2014 жылғы 01 сәуірдегі № 36 «Арқа ажары» газетінде жарияланды
«Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі бос орын әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
-
«Аршалы ауданының құрылыс бөлімі» ММ бас маман-бухгалтер, E-R-4 санатты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы қызмет істеген жылдарына байланысты 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік, салық, статистикалық есепті, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, қаржылық есептер жүргізу. Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу. Құжаттамалауды және іс-жүргізуді ұйымдастыру.Бұйрық жобаларын дайындау және оны тіркеу.
Конкурстық қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары экономика және бизнес саласында, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес экономика және бизнес саласында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
-
«Аршалы ауданы Жібек Жолы ауылдық округінің әкімі аппараты» ММ бас маманы, санаты E-G-3, 1-бірлік.
Лауазымдық еңбекақысы қызмет істеген жылдарына байланысты 53813 теңгеден 72391 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: жоспарлау, дамудың орташа мерзімдік жоспарын, аппарат бойынша бюджеттік өтінімді жиынтықтау және қалыптастыру. Бухгалтерлік, салықтық және статистикалық есеп пен қаржылық есептемені жүргізу. Мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастыру. Мекеменің материалдық құндылықтарының сақталуын бақылау және есебін, негізгі құралдардың түгендеуін жүргізуді бақылау.
Конкурстық қатысушыларға қойылатын талаптар: экономика және бизнес саласында жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес экономика және бизнес саласында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
-
«Аршалы ауданы Жібек Жолы аулыдық округінің әкімі аппараты» ММ жетекші маманы, санаты E-G-4, 1-бірлік.
Лауазымдық еңбекақысы қызмет істеген жылдарына байланысты 48047 теңгеден 64704 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Аппараттың ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу. Әскери есеп және брондау бойынша, әскери есепке алу және одан шығару, жастарды әскери есепке алу бөлімшесіне дайындау және ҚР Қарулы күштер қатарына жіберу жұмыстарын, әлеуметтік карталар бойынша, балалары бар отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек жәрдем ақысын есептеу бойынша есептерді түзу жұмыстарын ұйымдастыру.
Конкурстық қатысушыларға қойылатын талаптар: білім немесе табиғи ғылымдар немесе гуманитарлық ғылым немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауыл шаруашылық ғылымдар немесе қызметтер салаларында жоғары білім немесе жоғарыда аталған мамандықтар бойынша орта білімнен кейінгі білім, немесе жоғарыда аталған мамандықтар бойынша орта техникалық білім немесе жоғарыда аталған мамандықтар бойынша кәсіби білім
-
«Аршалы ауданы Бұлақсай ауылдық округінің әкімі аппараты» ММ жетекші маманы, санаты E-G-4, 1-бірлік.
Лауазымдық еңбекақысы қызмет істеген жылдарына байланысты 48047 теңгеден 64704 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Жоспарлау, дамудың орташа мерзімдік жоспарын, аппарат бойынша бюджеттік өтінімді жиынтықтау және қалыптастыру. Бухгалтерлік, салықтық және статистикалық есеп пен есептемені жүргізу. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу. Мекеменің материалдық құндылықтарының сақталуына және есебіне бақылау, негізгі құралдардың түгендеуін жүргізуді бақылау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономика және бизнес саласында жоғары білім, немесе экономика және бизнес саласында орта білімнен кейінгі білім, экономика және бизнес саласында орта техникалық немесе экономика және бизнес саласында кәсіптік білім.
Конкурс Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттік Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 Бұйрығымен бекітілген «Әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу ережесі және конкурстық комиссия құру» негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға тілек білдіруші азаматтар келесі құжаттарды тапсырады:
-
Ережесінің 2-қосымшасына сәйкес үлгідегі өтініші;
-
Ережесінің 3-қосымшасына сәйкес үлгідегі 3х4 көлеміндегі фотосуретпен толтырылған анкета;
-
Нотариалды куәлендірілген білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
-
Нотариалды куәлендірілген жұмыс істегендігін растайтын құжаттардың көшірмесі;
-
Берілген үлгідегі (№ 086/У) денсаулығы туралы анықтама;
-
Қазақстан Республикасы азматының жеке бас куәлігінің көшірмесі,
-
Құжаттарды тапсыру сәтінде тестен өткендігі туралы жарамды сертификат.
Құжаттар пакетін толық тапсырмаған жағдайда конкурстық комиссия оны қараудан бас тартады.
Мемлекеттік қызметшілер тарапынан берілетін жоғарыдағы 3) және 4)-тармақтағы құжаттарды өздері жұмыс істейтін мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәлендіреді.
Сұхбаттасуға жіберілген үміткерлер оны «Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімі аппараты» ММ үміткердің сұхбаттасуға жіберілгендігі туралы хабардар еткен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды конкурс өткізу туралы «Арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттерінде хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде тапсыру қажет.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), комерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Мекен-жайы: 020200 индексі, Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Тәшенов к. 47, 307 каб., анықтама үшін телефондар: 8/71644/2-18-70(108), факс - 8/71644/2-13-52, электрондық почта – arshaly_org83@mail.ru.
Достарыңызбен бөлісу: |