Көлік
логистикасының
мәні
Көліктің
негізгі
міндеті
–
бұл
жүктер
мен
жолаушыларды
тасымалдаудағы
тұтынушының
қажеттіліктерін уақтында және сапалы өтеу болып табылады.
Ал автомобиль көлігінің жүктерді тасымалдау жылдамдығын
арттырып, «есіктен-есікке» жеткізу мүмкіндігі бар.
Логистика -
клиенттердің
немесе
корпорациялардың
талаптарын қанағаттандыру үшін бастапқы нүкте мен жеткізу
нүктелелерінің арасындағы ресурстар ағымын басқаруды
білдіреді. Логистика ұғымы
ақпарат
, тасымалдау, мүліктеу,
қоймалау
,
қаптамалау
және
қауіпсіздік
сияқты
құраушылардың бірлесуін қамтиды.
Логистика
көптеген
кәсіпорындардың
негізгі
функцияларының бірі болып табылады. Логистиканың негізгі
көздейтін мақсаттарын жұмыс өнімділігіне және өзіндік құнға
байланысты деп шартты түрде бөлуге болады. Оларға
жататындар: қысқа жеткізу мерзімі, мүліктің төмен деңгейде
ұсталуы
және
өндірістік
қуаттарды
жоғарғы
деңгейде
пайдалану.
“logistike” – грек сөзі, есептеу, пікір айту шеберлігі деген мағына береді. Логистика - материал
ағымдарын басқару шеберлігі мен ғылымы.
Логистика дегеніміз – материалдық және сонымен байланысты ақпараттық, қаржы
ағымдарын тиімді басқарудың ғылыми-тәжірибелік тәсілі.
Қоғамдық өндірістің барлық кезеңдерінде (қамтамасыз ету, өндіріс, өткізу, т.б.) шикізат,
материалдар, аяқталмаған өндіріс, жартылай фабрикаттар, құрауыштар, дайын өнім, энергия
жататын заттай нысандардың экономикалық салада (өнеркәсіп, сауда, ауыл шаруашылығы,
т.б.)қозғалатын және/немесе қайта қалыптасатын логистикалық категория.
Халық шаруашылығында логистика дегеніміз – жалпы ел экономикасындағы материалдарды
өткізу немесе тасымалдауды зерттеумен және соған байланысты ақпараттар ағымдарын жетілдіру
арқылы қаржы шығындары мен адам күштерін үнемдеуді қамтамасыз ету туралы ғылым.
Кәсіпкерлікте логистика дегеніміз – барлық іс-қимылдарды бақылау, яғни керекті
материалдарды іздестіру, сатып алу, оны тасымалдау және тиімді пайдалану немесе
тұтынушыларға ұтымды өткізу.
Логистикадағы негізгі ұғым – материал ағыны болып табылады. Материалдық ағын -
қоғамдық өндірістің барлық кезеңдерінде (қамтамасыз ету, өндіріс, өткізу, т.б.) шикізат,
материалдар, аяқталмаған өндіріс, жартылай фабрикаттар, құрауыштар, дайын өнім, энергия
жататын заттай нысандардың экономикалық салада (өнеркәсіп, сауда, ауыл шаруашылығы, т.б.)
қозғалатын және/немесе қайта қалыптасатын логистикалық категория
.
Достарыңызбен бөлісу: |