Конкурс жариялайды. «СҚо уәлиханов ауданы әкімінің аппараты»



Дата01.07.2016
өлшемі93.25 Kb.
#171050
түріКонкурс
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫНДА ОРНАЛАСТЫРУ ҮШІН

«Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» ММ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына ішкі конкурс жариялайды.



  1. «СҚО Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» ММ құқықтық сұрақтары бойынша құрылымдық бөлімшенің бас маман - заңгері

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты Е-4.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 77451 теңгеден 104936 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Аудан әкімдігі, аудан әкімінің нормативтік құқықтық актілерін әділет органдарында тіркеу. Ауылдық округ әкімдеріне, жергілікті атқарушы органдар басшыларына барлық мемлекеттік бағдарламалар бағыттары бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге байланысты өкілеттікті орындау. «АХАЖ тіркеу орны» Ақпараттық жүйесіне азаматтық хал актілерін тіркеу туралы енгізілетін мәліметтердің сапасын қамтамасыз ету; азаматтық хал актілерін мемлекеттік стандарттармен белгіленген мерзімдерде тіркеуді жүзеге асыру. Құрылымдық бөлімше басшысының басқа тапсырмаларын орындау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білім: «Құқық» бейіні бойынша.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:


  1. мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

  2. мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

     3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
2. «СҚО Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметінің бас маманы

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты Е-4.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 77451 теңгеден 104936 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Кадрлар мәселесі бойынша мемлекеттік органдардың өкімдері мен бұйрықтарының жобасын рәсімдеу; бөлімдер, ауылдық округтер әкімі аппараттары мамандарының жеке істерін жүргізу, олардың сақталуын қамтамасыз ету, еңбек кітапшаларына қажетті жазуларды енгізу, мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлауы мен біліктілігін арттыруды ұйымдастыру; статистикалық есептерге мәліметтерді дайындау; Аттестациялау, тәртіптік комиссияларының жұмысын жүргізу, мемлекеттік қызметшілерді оқыту кестесін келісуге жіберуді қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшілердің жұмысын жыл сайынғы бағалауын өткізуге дайындықты жүргізу, бағалау процедурасын өткізілуіне сұрақтар тізімдемесін дайындау; аудан әкімі аппаратында келісім негізінде қызмет атқаратын қызметкерлермен еңбек келісімдерін рәсімдеу, олардың жеке істерін жүргізу; бөлімдер және ауылдық округ әкімдері аппараттары мамандарының жеке істерін жүргізу, лауазымдық нұсқаулықтарын дайындау; «Е-қызмет» бағдарламасын жүргізу; персоналды басқару қызметінің басшысымен белгіленген кадрлық мәселесіне байланысты басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыру.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білім: «Құқық», немесе «Әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес» (экономика, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару), немесе «білім» бейіндері бойынша, немесе «техникалық ғылымдары және технологиялары» (ақпараттық жүйелер) бейіндері бойынша

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:


  1. мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

  2. мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

     3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
3. «СҚО Уәлиханов ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты Е-R-4.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы туралы есептерді дайындау. Инфрастуктураның объектілерінің, «Кәсіпкерлік» саласы бойынша ауылдық аумақтардың дамуы туралы, негізгі тауарлар мен қызметтердің, жанар-жағар май бағаларына мониторинг жүргізу. Кәсіпкерлік саласындағы ауқымды сұрақтарды анықтау мақсатында аудан кәсіпкерлері қатысуымен «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыру, бұл туралы БАҚ-да ақпарат беру. Орта және шағын бизнеспен өзара әрекеттесу. Аудандағы орта және шағын бизнесінің дамуының жоспарын дайындау. Бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: «Әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес» (экономика, немесе қаржы, немесе есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару), немесе «Құқық», немесе «Ауылшаруашылық ғылымдары» (зоотехния) бейіндері бойынша.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

     3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;



4. «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ бас маман-есепшісі

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты Е-R-4.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Бюджеттік қаражатты пайдалануды бақылау, бухгалтерлік тіркеу мен есептілікті жүргізу, қаржылық жылға бюджеттік тапсырманы дайындау, мемлекеттік сатып алулар келісімдерін ресімдеу. Еңбекақысын есептеу, алғашқы құжаттар өңдеу, есеп айыру ведомостарын құрастыру. Әлеуметтік сақтандыру қорына, зейнетақы қорына жарналарды есептеу. Еңбекақыны алуға және таратуға, ЖЖМ, көмір және басқа да материалды құндылықтарды есептен шығару бойынша есептілікті жүргізу. Негізгі қаражаттардың қозғалысын есепке алу, карточкалық негізгі қаражаттарды жүргізу, картотекалық айналық ведомостарын құру, банкке төленетін құжаттарды ресімдеу, жол қағаздарын беру. Тауарларды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстардың өткізуін ұйымдастырады. Жұмыс өтілін есептеу комиссиясы жұмысына қатысу. «Веб-сайты» дәйектеу және жүргізу. Облыс, аудан әкімдірінің, бөлім басшысының тапсырмаларын орындайды.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білім: «Әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес» (экономика, немесе қаржы, немесе есеп және аудит) бейіні бойынша.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

     3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;


5. «СҚО Уәлиханов ауданы Қулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты Е-G-3.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 69957 теңгеден 94108 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Нотариалдық іс-әрекеттерді жүргізеді. Кадрлік сұрақтар бойынша жұмыс жүргізеді. Азаматардың жиындары мен жиналыстарын өткізуге құжаттар дайындайды. Құжаттардың сақталуын, ауылдық округі әкімінің шешімдерін, жоғары тұрған органдардың шешімдерін орындаушыларға уақытылы жеткізілуін қадағалайды. Ауылдық округі әкімі аппаратының іс номенклатурасына сәйкес мұрағатқа құжаттарды дайындап, тапсырады. Ағымдағы және жылдық есептерді тапсырады. Азаматтардың өтініштерін тіркейді және қарайды, 1-ОЛ бағдарламасын жүргізеді, ауызша және жазбаша берілген өтініштерді есепке алады. Нормативтік-құқықтық актілерді дайындайды (округі әкімінің шешімдерін, өкімдерін). Құжаттаманы мемлекеттік тілде жүргізуін қамтиды. Ауылдық округі әкімінің тапсырмалары бойынша басқа жұмыстар жүргізеді.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білім: «Гуманитарлық ғылымдар» (аудармашы ісі), немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (мемлекеттік және жергілікті басқару, немесе экономика, немесе қаржы, немесе есеп және аудит), немесе «Білім», немесе «Құқық», бейіндері бойынша.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

      3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;


Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте немесе электронды түрде электрондық почта мекен-жайына не «E-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегр ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан мемлекеттік органда әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.



Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Уәлиханов ауданы әкімінің аппаратының және мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкілетті органның интернет-ресурсында қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 151200, СҚО Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылы, Уәлиханов көшесі, 85, «Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» ММ немесе Personal_ualih@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегр ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды телефон 8(7152) 503395, факс 8(71542) 21334 арқылы алуға болады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет