Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Семей қаласы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейдегі СМК құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК
042.14.2.07.1.20.хх/01-2013
|
ПОӘК
Оқытушыға арналған
«Компьютерлік графика» пәні бойынша оқу жұмыс бағдарламасы
|
....09.2014ж
№..... басылым
|
«Компьютерлік графика»
ПӘНІН ОҚЫТУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
5В060200 - «Информатика» мамандығына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей
2014.
МАЗМҰНЫ
-
|
Глоссарий
|
| -
|
Дәрістер
|
| -
|
Практикалық сабақтар
|
| -
|
Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы
|
| -
|
Студенттердің өздік жұмыстарының құрылымы
|
|
-
Глоссарий
Графика – дәстүрлі берілімде көркем бейнелерді салу немесе басып шығару сияқты дәстүрлі әдістермен алынған шынайы немесе елестетілген объектіні визуальды беру нәтижесі.
Компьютерлік графика – шығару құрылғысында бейнелеуге арналған кез-келген мәліметтерді қамтитын графика.
Интерактивті компьютерлік графика – бұл компьютерлік жүйенің графика жасап, сонымен бір уақытта қолданушымен диалог жүргізуі болып табылады.
Графиктік формат – бұл графиктік бейнені сипаттайтын мәліметтерді жазу тәсілі.
Графиктік файлдар – бұл ары қарай визуальдауға арналған графиктік мәліметтердің кез-келген типтері сақталатын файлдар.
Растрлық мәліметтер – бөлек пикселдердің түстерін анықтайтын сандық мәндер термесі.
Пиксельдер – дұрыс торда орналасқан, бейне құрайтын түстік нүктелер.
Физикалық пикселдер – шығару құрылғысында көрсетілген шын нүкелер, яғни аппараттық және программалық жолмен қорытуға болатын, бейнелеу бетінің ең кіші физикалық элементтері.
Логикалық пиксельдер – бұл математикалық координаттар, олар орын алулары бар, бірақ физикалық кеңістік алмайды.
Фрактал – бұл жекелеген элементтері ата-аналық құрылымдардың қасиеттерін мұраға алатын объект
Фрактальдық кодтау – бұл математикалық процесс, ол шынайы бейнелері бар растрларды бейненің фрактальды қасиеттерін сипаттайтын математикалық мәліметтер жиынтығына кодтау үшін қолданылады.
Бейне растрларын декодтау - бұл фракталдық кодтар интерпретацияланып растрлық бейнеге айналатын қарапайым процесс.
RGB – аддитивті түстік модель, 3 түске қызыл, жасыл және көгілдір негізделген.
Дисплейлік буфер – ЭСТ-де бейнені шығаруға қажетті барлық ақпаратты қамтитын жадының үзіліссіз аумағы.
-
ДӘРІСТЕР
Дәріс №1. Компьютерлік графикаға кіріспе
Жоспар:
-
Компьютерлік графиканың негізгі қызметі, анықтамасы;
-
Компьютерлік графиканы қолдану сфералары;
-
Компьютерлік графиканы қолданудың классификациясы;
-
Компьютерлік графиканың қысқаша тарихы.
Векторлық графика
Векторлық графика ұғымы. Объектілер және олардың атрибуттары. Векторлық графиканың математикалық негіздері. Векторлық графиканың жетістігі мен кемшіліктері.
Растрлық графика
Пиксельдер. Түпнұсқа, экран бейнесінің, баспа кескінінің мүмкіндіктері және линиатура түсінігі. Динамикалық диапазон. Кескін параметрі және файл өлшемі арасындағы байланыс. Растрлық кескіндерді масштабтау.
Компьютерлік графиканың даму тарихы.
1950 жыл – компьютерлер пайда болды. Олар нәтижесі сандық мәліметтер болып табылатын ғылыми және өндірістік мәселелерді шешу үшін қолданылады.
60 – жылдарға қарай символдық баспа режимінде графиктік мәліметтерді өңдеу мүмкіндігіне ие болған неғұрлым қуатты компьютерлер шыға бастады.
Одан кейін графопостроительдер деп аталатын арнайы қағазға басып шығару құрылғылары шықты. Графопостроительдер жұмысын басқару үшін арнайы программалық қамтамасыз етулер жасала бастады. Келесі маңызды қадам графиктік дисплейлердің пайда болуымен жүзеге асты. Графиктік дисплей растр құрайтын біркелкі қатарлар немесе жолдарға тізілген нүктелер жиынынан сурет құрайды. Жол бойымен сканерлеу принципі бойынша жұмыс істейтін мониторлар растрлық деп аталады. Видеосигнал қалыптасуын қамтамасыз ететін және сол арқылы бейнені анықтайтын компьютер платасы видеоадаптер, видеоплата деп аталады. Видеоадаптердің негізгі бөліктері – видеожады және дисплейлік процессор. Шығарылатын бейне видеожадыда қалыптасады. Дисплейлік процессор видеожадыны оқиды да, монитор жұмысын басқарады. Видеоадаптерлер әртүрлі режимдерде жұмыс істей алады: текстік және графиктік.
Текстік режимде монитор экраны шартты түрде белгілік орын деп аталатын жекелеген учаскелерге бөлінеді. Әрбір белгілік орын ASCII кодтар кестесіндегі 250 символдармен шығарылуы мүмкін.
Графиктік режимде ақпарат нүктелердің тікбұрышты тор ретінде көрсетіледі, олардың әрқайсысының түсі программаға байланысты. Текстік және графиктік режимде бейнежадыны толтыруда айтарлықтай айырмашылықтар бар. Графиктік режимде бейнежадының элементтер саны экрандағы нүктелер санына сәйкес келеді, ал текстік режимде экрандағы символдар санына сәйкес келеді.Текстік режимде әр позиция үшін код символы және осы символ атрибуты сақталынады. ІBM PC бірінші компьютері – 1981 жылы MDA бейнеадаптерімен жабдықталды. Бейнежүйе тек текстік режимдегі жұмыс үшін арналған.
Hercules бейнеадаптері бір жылдан кейін пайда болды, ол 720×348 пиксель өлшеміндегі ақ-қара түсті графиктік бейнережимді қабылдаған.
Одан кейін 1983 жылы CGA бейнеадаптері пайда болды.Бұл IBM PC фирмасы үшін бірінші түрлі-түсті модель болды.Ол түрлі-түсті текстік және графиктік режимде жұмыс істеуге мүмкіндік берді. (320×200 – түрлі-түсті, 640×200–ақ-қара түсті,түрлі-түсті 4 түсте қабылдай алады.)
1984 жылы EGA бейнеадаптері пайда болды. Онда 640×350 пиксель өлшеміндегі 16-түрлі-түсті режим болды(оның кемшілігі-пикселдер квадрат емес). MCGA(Multicolor) және VGA(Video) (256-түрлі-түсті бейнережим) адаптерлері 1987 жылы пайда болды. VGA ақ-қара түстегі бейнелерді шығаруға мүмкіндік алды. 16 түсте бейнережимді қамтамасыз ететін бейнеадаптерлер пайда болды 800×600, 640×480, 1024×768- Super VGA.
1995жыл –Targa 24-16 000000 түсті, яғни 24 бит/пиксель. Apple, Macintosh позициядан ығыса бастады.
Қазіргі уақытта Pentium процессорлы IBM PC компьютерлерінде растр өлшемі 1600×1200 болғанда 32 бит/пиксель түс тереңдігімен бейнекарталардың орасан зор саны қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |