Оқу мақсаты 8.2.1.1 Ақпарат көлемін анықтауда алфавиттік (әліпби) тәсілін қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
Оқу мақсаты 8.4.2.1 Желі қолданушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін сақтау (интернеттегі алаяқтық пен агрессия)
Бағалау критерийі Білім алушы
Интернетте қауіпсіз жұмыс жасау ережелерін қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
Алфавит қуаттылығы – 64 символ, ақпарат көлемі 1,5 Кбайт болса, мәтінде қанша символ бар?
Хабарлама 3 беттен тұрады, әр бетте 25 жол бар. Әр жолда 60 символ жазылған. Хабарламадағы барлық ақпарат көлемі 1125 байт болса, қолданылған алфавитте қанша түрлі символ бар екенін анықтаңдар.
«Activ» орталығы қолданушыларына хабарлама жіберді. Хабарлама көлемі – 10 байт. Ақпарат көлемін Мбайт және Кбайт түрінде көрсетіңіз.
Жағдаятты интернеттен келетін қауіп түрімен сәйкестендіріңіз
Алаяқтық
|
|
Әлеуметтік желілердің кері әсері
|
Поштаға үнемі спам хабарламалардың келуі
|
Агрессия
|
Интернет ойындардың бала санасын улауы
|
Браузерді қосқанда кез келген жарнаманың экранға шығуы
|
5. Төменде берілген тұжырымдарды қарастырыңыз. Интернет желісіндегі қауіпті әрекеттерді белгіше арқылы ( ✓) көрсетіңіз.
Жеңіл құпия сөз қолдану ыңғайлы, өйткені есте сақтау қиын емес;
Ата-ананың рұқсатымен әлеуметтік желіні қолдану қауіпсіз;
Интернетте танысқан адаммен кездесуден қорқудың қажеті жоқ;
Досымның компьютерінде құпия сөзді сақтап қалдыру мен үшін зиян келтірмейді;
Әлеуметтік желіде жеке парақшаны баршаға қолжетімді ету қауіпсіз;
Интернетте өзімнің толық аты-жөнімді, мектебімді, нөмірімді көрсету қауіпсіз.
Оқушы электронды пошта арқылы маңызды құжатты ата-анасына жіберу қажет болды. Интернет желісін қауіпсіз қолданудың екі жолын ұсыныңыз.
1)
2)
|