«Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 шілдедегі №731 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы №1317 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 шілдедегі №731 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., №43, 393-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік процестерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:
«Техникалық регламенттің күшіне ену мерзімдері және шарттары» деген 7-бөлімде:
100-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген техникалық регламентке 2-қосымшада:
«Көмірдің және оның қайта өңделген өнімдерінің қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштердің нормалары» деген кестеде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
1. Ad күлділігі, %, артық емес 45,0
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Достарыңызбен бөлісу: |