Компьютерлерді желілерге біріктіру 2 жергілікті желі 3



бет1/5
Дата20.02.2024
өлшемі96.83 Kb.
#492534
  1   2   3   4   5
stud.kz-124800


ЖОСПАР



КІРІСПЕ 1
1 Компьютерлерді желілерге біріктіру 2
2 жергілікті желі 3
3 АуҚымды желілер 5
4 Жергілікті жӘне ауҚымды желілердіҢ бірігуі 6
5 принтерлер 6
6 КОМПЬЮТЕРДІ ЖЕЛІГЕ ҚОСУ ЕРЕЖЕСІ 8
7 КОМПЬЮТЕРДІ ЖЕЛІДЕН АЖЫРАТУ ЕРЕЖЕСІ 8
8 БІР ПРИНТЕРДІ ЖЕЛІ АРҚЫЛЫ БІРНЕШЕ КОМПЬЮТЕРГЕ ҚОСУ ЕРЕЖЕСІ 9
Қорытынды 11
ПайдаланҒан Әдебиеттер тізімі 12


  1. КІРІСПЕ


Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі Іnternet желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңалармен толықтырылуда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез-келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланысуда. Информацияның көзге тартар ертеңі таң қалдырып, өзінің соны пайдалана алатыны қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазірде Іnternet жалпыға бірдей информациялық қор тәрізді ертектегі ханшалардан күнделікті күніңізге айналып барады. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай компьютерлермен 60 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. Іnternet желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. ІSOC (Іnternet socіety - Іnternet қоғамдастығы) президентінің жақында Іnternet желісін пайдаланушылар саны 1 милиардқа жететін рас. Сол себепті Іnternet бізге даналық көзі болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдаланатынымызды білген артық болмайды.


  1. 1 Компьютерлерді желілерге біріктіру



Егер сіздің тек бір дербес компьютеріңіз болса, модеміңіз болмаса, онда компьютерлік желінің ерекшеліктерін түсіне қою қиын. Бірақ сіздің бірнеше компьютеріңіз болып, олардың біріндегі мәліметті екіншісіне беру керек болғанда желілік технология өте қажет. Желілік технологиялар қаржы мен уақытты үнемдеуге өте үлкен мүмкіндіктер береді. Сондықтан компьютерлік желілерді пайдалану туралы қысқаша мағлұмат берейік.
Жергілікті желілер – бір-бірімен қатар орналасқан компьютерді біріктіретін жүйелер (бір бөлмеде немесе бір ғимаратта орналасқан компьютерлер). Мұндайда компьютерлерді байланыстыру осы меекменің өздеріне берілген байланыс каналдары арқылы жүргізіледі. Ал компьютерлік ауқымды желіге келетін болсақ, онда олардың ара қашықтығына ешбір шек қойылмайды. Әр түрлі мемлекеттердегі, айта берсек, әр құрлықтарда орналасқан компьютерлерді бір-бірімен байланыстыратын ауқымды желілер бар. Әрине мұндай байланыстыру желісін шағын немесе орташа фирмалар жасай алмайды. Ауқымды желі құру үшін біраз қаражат керек, көптеген телефон каналдары, жер серіктері арқылы байланысу мүмкіндіктері қажет.
Жергілікті желілерге компьютерлер арасында ақпаратты жеткізу жылдамдығы өте жоғары болады, олар секундына 10, айта берсек 100 мегабитке де жетеді. Гигабиттің де ауылы алыс емес. Ал, ауқымды желілер жүйесінің компьтерлер арасындағы жылдамдық мұндай жоғары емес, телефон каналдарын пайдалану кезіндегі оның пайдалану жылдамдығы секундына 2400-57600 биттер аралығында болады.
Ауқымды және жергілікті желілердің қолдану мақсаттары әртүрлі, бұл екеуі де компьютерлік технологияның зор жетістіктері қатарына жатады, сондықтан оларды мұқият оқып үйренуге көңіл бөлген артық бола қоймас.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет