Комбинаторика элементтері



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата20.12.2022
өлшемі190.3 Kb.
#467583
  1   2   3
Комбинаторика элементтері-converted-1



Комбинаторика элементтері 
1. Дүкенде шоколад кәмпиттің 6 түрі және карамельдің 10 түрі бар. 
Кәмпиттердің: 1) бір түрінен; 2) шоколад кәмпиттің бір түрі және 
карамельдің бір түрінен неше түрлі тәсілдермен кәмпиттер сатып алуға 
болады? 
2. Поштада маркалардың 5 түрі бар. Олардан 3 түрлі марканы неше түрлі 
тәсілмен таңдап алуға болады? 
3. Асхана мәзірінде 3 бірінші, 4 екінші және 5 үшінші тағамдар тізімі бар. 
Осылардан барлығы неше түрлі «түстік астар» құрастыруға болады? 
4. Кез келген үшеуі бір түзудің бойында жатпайтындай 12 нүкте берілген. 
1) Осы нүктелерден өтетін неше түзу жүргізуге болады? 
2) Төбелері осы нүктелер болатын неше үшбұрыш салуға болады? 
5. a, b, c, d төрт элементтен үштен құралған барлық орналастыруларды 
жазыңдар? 
6. «Рельс» сөзіндегі әріптердің барлық алмастырулары санын табыңдар? 
7. 25 оқушының ішінен екі кезекшіні неше түрлі тәсілмен таңдап алуға 
болады? 
8. Сыныптағы 35 оқушының арасынан старостаны, оның орынбасарын
редколлегия және спорттық жұмысқа жауапты 4 оқушыны неше түрлі 
тәсілмен сайлауға болады?  
9. 1) «Отан»; 2) «Асар» сөзіндегі әріптердің орындарын алмастыру арқылы 
неше түрлі сөздер құрастыруға болады? 
10. Шеңбер бойынан 12 нүкте алынған: 1) ұштары осы нүктелерде 
орналасқан неше хорда жүргізуге болады? 2) төбелері осы нүктелерде 
орналасқан неше үшбұрыш салуға болады? 
11. Поштада үш түрлі конверттер мен 5 түрлі маркалар бар. Хат жолдау үшін 
бір конверт пен бір марканы неше түрлі тәсілмен таңдап алуға болады? 
12. Кітап сөресіне комбинаторикадан 2 кітап, ықтималдықтар теориясынан 5 
кітап, алгебрадан 4 кітап, тарихтан 3 кітап және әбедиеттен 6 кітап қойылған. 
Неше түрлі тәсілмен: 1) математикадан бір кітап, 2) математикадан бір кітап 
немесе әдебиеттен бір кітап таңдап алуға болады? 
13. Кітап сөресінде математикадан 8 кітап және физикадан 5 кітап 
орналасқан. Осыдан 3 математика және 2 физика кітаптарын неше түрлі 
тәсілмен алуға болады?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет