Конференция секциясы: "Коллоидтық химия және полимерлер химиясы" Ауызша хабарлама немесе стендтік баяндама



Дата31.03.2023
өлшемі19.15 Kb.
#471504
Сайдакбарова Зарнигор (копия)


Аты-жөні (толық): Сайдакбарова Зарнигор Зафарқызы
Оқу немесе жұмыс орны: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Курс: 4
Ғылыми жетекшісі: Есімова Орынгүл Арықбекқызы
Контакт телефоны: +7 771 251 12 50
Электрондық пошта адресі(E-mail): zarnigorsajdakbarova@gmail.com
Конференция секциясы: “Коллоидтық химия және полимерлер химиясы”
Ауызша хабарлама немесе стендтік баяндама: Ауызша хабарлама
Баяндаманы көрсету үшін қажетті техникалық құралдар: Проектор
Студенттер үшін - Ф.И.О., ғылыми жетекшінің ғылыми атағы (толық): Есімова Орынгүл Арықбекқызы, х.ғ.к., қауымдастырылған профессор.


Асқабақ майы-су негізіндегі эмульсиялар алу және оларды БАЗ-дармен тұрақтандыру


Сайдакбарова З.З.


Ғылыми жетекшісі: қауымд.профессор Есімова О.А.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
e-mail: zarnigorsajdakbarova@gmail.com

Косметика өнеркәсібі-үнемі дамып, жаңаларын игеріп келе жатқан өнеркәсіптің бірі болып табылады. Косметикалық өндірістің ішіндегі таптырмайтын химиялық құбылыстың бірі ­коллоидтық үдеріс болып табылады. Коллоидтық химияның маңызды мәселесі ­дисперстік жүйелердің тұрақтылығы екені мәлім. Соның ішінде эмульсияның тұрақтануы мен тұрақсыздандыру мәселесі коллоидтық химияның тапсырмалар қатарында көрнекті орын алады. Бұл олардың өндірісте және күнделікті тұрмыста кең қолданылуымен түсіндіріледі. Косметологияда асқабақ майын қолдану косметологияда асқабақ тұқымының майы маңызды артықшылыққа ие.


Жұмыстың мақсаты -- асқабақ майы-су негізіндегі косметикалық эмульсияларын алу және оларды БАЗ-дармен тұрақтандыру. Асқабақ майы негізінде косметикалық өнім алу.
Қазіргі таңда БАЗ-дармен эмульсияны тұрақтандырудың практикалық маңызы зор болып табылады. Осыған байланысты дипломдық жұмыста беттік-активті заттардың тұрақтандырғыштық механизмін анықтау үшін асқабақ майы/су эмульсиясы зерттелді. Асқабақ майы-су негізіндегі алынған эмульсиялардың арасында ең тұрақтысы фазалардың көлемдерінің қатынасы 6:4 екені анықталды. Косметикалық эмульсияның тұрақтылығын арттыру үшін ионогенсіз (Твин – 20) және анионды БАЗ- дар (АПГ 8-10) қосылды. Жеке БАЗ-дың және олардың комплекстерінің май\су эмульсиясы тұрақтылығына әсерлері зерттелді. Алынған зерттеу нәтижелеріне байланысты Твин-20 және АПГ 8-10 БАЗ-дардың концентрациялары артып отырған сайын көлемдік қатынасы 6:4 болған эмульсиялардың тұрақтылығы артқаны дәлелденді. Алынған беттік активті заттардың жене олардың қоспаларының фазааралық шекарадағы беттік қасиеттері (жұғу, беттік керілу) зерттелді. Твин – 20 /АПГ 8-10 қоспаларында синергетикалық эффект көрсететіні байқалды.
Зерттеу нәтижесінде алынған ионогенсіз беттік активті зат- Твин – 20 эмульгатор ретінде асқабақ майы негізінде ылғалдандырғыш бетке арналған крем алынды.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет