Көмірсутектердің жануы кезінде күйе түзілуі



Дата05.02.2024
өлшемі261.07 Kb.
#490842
Көмірсутектердің жануы кезінде күйе түзілуі

Көмірсутектердің жануы кезінде күйе түзілуі

Орындаған: Өмірсерік Е.Ө.


Күйе көмірсутекті шикізатты толық емес жандырғанда, шикізат термиялық ыдырағанда, сонымен қатар, көмірсутектің толық емес тотығу реакциясында түзілетін СО ыдырауының есебінен түзіледі.
Күйенің түзілу шарты мынада: жану камерасының жергілікті аймақтарында оттегінің жеткіліксіздігі (орта мән α > 1), яғни жергілікті химиялық жану процесі толық жүрмеуі. Күйенің теориялық пайда болмауының шекті жағдайы отын – ауа қоспасындағы көміртек пен оттегі атомдарының санының теңдігі болып табылады (С:О = 1). Жанармай-ауа қоспасындағы оттегінің одан әрі төмендеуімен( С:О > 1) жану өнімдерінде жанбайтын көміртек (күйе) пайда болады.
Күйелердің түрлері:
Двигательдерден шығатын күйе: Отынның ішкі жануы кезінде түзіледі. Оған мысал ретінде дизельді отынды алуға болады. Бұл күйенің құрамында металдың бөлшектері болуы мүмкін. Әдетте күйенің бөлшектерінің өлшемі 2.5 микрометрден кіші болады.
Үйден шыққан күйе: Бқл күйе ағаш, көмір жаққан кезде түзіледі. Оның құрамы көміртектің бөлшектерінен тұруы мүмкін.
Өндірістік күйе: Өндірістік үрдістер кезінде түзілуі мүмкін. Бұл күйе көмірді, мұнайды жаққан кезде түзіледі. Оның құрамы көптеген химиялық қосылыстардан тұруы мүмкін.
Қатты қоқысты жаққан кездегі күйе: Қоқысты жаққанда түзіледі. Құрамы көміртек және түрлі токсиканттардан тұруы мүмкін.
Сонымен қатар күйені, оның өлшеміне қарай келесідей етіп жіктеуге болады:
Ұсақ күйе: Күйе бөлшектерінің өлшемі 2.5 микрометрден кіші. Ол өте ұсақ болғандықтан, тыныс мүшелеріне кіріп организмге зиян келтіруі мүмкін.
Үлкен өлшемді күйе: Оның өлшемі 2.5 микрометрден үлкен күйелер. Олар әдетте жоғарғы тыныс алу мүшелерінде қалып қояды.
Оның формасы бойынша: Сфералық: күйе бөлшектерінің формасы сфера тәріздес болады.
Агломерацияланған күйе: Сфера тәріздес күйе бөлшектері бірігіп агломраттар түзуі мүмкін.
Химиялық құрамы бойынша: Органикалық күйе: Құрамында полициклді ароматты көмірсутектер сияқты заттар болуы мүмкін. Полициклді ароматты көмірсутектер күйеге қара түс береді және оны зиянды етеді.
Бейорганикалық күйе: Негізінен құрамы көміртектен тұрады. Ол органикалық қосылыс сияқты емес.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет