Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары. Бүріккіш құралын қолдану. Қылқаламмен сурет салу



Дата17.07.2016
өлшемі27.26 Kb.
#205696
түріСабақ
Мерзімі «___» _____________________
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары.

Бүріккіш құралын қолдану. Қылқаламмен сурет салу.

Өшіргіш құралын қолдану. Редакторда практикалық жұмыс.

Бағдарламалық – ОЕТС, ОЖ Windows 98.

дидактикалық Оқулық.

қамсыздандыру: Жұмыс дәптер

Сабақтың мақсаты: 1. Графикалық редактормен жұмысқа үйрету.

Қылқаламмен сурет салу дағдысын қалыптастыру.

Бүріккіш құралын қолдану дағдысын қалыптастыру.

Өшіргіш құралын қолдану дағдысын қалыпыптастыру.

2. Оқушылардың қылқалам түрін өзгертуді, бүріккіштің дағының өлшемін өзгертуді, өшіргіштің өлшемін өзгерте білу қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.



Сабақтың типі: Практикум

Білім – білікке Оқушылар білуі тиіс

қойылатын талаптар: - редакторда сурет салу техникасын.

Оқушылар үйренуі тиіс:

  • графикалық редакторды іске қосуды;

  • суреттер салуды, редакциялауды;

  • қылқалам түрін өзгертуді ;

  • бүріккіштің дағының өлшемін өзгертуді;

- өшіргіштің өлшемін өзгертуді.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру
БҮРІККІШ ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ
4.2.23-тапсырма. Бояу бүрку әсерін тудыру үшін не істеу керек екенін көрсет.

1. Бүріккіш батырмасын шертіңдер.

2. Түс палитрасында таңдаңдар.

3. Бүріккіш дағының өлшемін таңдаңдар.

4. Бояуды бүркіңдер.
4.2.24-тапсырма. Айту бойынша сурет сал.

Графикалық диктант. Мұғалім оқушының әрекеттерді орындап үлгеруін қадағалауы тиіс. Диктант аяқталғаннан соң, оқушының жұмысы сыныптағы барлық оқушылардың жұмысымен салыстырады да, ішінен ең жақсы сурет таңдалынып алынады.


  1. Кез келген түсті дөңгеленген тікбұрыш түріндегі суреттің жақтауын сал.

  2. Қара түс ҚАРЫНДАШ құралын таңда.

  3. Көкжүйек сызығын жүргіз.

  4. ҚҰЮ құралын таңда.

  5. Жерді ашық жасыл түспен, ал аспанды көгілдір түспен боя.

  6. Ең кішкене радиусты РАСПЫЛИТЕЛЬ.(Бүріккіш) құралын таңда.

  7. Қанық жасыл түсті шыршалардың суретін сал.

  8. Орта радиусты РАСПЫЛИТЕЛЬ құралымен жерде түрлі түсті гүлдер сал

  9. Орта радиусті РАСПЫЛИЛИТЕЬ құрамымен қызғылт сары күннің суретін сал.

  10. Ең үлкен радиусты РАСПЫЛИТЕЛЬ құрамымен сары күн сәулелерінің суретін сал.

  11. Ең үлкен радиусті РАСПЫЛИТЕЛЬ құрамымен аспандағы ақ бұлттардың суретін сал.


ҚЫЛҚАЛАММЕН СУРЕТ САЛУ
4.2.25-тапсырма. Пішіні, түсі мен өлшемі әр түрлі Қылқалам құралын пайдаланып, өлеңге иллюстрация сал.

Бұл шығармалық тапсырма Қылқалам құралын пайдалану дағдысын қалыптастыруға арналған.
ӨШІРГІШ ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ
4.2.26-тапсырма. Қоңырау сағат.

Сурет салу реті төменде көрсетілген. Өшіргіш құралының көмегімен қандай әрекеттер орындалғанын көрсет.



Ластик (өшіргіш) құралының көмегімен орындалатын әрекеттер компьютерде орындаудың алдында жұмыс дәптерінде көрсетіледі.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту

4.2.23-4.2.26 – тапсырмаларды орындау
V. Қорытындылау

1)Үйге тапсырма

Paint графикалық редакторының құралдары.



Бүріккіш құралын қолдану. Қылқаламмен сурет салу. Өшіргіш құралын қолдану.

2)Оқушыларды бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет