ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«М.Әуезов атындағы Оңтүстік
Қазақстан университеті
Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институты
«Химия кафедрасы»
МӨЖ
3-ТАҚЫРЫП .Координаталық химия:Комплексті қосылыстардағы химиялық байланыс теориясының негізгі ұғымдары
Орындаған: Меп-21-4нк-2 Роман Гүлнұр
Қабылдаған: т.ғ.к., доцент Ермаханов М.Н
Шымкент 2021
3-ТАҚЫРЫП Координаталық химия:Комплексті қосылыстардағы химиялық байланыс теориясының негізгі ұғымдары
Комплексті қосылыстар дегеніміз құрамында бір немесе бірнеше донорлы- акцепторлы байланыс болатын жоғары ретті қосылыстарды айтамыз.
K4 [ Fe(CN)6 ] ↔4K+ + [ Fe(CN)6 ]4-
[Ni(NH3)6] S↔ [Ni(NH3)6]2+ +S2-
Алғаш комплекс қосылыстар түзілу механизімін жасаған А. Вернер болды. Ол негізгі және қосымша валенттілік ұғымын және кординациялық теорияны енгізді.
1. Комплекс қосылыстардағы басты орын комплекс тзушінің орнына тиеді. Комплекс түзуші көбінесе оң зарядталған металл иондары болады. (Fe2+ және Ni2+).
2. Комплекс түзушінің маңайында теріс зарядталған аниондар немесе электробейтарап молекулалар – Лигандалар орналасады (CN- және NH3 ион мен молекуласы).
3. комплекс түзушінің маңайына орналасқан немесе кординацияланған лигандалардың жалпы саны комплекс түзушінің кординациялық саны деп талады. ( екі қосылыста да 6 - ға тең).
4. Комплекс түзуші мен лигандалар комплекс қосылысының ішкі сферасын түзеді ([ Fe(CN)6 ]4- және [Ni(NH3)6]2+ иондары).
5. Ішкі сфераға симай қалған иондар комплекс қосылысының сыртқы сферасын түзеді(K+ және S2- иондары).
6. Егер қосылыстағы компекс ионының заряды оң болса ([Ni(NH3)6]2+),сыртқы сферада аниондар орналасады (S2-), ал комплекс ионының зряды теріс болса ([ Fe(CN)6 ]4- ), сыртқы сферада катиондар орналасады (K+).
Комплекс қосылыстаодың формуласын жазғанда ішкі сфера жақшаға алынып, сыртқы сферадан бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |