Конкурс жариялайды: «СҚо уәлиханов ауданы әкімінің аппараты»



Дата01.07.2016
өлшемі109.04 Kb.
#171051
түріКонкурс
Хабарландыру

«Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:


  1. «СҚО Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» ММ құқықтық сұрақтары бойынша құрылымдық бөлімшенің бас маман – заңгері. Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты Е-4. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 77451 теңгеден 104936 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Аудан әкімдігі, аудан әкімінің нормативтік құқықтық актілерін әділет органдарында тіркеу. Ауылдық округ әкімдеріне, жергілікті атқарушы органдар басшыларына барлық мемлекеттік бағдарламалар бағыттары бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге байланысты өкілеттікті орындау. «АХАЖ тіркеу орны» Ақпараттық жүйесіне азаматтық хал актілерін тіркеу туралы енгізілетін мәліметтердің сапасын қамтамасыз ету; азаматтық хал актілерін мемлекеттік стандарттармен белгіленген мерзімдерде тіркеуді жүзеге асыру. Құрылымдық бөлімше басшысының басқа тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Жоғары білім: «Құқық» бейіні бойынша.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
      2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

      4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
     5) ғылыми дәрежесінің болуы.

2. «СҚО Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметінің бас маманы. Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты Е-4. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 77451 теңгеден 104936 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Кадрлар мәселесі бойынша мемлекеттік органдардың өкімдері мен бұйрықтарының жобасын рәсімдеу; бөлімдер, ауылдық округтер әкімі аппараттары мамандарының жеке істерін жүргізу, олардың сақталуын қамтамасыз ету, еңбек кітапшаларына қажетті жазуларды енгізу, мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлауы мен біліктілігін арттыруды ұйымдастыру; статистикалық есептерге мәліметтерді дайындау; Аттестациялау, тәртіптік комиссияларының жұмысын жүргізу, мемлекеттік қызметшілерді оқыту кестесін келісуге жіберуді қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшілердің жұмысын жыл сайынғы бағалауын өткізуге дайындықты жүргізу, бағалау процедурасын өткізілуіне сұрақтар тізімдемесін дайындау; аудан әкімі аппаратында келісім негізінде қызмет атқаратын қызметкерлермен еңбек келісімдерін рәсімдеу, олардың жеке істерін жүргізу; бөлімдер және ауылдық округ әкімдері аппараттары мамандарының жеке істерін жүргізу, лауазымдық нұсқаулықтарын дайындау; «Е-қызмет» бағдарламасын жүргізу; персоналды басқару қызметінің басшысымен белгіленген кадрлық мәселесіне байланысты басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білім: «Құқық», немесе «Әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес» (экономика, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару), немесе «білім» бейіндері бойынша, немесе «техникалық ғылымдары және технологиялары» (ақпараттық жүйелер) бейіндері бойынша.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;


      2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

      4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы.



3. «СҚО Уәлиханов ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы. Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты Е-R-4. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы туралы есептерді дайындау. Инфрастуктураның объектілерінің, «Кәсіпкерлік» саласы бойынша ауылдық аумақтардың дамуы туралы, негізгі тауарлар мен қызметтердің, жанар-жағар май бағаларына мониторинг жүргізу. Кәсіпкерлік саласындағы ауқымды сұрақтарды анықтау мақсатында аудан кәсіпкерлері қатысуымен «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыру, бұл туралы БАҚ-да ақпарат беру. Орта және шағын бизнеспен өзара әрекеттесу. Аудандағы орта және шағын бизнесінің дамуының жоспарын дайындау. Бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: «Әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес» (экономика, немесе қаржы, немесе есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару), немесе «Құқық», немесе «Ауылшаруашылық ғылымдары» (зоотехния) бейіндері бойынша.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

      4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы.

4. «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ бас маман-есепшісі. Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты Е-R-4. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Бюджеттік қаражатты пайдалануды бақылау, бухгалтерлік тіркеу мен есептілікті жүргізу, қаржылық жылға бюджеттік тапсырманы дайындау, мемлекеттік сатып алулар келісімдерін ресімдеу. Еңбекақысын есептеу, алғашқы құжаттар өңдеу, есеп айыру ведомостарын құрастыру. Әлеуметтік сақтандыру қорына, зейнетақы қорына жарналарды есептеу. Еңбекақыны алуға және таратуға, ЖЖМ, көмір және басқа да материалды құндылықтарды есептен шығару бойынша есептілікті жүргізу. Негізгі қаражаттардың қозғалысын есепке алу, карточкалық негізгі қаражаттарды жүргізу, картотекалық айналық ведомостарын құру, банкке төленетін құжаттарды ресімдеу, жол қағаздарын беру. Тауарларды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстардың өткізуін ұйымдастырады. Жұмыс өтілін есептеу комиссиясы жұмысына қатысу. «Веб-сайты» дәйектеу және жүргізу. Облыс, аудан әкімдірінің, бөлім басшысының тапсырмаларын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білім: «Әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес» (экономика, немесе қаржы, немесе есеп және аудит) бейіні бойынша.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:


  1. мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;


5) ғылыми дәрежесінің болуы.

5. «СҚО Уәлиханов ауданы Қулыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы. Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты Е-G-3. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 69957 теңгеден 94108 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Нотариалдық іс-әрекеттерді жүргізеді. Кадрлік сұрақтар бойынша жұмыс жүргізеді. Азаматардың жиындары мен жиналыстарын өткізуге құжаттар дайындайды. Құжаттардың сақталуын, ауылдық округі әкімінің шешімдерін, жоғары тұрған органдардың шешімдерін орындаушыларға уақытылы жеткізілуін қадағалайды. Ауылдық округі әкімі аппаратының іс номенклатурасына сәйкес мұрағатқа құжаттарды дайындап, тапсырады. Ағымдағы және жылдық есептерді тапсырады. Азаматтардың өтініштерін тіркейді және қарайды, 1-ОЛ бағдарламасын жүргізеді, ауызша және жазбаша берілген өтініштерді есепке алады. Нормативтік-құқықтық актілерді дайындайды (округі әкімінің шешімдерін, өкімдерін). Құжаттаманы мемлекеттік тілде жүргізуін қамтиды. Ауылдық округі әкімінің тапсырмалары бойынша басқа жұмыстар жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білім: «Гуманитарлық ғылымдар» (аудармашы ісі), немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (мемлекеттік және жергілікті басқару, немесе экономика, немесе қаржы, немесе есеп және аудит), немесе «Білім», немесе «Құқық», бейіндері бойынша.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:


  1. мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

     4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
     5) ғылыми дәрежесінің болуы.

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.



«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарға тестілеу бағдарламасындағы «Е-4», «E-R-4», «E-G-3» санаттары үшін: мемлекеттік тілді білуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білуге және бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік деңгейін анықтауға арналған тестілер белгіленеді.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. белгіленген нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі суретпен белгіленген нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

      6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

      3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

      Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

      Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан   «СҚО Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» ММ-де әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру Уәлиханов ауданы әкімінің аппаратының және ҚР мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің интернет-ресуртарында соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 151200, СҚО Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Уәлиханов көшесі, 85, «Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» ММ немесе personal_ualih@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды телефон 8(7152) 503395, факс 8(71542) 21334 арқылы алуға болады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


21 сәуір 2016 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет