Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Агротехнология кафедрасы
Мал азығын өндіру және агрономия ботаника негіздері пәні бойынша
мамандығының студенттеріне арналған
Зертханалық жұмыстарына
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ МЕН
НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ
Павлодар
Зертханалық жұмыс 1-2. Кіріспе. Мал азығын өндірудің алға қойған мақсаттары және агрономиялық негіздері. Мәдени және табиғи шабындықтар мен жайылымдар құру, оны тиімді пайдалану негіздері.
Жұмыс мақсаты. Қазақстан республикасының табиғи мал азықтық жерлері. Шабындық пен жайылым өсімдіктерінің биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері.
Жайылым мен шабындық өсімдіктерінің негізгі түрлерінің экологиялық сипаты бойынша топтастыру жүйесін құруды үйрену. Биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін сүйене отырып жайылым мен шабындық өсімдіктерінің қауымын қоршаған ортаға ыңғайластыру арқылы дамыту. Табиғи жайылымдық және шабындық өсімдіктерін тіршілік ұзақтығына, алшынкөктігіне, түптену, жапырақтану типтеріне ылғалға байланысты топтарға бөлу және өсімдіктердің осы ерекшеліктерін жүйелі пайдалануды үйрену.
Жабдықтар мен заттар. Мәдени және табиғи шабындықтардың өнімі және сапасы туралы деректер, кестелер, графиктер және анықтама әдебиеті.
Жалпы ғылыми негіздері. Шөптердің көп түрлерінің пайдалануға зор маңызы бар. Олардың ең басты маңызы – мал шаруашылығын арзан көк шырынды, ірі азықпен қамтамасыз ету. Бұршақ дақылдас шөптердің түйіп бактерияларымен симбиозының арқасында ауадағы бос азотты сіңіріп тамырларында азот түзілген түйнектер пайда болуына, астың дақылдас шөптердің шашақты тамырлары топырақта көп шірінді қалдыруына байланысты шөптердің топырақ құнарлылығын арттырудағы агротехникалық маңызы бар. Беткейлерде өскен шөптер тығыз шым қалдыруына байланысты топырақты су және жел эрозиясынан қорғайды. Сонымен қатар шөптер жасыл газондарға, спорт аландарына, себуге пайдаланылады, себебі олар тығыз жасыл жамылғы қалыптастырады. Мал азықтық шөптерді бұршақ тұқымдастар және астық тұқымдастар, біржылдық және көпжылдық деп бөлінеді. Бұршақ тұқымдас шөптердің негізгі түріне жататындар: біржылдық - егістік сиыржоңышқа, кесте жапырақ; екі жылдық – ақ бас түйежоңышқа және сары бас түйежоңышқа, мүйізді пышан, эспарцет.
Тапсырманы орындау әдістемесі.
1) коллекциялық үлгідегі тұқымдар мен жемісті байқап, сипаттамада келтірілген белгілермен салыстыру керек;
2) тұқымдар мен жемістердің қосындысының үлгісін талдап, түрін анықтап, келесі схемаға жазу керек:
Түр
(қазақша, латынша аты)
|
Біржылдық, екіжылдық, көпжылдық
|
Тұқым
|
Жемісі (формасы, сырты, бояуы, мөлшері)
|
формасы
|
бояуы
|
мөлшері
(ірі, орташа, ұсақ)
|
|
|
|
|
|
|
3) кілтті пайдаланып, шөптердің түрлерін анықтау керек;
Гүлдеп тұрған өсімдіктеріне қарап бұршақ тұқымдас шөптерді анықтау кілті
Жапырағы үш тармақты
|
|
А) гүл шоғыры жұмыргүл
|
|
1) сабағы жайылып өседі. Жапырағы жұмыртқа тәріздес немесе кері жұмыртқа сияқты, шеті ирек, гүл шоғырындағы гүлдері ақ...........ақ бас беде.
|
2) сабағы тармақты. Жапырақтары ұсақ, кері жұмыртқа тәріздес, шатыршатүрлі жұмыргүлі ашық сары гүлдерден тұрады..........мүйізді пышан.
|
Б) гүл шоғыры шашақгүл
|
|
1) сабағы тармақты. Жапырақтары элипс тәрізді, кері жұмыртқа түрлі, ортадағы жапырақтық орта жүйкесі жапырақтың шетіне шығып тұрады. Гүл шоғыры – қысқа және қалың шашақгүл көгілдір-сияғыш гүлдерімен..................................................................................егістік жоңышқа.
|
2) сабағы тармақты. Жапырақтары жалпақ сопақ, шеті сирек тісті. Гүл шоғыры – ақ гүлдерімен ұзын шашақгүл........................ақ бас түйежоңышқа.
|
Жапырақтары қауырсынды
|
|
А) Гүл шоғыры – шашақгүл
|
|
1) сабағы түзу, жартылай толық, түкті. Жапырақтары қос-қостан емес, жапырақшалары элипс сияқты, гүл шоғыры – жұмыртқа тәрізді ұзын қалың шашақгүл, төбесі үшкір емес, қызғылт гүлдерімен.............................эспарцет.
|
4) келесі форманы пайдалана отырып, түрлерді сипаттау керек:
Түр
(қазақша және латынша аты)
|
Сабағының сипаты
|
Құрылымы
|
Гүл шоғырының формасы
|
Гүлдері-нің бояуы
|
жапырақ
тарының
|
жапырақша
ларының
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5) кілтті пайдалана отырып астық тұқымдас шөптердің түрін анықтау:
Астық тұқымдас шөптерді анықтау кілті
Гүл шоғыры – масақ
|
|
1) масағы жалпақ, жалды, ұзынша-жұмыртқа тәріздес, жоғары қарай жіңішкереді, ұзындығы 8 см дейін. Масақшалары көпгүлді. Сабағы түзу, жалаңаш, орта бойлы, қуыс. Жапырақтары түзу, тегіс, ұзын............еркек шөп.
|
2) масағы өте босаң, ұзындығы 10-15 см. Масақшалары 2-3 гүлді, өзегіне жабысқан, Сабағы түзу, жіңішке, ұзын. Жапырағы тегіс, жіңішке.........................................................................көген тамырсыз бидайық.
|
3) шашақгүлдің үстінен шығып тұратын ұзын қатты түгімен масақ тәрізді шашақгүл ..........................................................................................могар.
|
Гүл шоғыры – шашақгүл
|
|
1) иілген және бытыраңқы ұзын сабағы бар шашақгүл. Шашақгүлдің сабағы шоғырланып орналасқан. Масақшалары ұзын, тығыз, көп гүлді. Сабағы биік, түзу. Жапырақтары түзу, қияқты, тегіс, ұзын....................................................................................қылтанақсыз арпабас.
|
2) бір гүлді масақшалардан тұратын шашақгүлі бытыраңқы, масақшалры үш-үштен топпен орналасқан; бір масақшасы жеміс береді, жалпақ, қалғандары жіңішке, жеміс бермейді. Сабағы өте ұзын, түзу. Жапырақтары ірі, жалпақ.....................................................................судан шөбі.
|
6) түрлерді мына схема бойынша сипаттау керек.
|
Түрі
|
Көп
жылдық, біржыл-
дық
|
Гүлшоғы-
рының түрі
|
Гүлшоғы-
рының сипаты: тығыздығы, мөлшері, формасы
|
Масақша-
лардың құрылымы
|
Сабағы
|
Жапырағы
|
|
|
|
|
|
|
|
Жұмысты орындаудағы сақтандыру шарттары. Зертханалық жұмыстардың сақтандыру шарттарын студенттердің оқып танысып жақсы білуі қажет және осы шартты оқып танысқаннан кейін сақтандыру журналына қол қояды. Студент жабдықтар мен құралдарға сақтықпенен қарауы қажет. Жоғарғы көрсетілген шарттармен танысып, оны орындауды міндет тұтпаған студент зертханалық жұмысты орындауға жіберілмейді.
Зертханалық жұмыстарды орындау әдістемесі. Студент күні бұрын зертханалық жұмыс бағдарламасымен танысып, оны орындау жүйесінің жоғарыда көрсетілген ғылыми негіздеріне сүйеніп және басқа да әдебиеттерді пайдалана отырып дайындалуы қажет. Осының барлығын жұмыс дәптеріне жазуы керек және дәптерін жұмыс орындау жеріне алып келуі тиіс.
Зертханалық жұмысты орындау және есеп беру шарттары. Студенттің жұмыс орындау үшін дайындаған дәптері толық керекті дәрежеде толтырылуы қажет. Сол дәптердегі кестелер, схема мен диаграммалар толық толтырылуы керек. Студент сабақтың соңында жұмыс дәптерін тексеруге тапсырады. Оқытушы тексеру нәтижесінде студенттің қалай орындағанын анықтап бағалайды. Жұмыс жүйелі түрде орындалмаған жағдайда студент өзі немесе топтасып жұмысты қайта орындайды. Студент қатыспаған дәрістерді өз еркіменен оқып конспект дайындауы тиіс. Зертханалық жұмыс дәптерімен және дәріс конспектісі болмаған жағдайда студент емтихан мен сынаққа жіберілмейді.
Зертханалық жұмысты орындауға берілген тапсырма. Студент ұсынылған әдебиеттерді оқып және осы зертханалық тапсырмада берілген мал азығын өндірудің алға қойған мақсаттары және агрономиялық негіздерімен танысып жазбаша түрде жауап беру керек. 1-2 зертханалық жұмыстарындағы келтірілген кестелерді толтырып тапсыру керек.
Ұсынылған әдебиеттер
-
Андреева Н.Г. Луговое и полевое кормопроизводство. М., Агропромиздат, 1989.
-
Асанов К.А. Кормопроизводство с основами земледелия. Алматы, 1984.
-
Жамбакин Ж.А. Пастбища Казахстана. Алматы, 1995.
-
Зыков Ю.Д. Полевое кормопроизводство. Алматы, 1985.
-
Кузьмин Н.А., Новиков Н.Н. Кормопроизводство. Л., Колос, 2004.
-
Можаев Н.И, Серикбаев Н.А. Луговое и пастбищное кормопроизводство. Астана, 2002.
Достарыңызбен бөлісу: |