Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі 2015 жылға өсімдік шаруашылығы



Дата29.02.2016
өлшемі29.82 Kb.


Жоба

Павлодар облысы әкімдігінің

2015 жылғы 7 сәуірдегі

«2015 жылға өсімдік шаруашылығы

өнімінің шығымдылығы мен

сапасын арттыруды субсидиялаудың

кейбір мәселелері туралы» № 96/4

қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 573 қаулысымен бекітілген Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысымен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі «2015 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» № 96/4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4472 болып тіркелді, 2015 жылғы 23 мамырда «Сарыарқа самалы» газетінде, 2015 жылғы 23 мамырда «Звезда Прииртышья» газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:

прембуласы келесі редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 573 қаулысымен бекітілген Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысымен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулының 1-қосымшасының 17 жолын осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.

осы қаулының Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Н.К. Әшімбетовке жүктелсiн.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.




Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

КЕЛІСІЛДІ:


Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

____________ А. Мамытбеков
2015 жылғы ____ __________

Павлодар облысы әкімдігінің

2015 жылғы «______» ____________

№ _______ қаулысына



1-қосымша


17.

Тамшылатып және спринкерлік суармалау жағдайындағы бірінші жылғы картоп, көкөністер және бақша дақылдары

150000



Каталог: upload -> files -> normativno-pravovajbaza
files -> 2013 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп
files -> «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы»
files -> Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындар мен сайлаушылармен кездесу үшін берілетін үй-жайларды белгілеу туралы
files -> 2013 жылдың 1 қыркүйегіне Жаңақорған ауданы бойынша кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет
normativno-pravovajbaza -> Асыл тұқымды мал шаруашылығын


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет