Конкурс жариялайды «Ұлан ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі»



Дата01.07.2016
өлшемі37.91 Kb.
#170219
түріКонкурс
Хабарлама «Ұлан ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға конкурс жариялайды
«Ұлан ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру, еңбекке баулу және кәсіптік бағдар беру бойынша (Е-R-4) бас маман. Лауазымдық жалақысы мемлекеттік өтіліне байланысты 56 375 теңгеден 76 235 теңгеге дейін.
Біліктілік талаптар: білімі жоғары педагогикалық, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі педагогикалық білімі барларға рұқсат етіледі.
Функционалдық міндеттері:

Мектепке дейінгі тәрбиелеу, міндетті жалпы білім беру, кезекпен оқитындарды қоса алғанда, және интернатты типтегі мекемелер арқылы орта жалпы білім беруді азаматтарға ұсынуды қамтамасыз ету. Балаларға, жасөспірімдерге, жастарға жалпыға бірдей білім беруді жүзеге асыруды және жалпы білім беру қорын қадағалау.

Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың есебін жүргізу, қатаң есеп беру құжаттарын қадағалау, мектептердің торларын қадағалау;

Мектепішілік басшылықты және мектепішілік бақылауды, мектеп құжаттарын жетілдіреді, санитарлық гигиеналық нормативтермен ережелердің сақталуын қадағалау, мектепке оқушыларды тасымалдауды ұйымдастыруды қадағалау, оқушылармен мамандық таңдау жұмысын жүзеге асырады; білім беру мекемелерімен мектеп инспекциясы туралы ережелерінің негізінде мекемелердің бұйрықтар мен инструкциялардың, білім және ғылым министрлігінің және облыс басқармасының, білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің нұсқауларын орындауын қадағалау; білім беру мекемелерінде білім беруді және интернаттарда оқу және тәрбие жұмыстарын жүргізуге жағдай жасауды жетілдіру жұмыстарын іске асыру.

Білім беру мекемелерінде Жарғының, оқу жоспарының, оқушылар жүктемесіннің, бағдарламалардың және тағы басқа нормативті құжаттардың орындалуын тексеруді жүзеге асыру;

Оқыту үрдісінің жаңа түрлерін және әдістерін ұйымдастырады және білім беру мекемелерінң жұмыс жоспарларын сұрыптайды; оқушылардың білім сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру мекемелерінің (нархозплан) жоспарды дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындауды бақылау;

Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінде мектеп басшылары кеңесі отырысының хатшысы міндетін атқару.

Әдістемелік көмек көрсету және басшылық жұмысты атқара білу. Ұлттық бірыңғай тестілеу және ОБСБ (оқушылардың білім сапасын бақылау) жұмыстарын ұйымдастырып бақылау жасау.

Мектеп басшыларының оқу ісі бойынша орынбасарларының және басшыларының іс жүргізуін және бекітілген құжаттарды жүргізуін бақылау, статистикалық есеп жасау.

Компьютерде жұмыс істей білуге міндетті.


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер;

Конкурс бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу Ережесі негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Ұлан ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мынадай құжаттарын тапсырады:
Конкурс өткізу Ережесіне сәйкес нысандағы өтініш;
3х4 үлгідегі сурет және Ережеге сәйкес нысандағы сауалнама;
Бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
Еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
Құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесудің өткізілу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Кандидаттар әңгімелесуді әңгімелесуге жіберілгендігі туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Ұлан ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде өтеді.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күн ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5, «Ұлан ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, анықтама телефоны: 8 (72-338) 27-345 (факс), 27-262, 79-042, электрондық почта: ulanroo@mail.ru.
Конкурс комиссиясы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет