңгеге көмек көрсетілді.

Қолданыстағы заңнамамен көзделген төлемдермен қатар, ауданда жергілікті өкілді органдардың шешімімен әлеуметтік көмектің қосымша түрлері көрсетіледі.

Атап айтсақ, тұрғын үй көмегі 8,3 млн. теңге сомасына 445 отбасына көрсетілді.

Жыл сайын ауылдық жерлерде тұратын білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт қызметкерлері отын сатып алуға жәрдемақы алады. Осындай көмекті 13,8 млн. теңгеге 1704 адам алды.

Ата–анасы жоқ және тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан 28 студент жоғары және арнаулы орта оқу орындарында облыс әкімінің гранты бойынша білім алуда.

1 оңалту орталығы, мүмкіндігі шектеулі жандарға үйде әлеуметтік көмек көрсету үшін 12 бөлімше бар.

Үйде әлеуметтік көмек көрсететін бөлімшелерге облыстық бюджеттен 2012 жылы қосымша 9 штаттық бірлік бөлінді, нәтижесінде жалғызбасты қарттар мен мүгедектерді қызметпен қамту деңгейі 2011 жылғы 64%-дан 2012 жылы 66%-ға дейін жетті.

18 соғысқа қатысушы мен мүгедектер, тыл жұмысшылары, Ауған соғысына қатысушылар санаторлық-курорттық ем алды, 21 техникалық қозғалу құралдары сатып алынды, 11 мүгедек протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтылды.

2013 жылдың 9 айында әлеуметтік салада халықты жұмыспен қамту шаралары аясында жұмысқа орналасуға ниет білдірген 682-і жұмыссыздың 533-і жұмысқа орналастырылды жұмысқа орналасу деңгейі 78,2 пайыз. Жаңа 316 жұмыс орындары ашылды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті 14 отбасына немесе 59 адамға 1574,1 млн.теңге көлемінде берілді.

18 жасқа дейінгі баларға арналған жәрдемақы жыл басынан 627 отбасына немесе 1840 балаға 22037,7 млн.теңге көлемінде берілді..

Ауданда 9 мәдениет үйі және клуб, 9 кітапхана және Мұқыры ауылындағы халық театры жұмыс істейді.

Мәдениет ұйымдарының жүйесін кеңейту жұмыстары жалғастырылуда.

2012 жылы Алғабас, Талапты ауылдары және Айнабұлақ бекетіндегі мәдениет ғимараттарына жөндеу жүмыстары жүргізілді.

Көксу және Айнабұлақ бекеттерінде кітапханалар іске қосылды.

Мұқыры ауылындағы халық театры ауданның 12 елді мекенінде, Қаратал және Ескелді аудандарында қойылымдар қойды.

2013 жылы Жетіжал, Бесқайнар ауылдарындағы мәдениет үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда 10 мәдениет үйі және клуб және 10 кітапхана жұмыс жасайды.

2013 жылдың 9 айында 400-ге жуық мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып оған 150000 адам қатыстырылды.

Ауданда 109 спорт нысандары бар. Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі жұмыс жасайды. 2010-2012 жылдары 46 спорт шебері атағына үміткер, 64 бірінші дәрежелі және 327 екінші, үшінші дәрежелі спортшылар дайындалды. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың саны 26,5 % дейін өсті.

2013 жылдың 9 айында жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың саны 10370 яғни, 26,2 % дейін өсті.



  1. Көксу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі мақсаты мен басымдықтары

Көксу ауданының әлеуметтік-экономикалық саясаты Елбасының Қазақстан халқына 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында айқындалған шараларды жүзеге асыруға басымдық танытады.



Ортамерзімді кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі мақсаты – табыстылық пен тиімділік және халықтың өмір сүру сапасын арттыру қағидаларына негізделген.

Мақсатқа қол жеткізу үшін ортамерзімді кезеңде негізгі күш әлеуметтік-экономикалық саясаттың төмендегі басымдықтарына бағытталады:



1) экономиканы жаңарту және әртараптандыру арқылы оның тиімділігі мен бәсеке қабілеттілігін арттыру.

Бәсеке қабілеттілік, тұрақтылық және экономиканың тиімділігін арттыру қолдау тауып, өнімділікті арттыруға ерекше басымдық танытумен, жоғары қосымша құн қосылған өнім шығаруды арттыруға бағытталады.

Экономиканы жаңарту өнеркәсіп және ауыл шаруашылығындағы қолда бар бәсекеге қабілетті артықшылықтарды пайдалануға бағытталады. Сонымен қатар жаңа басымды артықшылықтар айқындалып, экономиканың әдеттегіден тыс салаларында, бірінші кезекте қызмет көрсету саласында өндірістер құрылады.

Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға негізделген, экономикалық өсім тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін «жасыл экономика» қағидасына ауысудың негізгі стратегиялық бағыттары анықталады.

Экономикалық өсімің негізгі факторы экономиканың шикізаттық емес секторларына инвестиция тарту және қолайлы инвестициялық жағдай жасау болып табылады.

Бақылау-рұқсат беру тәжірибесі жүйесін оңтайландыру арқылы бизнес-ахуалды жақсарту жұмыстары жалғасады.

2) әлеуметтік жаңарту.

Ортамерзімді кезеңде жалпы мүмкіндіктер теңдігі мен мемлекет, жұмыс беруші және азамат арасында жауапкершіліктерді тура бөлу арқылы өндірістік жұмыспен қамтылу және экономикалық өсім негізінде азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірінші кезектегі шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету жоспарлануда.



3) теңгерімді өңірлік даму.

Өңірлік саясат экономикалық өсім орталықтарын; біріктірмелерді, екінші деңгейдегі тірек нүктелерін (аудан орталықтары) және сондай-ақ тірек ауылдық елді мекендерді қалыптастыруға бағытталады. Мұнда басты басымдық өңірлердің бастапқы әлеуметтік қызмет көрсетулерге теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етумен, өңірлердің қолда бар бәсекелестік артықшылықтарына жасалады.

Бағдарламалық құжаттар мен жолданатын қаржы ресурстарының нақты аумақтардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетімен байланысы және үйлесімділігі қамтамасыз етіледі.

4) мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру. Мемлекеттік басқару жүйесінде мемлекеттік басқару органдарының арасында уәкілеттіктерді бөлуге, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға және мемлекеттік қызметті кәсібилендіруге бағытталған реформаны жүзеге асыру жалғасады.

Мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін артыру аясында квазимемлекеттік сектор субъектілерін оңтайландыру бойынша жұмыстар жалғасын табады.


3. 2014-2018 жылдардағы экономика дамуының нысаналы көрсеткіштері

3.1. Инфляция деңгейін тежеу
Сапалы және теңгерімді экономикалық өсімді қамтамасыз ету инфляциялық процестермен күрестің әрекет етуші құралы болады.

2014-2018 жылдары инфляциялық көріністі ағымдағы деңгейде 6-8% аралығында сақтау болжануда.

Табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің өсуі реттелетін қызметтер тарифтерінің инфляциясына шекті салыммен шектелетін болады.

Азық-түлік нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу нарық тетіктерін қолданумен, азық-түлік нарығын реттеу жөніндегі шаралар кешені аясында жүргізіледі. Спекулятивті және негізсіз бағаның өсуін болдырмау және маусымдық ауытқуларды түзету мақсатында, азық-түлік нарығын реттеу үшін құрылған азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану жұмыстары жалғасады.

Ішкі нарықты толықтыру үшін ірі коммуналдық сауда-логистикалық хабтар құрылады.

3.2. Бюджеттік және салықтық саясаттың негізгі басымдықтары
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылдың 26 маусымындағы №590 Жарлығымен бекітілген Жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасына сәйкес, ортамерзімді кезеңде бюджеттік саясат мемлекеттік қаражаттардың теңгерімділігін және әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталады.

Осыған байланысты, бюджеттік саясаттың негізгі міндеттері болып төмендегілер табылады:

- экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;

- бюджет шығындарын әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарына шоғырландыру;

- бюджет қаражаттарын пайдаланудың тиімділігін арттыру;

- фискалдық орталықтандырылмау.

Мемлекеттік шығындар жинақтық сұраныс пен инвестициялық белсенділікті қалыпта ұстауды қамтамасыз ететін деңгейде ұсталады.

Алдағы ортамерзімді кезеңде бюджеттік саясат экономикалық және қаржылық дағдарыс салдарларын өткеру, жылдам қалпына келтіру және экономиканың әрі қарай сапалы өсімін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік басқару және жоспарлау жүйесін сауықтыру және жетілдіру жөніндегі шараларды қамтитын бағыттар бойынша жүргізіледі:

- экономиканы қолдау жөніндегі бірінші кезектегі шараларды өткізу халықтың өмір сүру деңгейін арттыру және жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу, қаржы секторын тұрақтандыруды қамтитын әлеуметтік мәселелерді шешу саласында бұрын қабылданған шараларды жүзеге асыруды көздейді, жағдайға қарай бюджеттік саясатты, оның ішінде бюджет көрсеткіштерін нақтылау шаралары жедел және икемді қолданылады.

- бюджеттік жоспарлауды нақты тігінен мемлекеттік жоспарлауға сәйкес жүзеге асыру: мемлекеттік мақсаттар – мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттары – тактикалық міндеттер – іс-шаралар – ресурстар – бюджет. Өз кезегінде, бюджет оңтайлы шаралар мен бюджет қаражатының көлемін анықтау негізінде қалыптасады, олар экономикаға оң әсер етіп, инфляцияның ортамерзімді және ұзақмерзімді жағымсыз салдарларына, бюджет тапшылығының күрт өсуіне соқтырмайды. Сондай-ақ 2013 жылы шығындарды оңтайландыру нәтижесінде қысқарған ағымдағы бюджет шығыстарының өсуін тежеу, басталған жобаларды аяқтау және жаңа жобаларды жүзеге асырудың созылуына жол бермеу арқылы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды реттеу көзделуде.

- бюджетаралық қатынастардың тазалығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін арттыру және халықтың әлсіз жігіне әлеуметтік қолдау көрсетілуін қамтамасыз ету;

- бюджет шығындарының негізгі әлеуметтік-экономикалық бағыттары бойынша, жекелеп алсақ, білім беру, денсаулық сақтау, сумен қамту, көлік және инженерлік инфрақұрылым салаларындағы бағдарламаларды бірінші кезекте және толық көлемде қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша нақты басымдықтарын белгілеу;

Кірістер саясаты


Көксу ауданының кірістер саясатының негізгі бағыттары мемлекеттік кірістер саясатының бағыттарымен тікелей байланысты.

2014-2016 жылдары кірістер саясаты ауданның индустриалды-инновациялық дамуын ынталандыруды жалғастыруға, бәсеке қабілеттілікті арттыруға және экономикада салық жүктемесінің оңтайлы теңгерімін құруға бағытталады.

2014-2016 жылдарға арналған жергілікті бюджет кірістері Салық кодексінің экономиканың шикізаттық емес секторына салықтық жүктемені төмендетуді көздейтін ережелерін және Елбасының Жолдауларында көрсетілген салықтық саясаттың негізгі бағыттарын ескере отырып, Көксу ауданының ортамерзімді кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштерінің болжамы негізінде айқындалған.

Жүргізіліп отырған саясат салық төлеушілердің салық заңнамасы нормаларын бір мағынада түсінуіне, салық тәртібін сақтау деңгейін, тұрақтылығын және болажамдығын арттыруға, барлық салық төлеушілер санаттары үшін салықтық жүктемесінің теңгерімдігіне қол жеткізу үшін оңтайлы жағдай жасайды.


Шығынтар саясаты

Ортамерзімді кезеңде шығыстар саясаты әлеуметтік-экономикалық саясаттың ұзақмерзімді және ортамерзімді басымдықтарына сәйкес, мемлекеттік міндеттемелердің толық орындалуын қамтамасыз етуге, әрбір мемлекеттік органның стратегиялық жоспарларының сапасын жақсарту есебінен соңғы нәтижелерге бағдарланған бюджеттік шығындардың тиімділігін арттыруға және пайдасыз шығындарды қысқартуға бағытталады.

Бұл жұмыстың ажырамас элементі бағдарламалық құжаттаманы оңтайландыру және бірегейлендіру, іс-шаралардың бюджет шығындарымен нақты байланысын белгілеу болып табылады.

Шығындар саясаты ағымдағы шығындар деңгейін экономиканың өсім қарқынынан аспайтын шекте ұстау қағидасына сай келетін болады.


3.3. Экономика салаларын дамыту
2014-2018 жылдары аралығында жалпы ауыл шаруашылығы өнімі көлемінің орташа жылдық өсімі 6%-ды құрайды.

Алдағы бес жылда ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілетті өнімі өндірісінің тұрақты өсімінің келешекті бағыты ғылыми әлеуетке сүйенетін, жаңа жоғары тиімді технологияларға негізделетін болады.

Өсімдік шаруашылығында озық технологияларды қолдануды кеңейту, асыл тұқымды шаруашылықтар жүйесін жақсарту, түсімділікті арттыру есебінен ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін арттыру жоспарлануда.

Саланы әртараптандыру арқылы өсімдік шаруашылығының бәсекеге қабілетті өнімінің өндірісін тұрақты дамыту, суармалы жерлердің құнарлылығын қалпына келтіру және сақтау қамтамасыз етіледі.

Мал шаруашылығында будандастыру-асыл тұқымдандыру жұмысын жетілдіру есебінен етті мал шаруашылығы және қой шаруашылығы, озық технологиялар дамытылады, малдың сапалы генетикалық қоры жақсарады.

Өңдеу саласында негізгі міндет өндірістік қуаттардың жүктемесін және экспортқа бағытталған, бәсекеге қабілетті өнім түрлерінің өндірісін арттыру болып табылады.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарын орта және ірі құрылымдарға ірілендіру, ауылдық тұтыну кооперативтерін құру жұмыстары жалғасады.

2014 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 110%-дан 112%-ға дейін көбейеді.

Ауданның экономикалық әлеуеті мен қолайлы инвестициялық ахуалды ескере отырып, индустриалды және өнеркәсіптік аймақтарды қалыптастыру жалғасын табады.

2014 жылмен салыстырғанда 2018 жылы ауданда экономикалық белсенді халық саны артады.



Жұмыссыздар 2014 жылғы 5,2 %-дан 2018 жылы 4,9%-ға төмендейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет