«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры
Балет әртістері бос лауазымына орналасу туралы
КОНКУРС ЕРЕЖЕСІ
«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры балет әртістері бос лауазымына орналасуға Конкурс жариялайды:
1. Жетекші балет солисі
2. Балет солисі
3. Кордебалет әртісі
I. Жалпы ережелер
Конкурстың құрылтайшысы және ұйымдастырушысы «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» КеАҚ болып табылады (бұдан әрі – Театр).
Конкурсты дайындауға құрамы Театр директорының өкімімен бекітілетін Ұйымдастыру комитеті басшылық етеді.
Балет артистері бос лауазымға орналасу Конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) театр директорының өкіміне сәйкес жүргізіледі.
Осы Ереже Конкурстың өткізілу тәртібін, шарттарын және мерзімін, сондай-ақ Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарды және Конкурс жеңімпаздарын іріктеу критерийін айқындайды.
II. Конкурсқа қатысу өтінімін беру тәртібі
Конкурсқа қатысу өтінімдері (құжаттары) Конкурс туралы ереже БАҚ-та ресми түрде жарияланған сәттен бастап қабылданады. Үміткерлерді Конкурсқа қатысу іріктеуін Ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.
Үміткерлер Конкурсқа қатысу үшін оларды іріктеу мақсатында Ұйымдастыру комитетіне электрондық немесе почталық мекенжай бойынша төмендегі құжаттарды ұсынады:
- үміткердің немесе оның өкілінің Конкурсқа қатысуға толтырған өтінімі (өтінім нысаны – қосымшада);
- үміткердің портреттік фотосуреті (*jpg форматындағы файл) – 3x4см;
- төлқұжатының немесе жеке куәлігінің көшірмесі;
- кәсіби оқу орнын аяқтағандығы туралы диплом көшірмесі;
- түйіндеме (үміткердің қандай лауазымға үміттенетіндігін
МІНДЕТТІ түрде көрсету керек);
Конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі 2014 жылғы 22 мамырға дейін. Ұйымдастыру комитетіне көрсетілген мерзімнен кешіктіріліп тапсырылған өтініштер қарастырылмайды.
Конкурсқа қатысу өтінімдерін astanaopera.hr@gmail.com электрондық поштасына немесе Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қонаев көшесі, 1, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» КеАҚ Кадр жұмысы департаменті мекен-жайы бойынша жолдау қажет. Қосымша ақпарат телефоны: 8 (7172) 709 590; 709 608.
Барлық мәтіндік материалдар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.
Байқауға қатысуға жіберілген үміткерлердің тізімі «Астана Опера» театрының ресми сайтында жарияланатын болады www.astanaopera.kz.
Ұйымдастыру комитеті үміткерге Конкурсқа қатысушылардың құрамына енгізілмегендігі туралы оның себеп-салдарын түсіндірмей, үміткердің түйіндемедегі көрсетілген электрондық почтасы немесе телефоны бойынша ресми түрде хабарлайды.
III. Конкурсқа қатысу шарттары
- Конкурсқа қатысу тегін.
- Ұйымдастыру комитеті Конкурсқа қатысушылардың жол шығындарын,
тұратын орнын және басқа да материалдық шығындарының ақысын төлемейді.
- Конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімі үміткердің Ережеде мазмұндалған талаптармен толық келіскені туралы куәландырады.
IV. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар
- Орындау барысы сахналық мәдениеттің жалпыға бірдей қабылданған нормаларына сай болуы керек.
- Конкурс 2 кезеңнен тұрады. Өнер көрсету бағдарламасы Қосымшада беріледі.
- Кордебалет әртісі және балет солисі үшін ноталық материалды театр береді, жетекші балет артисі лауазымына үміткерлер фонограмманы өздері ұсынуы керек.
- Фонограмма салынған қорап сыртында орындаушының аты-жөні, нөмір атауы және Конкурстың қай кезеңінде орындалатындығы туралы анық жазылып, фонграммалық жазба кәсіби аппаратурада жасалуы қажет.
- Егер үміткер Конкурсқа келмеген жағдайда Ұйымдастыру комитеті оны Конкурсқа қатысушылар қатарынан алып тастау құқығына ие.
V. Конкурсты өткізу мерзімі мен тәртібі
Конкурс 2014 жылғы 26-27 мамыр аралығында «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының Балет залында өтеді.
26 мамыр 10.00 - 11.30 – 1 кезең. Жетекші солистер, солистер, кордебалет. Классикалық би сабағы (әйелдер).
12.00 - 13.30 – 1 кезең. Жетекші солистер, солистер, кордебалет. Классикалық би сабағы (ерлер).
15.00 - 17.00 – 1 кезең. Балет солистері (әйелдер, ерлер).
17.00 - 20.00 – 1 кезең. Жетекші балет солистері (әйелдер, ерлер).
27 мамыр 10.00 - 11.30 Хореографиялық училище түлектеріне арналған
классикалық би сабақтары
11.30 - 14.00 – 2 кезең. Кордебалет (әйелдер, ерлер).
15.00 - 17.30 – 2 кезең. Балет солистері (әйелдер, ерлер).
18.00 - 20.00 – 2 кезең. Жетекші балет солистері (әйелдер, ерлер).
Классикалық би сабағы жетекші балет солистері және балет солистері үшін 1 кезең аясында міндетті болып табылады.
- Конкурстың әділ қазылар алқасының (бұдан әрі – Әділ қазылар алқасы) төрағасы мен мүшелерін Театр директоры бекітеді.
- Төраға әділ қазылар алқасының жұмысын ұйымдастырады, отырыстарын өткізеді.
- Әділ қазылар алқасы қатысушыдан өнер көрсетуін тоқтатуға немесе басқа музыкалық фрагментті қайталауды сұрауға құқылы.
- Конкурсқа қатысушылардың барлық өнер көрсетуі жабық түрде өтеді және бейнетасымалдығыштармен жазылады. Дауыстар тең болған жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
- Әділ қазылар алқасының барлық шешімі түбегейлі және қайта қарауға жатпайды.
VI. Конкурстың жеңімпаздарын іріктеу критерийлері
Конкурстың жеңімпаздарын іріктеу төмендегі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:
- түр-пішіні (сыртқы келбеті)
- техникасы
- артистік қабілеттері
- музыкалық сезімталдығы
- орындау мәдениеті
VII. Конкурс қорытындысын шығару
Конкурс қорытындысы 2014 жылғы 28 мамырда жарияланады.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталады, оларға ұсынылатын лауазымға сәйкес келісім-шарт жасау ұсынылады.
Театр Конкурс жеңімпаздарымен шарт жасасуға міндетті емес.
Қосымша
Балет әртістерінің конкурстық бағдарламасы
Жетекші солист (ер, әйел)
І кезең. Екі Pas-de-deux, бір вариация
- П. Чайковский. «Аққу көлі» балетінен Pas-de-deux (Одиллия, ІІІ акт); Одеттаның Вариациясы (ІІ акт)
- П. Чайковский. «Аққу көлі» балетінен Pas-de-deux (Зигфрид, ІІІ акт); «Шаққыш» балетінен Принцтің Вариациясы (ІІ акт)
Немесе:
- П. Чайковский. «Ұйқыдағы ару» балетінен Pas-de-deux (Аврора, ІІІ акт); «Ұйқыдағы ару» балетінен Аврораның Вариациясы (І акт)
- П. Чайковский. «Ұйқыдағы ару» балетінен Pas-de-deux (Дезире, ІІІ акт); А.Адан. «Жизель» балетінен Альберттің Вариациясы (ІІ акт)
ІІ кезең. Бір Pas-de-deux
- Л. Минкус. «Дон Кихот» балетінен Pas-de-deux
- Х. Левенсхольд. «Сильфида» балетінен Pas-de-deux (ІІ акт)
Балет солисі (ер, әйел)
І кезең. Бір Pas-de-deux, екі вариация
- А. Адан. «Жизель» балетінен Pas-de-deux (қыстырма, І акт)
- П. Чайковский. «Аққу көлі» балетінен Pas-de-trous (І акт); 1, 2 әйелдер Варияциалары, 1 ер Вариациясы (міндетті бағдарлама)
Таңдап алуға:
- П. Чайковский. «Аққу көлі» балетінен Кішкене аққулар биі (ІІ акт)
- Л. Минкус. «Баядерка» балетінен Көлеңкелер Вариациясы (1, 2, 3, ІІІ акт)
- Л. Минкус. «Дон Кихот» балетінен Әмірші Дриадтың Вариациясы («Түс»)
- Л. Минкус. «Дон Кихот» балетінен Амурчиктің Вариациясы («Түс»)
- Ф. Шопен. «Шопениана» балетінен 11-ші вальс
- Ф. Шопен. «Шопениана» балетінен Прелюд
- Ф. Шопен. «Шопениана» балетінен Мазурка (ерлер)
- А. Адан. «Корсар» балетінен Күңдер Вариациясы (1, 2, 3)
- А.Адан. «Корсар» балетінен Гүлнардың Вариациясы («Жанданған бақша»,
ІІІ акт)
ІІ кезең. Бір Pas-de-deux
- Ц. Пуни. «Эсмеральда» балетінен Диана мен Актеонның Pas-de-deux-і
(ІІ акт)
- А.Адан. «Корсар» балетінен Pas-desclave (І акт)
Кордебалет әртісі (әйелдер)
І кезең.
Классикалық би сабағы – 1,5 сағат
ІІ кезең.
- П. Чайковский. «Аққу көлі» балетінен Аққулардың шығуы, вальс, кода
(ІІ акт).
- П. Чайковский. «Аққу көлі» балетінен нереид көрінісі (ІІ акт).
Кордебалет әртісі (ерлер)
І кезең
Классикалық би сабағы – 1,5 сағат
ІІ кезең
- Л. Минкус. «Баядерка» балетінен Индус биі (ІІ акт)
- Б. Асафьев. «Бақшасарай бұрқағы» балетінен Татарлар биі (ІІІ акт)
«Астана - Опера»
Мемлекеттік опера және балет
театрының директоры
Т.М. Мұхамеджанов мырзаға
ӨТІНІШ
Сізден _______________________________________________________ вакантты қызмет орнына орналасу Конкурына қатысуыма рұқсат беруіңізді сұраймын.
Байланыс деректерім:
Почталық мекен-жайым:____________________________________________
Үй телефоным:_____________________________________________________
Ұялы телефон нөмірім:______________________________________________
Электронды поштам:_________________________________
Күні Қолы
Достарыңызбен бөлісу: |