Зертханалық жұмыс №2
Тақырып:Өндірісті техникалық бақылауды ұйымдастыру. Стандарттар және техникалық шарттар. Өнеркәсіп өнімінің сапасын аттестаттау жүйесі. Шикізаттың, материалдардың және дайын өнімнің сапасын бақылауды ұйымдастыру. Өндірісті технологиялық бақылау.
Мақсаты:Өндірісті техникалық бақылауды, стандарттары мен техникалық шарттарың біледі. Шикізаттың сапасын бақылауды үйренеді.
Керекті құрал-жабдықтар:бейнеролик, таратпалар, шикізат(топырақ), технологиялық карта
Теориялық бөлім
Кіріспе
Химиялық өндірістер негізгі жəне көмекші цехтардан құралады.Өндірістің меңгерушісі – директор, директордың бірінші орынбасары– бас инженер. Бас инженер өнеркəсіптің барлық өндіріс əрекеттерінмеңгереді.
Өндірісті тікелей зауыт басқармасы меңгереді, оның құрамындаəртүрлі бөлім меңгерушілері: бас өндірістік технолог, бас механик, жос-парлау бөлімі, т.б. бөлімдер болады.Өнеркəсіп құрамындағы ерекше маңызды бөлімдері – орталық зауытжəне цех зертханасы. Олардың негізгі міндеттеріне:
– өндірісті жəне өнімнің сапасын бақылау;
– технологияны кемелдендіру;
– өндіріске жаңа əдістерді енгізу жəне жаңа өнімдерді өндірудіңəдістерін ұсыну жатады.
Орталық зауыт зертханасы (ОЗЗ) құрамында өндірісті бақылаужəне ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізетін бөлімшелер болады.ОЗЗ бастығы бас инженерге бағынады.Техникалық бақылау бөлімі (ТББ) – жоғары сапалы өнім алудықамтамасыз ететін бөлім. ТББ – шикізаттан бастап оны өңдеу үдерісінжəне өңделген өнімнің сапасын бақылайды. ТББ бастығы тікелейдиректорға бағынады. Егер дайын болған өнімнің сапасы стандарттарғасəйкес келмесе, ТББ бастығы өнімді өндіруге тоқтау салуға нұсқау бере
Стандарттарды бір үлгіге келтіру: мемлекеттік стандарт – МСТ;ГОСТ; салалық стандарт – ССТ; ОСТ; республикалық стандарт – РСТ;кəсіпорынның стандарты – КСТ.
Өндірістің негізгі міндеті – ГОСТон, ОСТ және ТУ талаптарына сай өнім шығару. Техникалық құжаттамаға (NTD) сәйкес келмейтін өнімдер ақау болып табылады. Мұндай өнімдерді ГОСТ немесе ТД талаптарының деңгейіне жеткізу техникалық мүмкін және экономикалық тұрғыдан мүмкін болса, өндіруді қалпына келтіруге болады. Егер өнімнің ақауларын жою техникалық мүмкін болмаса немесе экономикалық тұрғыдан тиімсіз болса, ақау түпкілікті болып табылады.
Өндірістің салалық құрылымы 4 топқа бөлінеді, олар:
— кен-химия өнеркәсібі (шикізат — фосфорит, ас және калий тұздарын, күкірт, т.б. өндіру, байыту және оларды бастапқы әңдеу);
— негізгі химия өнеркәсібі (минералдық тыңайтқыштар, қышқылдар, сілтілер, т.б. өндіру);
— полимерлік материалдар өнеркәсібі (синтетикалық шайырлар мен пластмассалар, химиялық талшықтар, синтетикалық каучук, синтетикалық бояғыштар өндіру);
— тұтыну қажеттерін қанағаттандыруға арналған өнім (фармацевтикалық дәрі-дәрмек, жуғыш заттар, фотохимия, парфюмериялық-косметикалық тауарлар) өндіру. Химия өнеркәсібінің құрамында барлыгы 200-ден астам кішігірім саламен өндіріс бар, ал оның өнімдерінің түр-түрінің атауы 1 млн-ға жетіп отыр.
Химиялық технологияның зерттеу объектісі – химиялық өндіріс болып табылады. Химиялық өндіріс – шикізатты қажетті өнімдерге химиялық өзгерістер жолымен өңдеуге арналған машиналармен аппараттарда жүзеге асырылатын үдерістер мен операциялардың жиынтығы. Химиялық өндіріске:
– өндірісте қажетті өнімдер алу;
– экологиялық қауіпсіздік;
– пайдаланудың қауіпсіздігі жəне беріктігі;
–шикізат жəне энергияны максималды пайдалану;
– максималды еңбек өнімділігі сияқты жалпы талаптар қойылады.
Х имиялық өндірістің негізгі міндеті – өнім өндіру болғандықтан, көп функцинолды болып табылады. Химиялық өндірістің жалпы құрылымы бірнеше функционалды бөлімдерден тұрады.
Өнімнің, шикізаттың, жартылай фабрикаттардың сапасы, сондай-ақ оны қажетті мөлшерде және берілген қасиеттерімен өндіруді қамтамасыз ететін өндірістің технологиялық режимі - техникалық бақылау объектілері болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |