Пленум
Автор:1986 жыл 16 желтоқсан Қазақстан Компортиясы Орталық комитетінің 5пленумы таңғы жағдай.
Михаил Сергеевич Горбачёв(Өмірбек):Қайырлы күн мырзалар!Мен сіздерді жинаған себебім,Д.А.Қонаевтың орнына Г.В.Колбин тағайындылды деген шешім қабылдадық.
Қонаев(Ернар):Иә,менің жасым келіп,зейнеткерлікке шығатын уақытым болды.Мен өз орнымды Г.В.Колбинға беремін.
Колбин(Меңдібек):Мен сіздердің шешімдеріңізді қабылдаймын.
Пленумда отырғандар:Неге деген сұрақ жаудырып,у-шу болып кетеді.
Автор:Небәрі 18 минутқа созылған 5пленум Қазақстан жұртшылығына тез тарап,оқуда,жұмыста жүрген жастардың ашу ызасы әбден келеді.Желтоқсанда болған көрініске назар аударсақ.
Общяга
Көңіл толқыны күйі ойнап тұрады.
Сахнада балалар көңілді жүріп жүреді.
Жамбыл(Ақерке): Достар, достар! Газет!!! Жаңалықтар!!! Қазақ КСР ның ККП-ның бас хатшысы Қонаевті алып орнына Колбинді қоймақшы!!
Аякөз: Колбин!!! Қайдағы Колбин? Кім ол өзі!
Айару: Кім ол өзі? Қайдан келді!
Өмірбек: ол дұрыс емес! Қазақ елін өзіміздің Қазақстандық азамат басқару керек!!
Гүлназ: Біз демократияны талап етеміз!
Бәрі бірге: Жоқ Колбинға билік бермейміз! Жүріңдер қыз жігіттер алаңға, көтеріліске шығайық!
Оқушылар орындарынан тұрып сахна артына киінуге кетеді.
Автор: Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым
Бет бағдарын бақиға бұрғандарым,
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Кеудемдегі қоламта қоздатқаным
Тұншықса да түрмеде тозбапты әнім.
Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан,
Жалтақтап кете барған боздақтарым.
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым
Барлық қатысушылар ортаға шығады қолдарында плакаттар!
КОЛБИНГЕ БИЛІК БЕРМЕЙМІЗ! МЫ ЗА СВОБОДНОЕ СБЛИЖЕНИЕ! Тб!
Балалар дауыстап, айқайлап шығады.
Балалар бәрі бірге: Елбасымыз қазақ болсын!» «Тәуелсіз ел болғымыз келеді».
Өмірбек/ Меңдібек: Қазақ елі тәуелсіз мемлекет болу керек!!!
Өзге ұлттың өкіліне ел басқартпаймыз!!!
Біздің дауыс беруге құқығымыз бар!!!
Елбасымызды өзіміз таңдаймыз!!!
Совет билігіне бағынбайыз!!!
Сахнаға милиция қызметкерлері шығады. (Райымбек-майор, Ернар, Нұржол) қолдарыңда дубинка.
Райымбек/майор: Қане, тарандар!
Жарты сағат уақыт береміз, әйтпесе жақсылық күтпеңдер!! Тараңдар.
Жастар: Бізге тәуелсіздік керек!!!
Әділдік керек!!! Тарқамаймыз!!
Милиция бәрін ұрып-соғып алып кетеді.
Автор: Ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып, күзге айналған көктемдер...
Алаң шетін қоршап тұрған шыршаларға ала көк,
Жас бүлдіршін, сезіміңді жанар етіп қарап өт.
Сол арадан сатқындық та елестейді қара бет,
Қара беттің көбі бүгін дара тұлға, дара бет.
Жас бүлдіршін, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,
Заманның жеңісі мен жеңілісін санап өт.
Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,
Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қары жоқ
Кемсітпекші "желтоқсанның жалаң аяқтары" деп.
Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,
Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары боп,
Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп.
Тірліктегі әр ісінің жаңғырығы болады,
Бұл табиғи жасырын заң өзгерессіз қалады,
Сол заңға сай сені бақыт не сор іздеп табады.
...Дүниені дүр сілкінткен жас толқынның саналы
Даңқын ешкім, ешкім бүркей алмас.
Оны да еске салады,
Желтоқсанның бас алаңы, қайсар рух алаңы.
Колбиннің республиканың жоғарғы басшылығына тағайындалуы толқу үшін тек сылтау ғана еді.Оның басталуына жылдар бойы қордаланған себептер мен қайта құру жариялаған демократиялық принциптер арасындағы ушыққан қарама-қайшылықтар әсер еткен еді!
Тергеуде болған оқиға
Солдат(Ернар):Қайрат Рысқұлбековты алып келіңдер!
Тергеуші(Жанайым):Айыпкер Рысқұлбеков,Ермек Сәтбаев көшесінде сақшыларды көрдің бе?
Қайрат(Назарбек):Ол жерде болмасам қалай көрем?
Тергеуші(Жанайым):Сен советскийді өлтірдіңбе?
Қайрат(Назарбек): ЖОҚ……Бұл жала!
Тергеуші(Жанайым):Сенің ұрып жатқанынды көріптіғой
Қайрат(Назарбек):Кім айтты оны,сонымен беттестір мені!
Тергеуші(Жанайым):Ах ты капризный,несчастный я тебя покажу өтірікті! Жала дейдіғо ещё ,Рысқұлбеков советскийді өлтірдім деп мойынына ал,сонда біз сенің әкеңе тиіспейміз әйтпесе әкеңді ұрамыз
Қайрат(Назарбек):Жоқ,жолдас тергеуші бұл жала мен адам түгілі шаңдыда өлтіріп көрмегем
Тергеуші(Жанайым):Рысқұлбеков сен ақымақ болма,Cоветскийды өлтірдім деп мойынына ал әйтпесе менің ыстық алақаныма 4мың сом сал!Түсініктіме?Мақұлық
Қайрат(Назарбек):Жоқ,жолдас тергеуші,Менің ата анам ауылда күнін әрен көріп отқанда оларға ауырлық түсірткім келмейді және де мен сізерге неге ақша беруім керек?
Тергеуші(Жанайым):ЖАП аузыңды!
Автор:Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырсада,қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай,ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащы….
Қайрат(Назарбек):Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар!
Сахнаға Желтоқсан құрбандарының суреттерің ұстап балалар шығады.
Бір минут үнсіздік.
Авто:Тәуелсіздік - сан буын бабалардың қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау үшін төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі. Тәуелсіздік кешегі батыр бабалар өсиет еткеніндей, Қазақстанды қасық қаны қалғанша қорғау жөніндегі әрбір азаматтың қайсар шешімі. Халқымыздың асқақ абыройының, қонақжайлылығы мен кең пейілінің даналығы. Тәуелсіздік дегеніміз - бұл жалпыға ортақ еңбек.
Достарыңызбен бөлісу: |