2016 жылдың 13.04. интернет ресурсына орналастырылды
«Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» ММ
«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Қайранкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маман-бухгалтер, Е-G-3 санаты.
Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Қолда бар қаражаттың шегінде аппарат қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Ағымдағы жылға жоспарды әзірлейді. Бюджеттік тапсырманы әзірлейді және уақытында қаржыны игереді. Бас кітапты жүргізеді. Салық басқармасына салық бойынша декларацияны әзірлейді және тапсырады. Аппараттың қаржылық қызметі бойынша есептерді даярлайды және тапсырады. Бухгалтерлік есепті және есептілікті ұйымдастырады және жүргізеді. Қаржылық құжаттарды уақытында және дұрыс рәсімдейді, барлық жүзеге асырушы операцияларды бухгалтерлік есептерде көрсетеді. Еңбек ақы бойынша анықтама береді. К-2 «Бюджет» бухгалтерлік бағдарламасында жұмыс істейді. Мемлекеттік статистикаға айлық, тоқсандық және жылдық есептілікті ұсынады.
Мемлекеттік қызметшілерге және қызмет етуші персоналдарға еңбек ақы есептейді. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асырады. Конкурстық құжаттарды даярлайды және мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстарды өткізеді. Шоттарды төлеуге даярлайды, тапсырмалар береді, банкке аудару үшін жабдықтаушылармен шарт жасайды. Материалдық шоттарға таратады. Еңбек ақы бойынша дербес шоттарды ашады, зейнетақы төлемдері бойынша карточкаларға үлестіреді. Бухгалтерлік құжаттарды уақытында тігеді.
Ұйымның ішкі тәртіп ережелерін сақтау.
Басшымен жүктелген басқа да міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, немесе менеджмент, немесе есеп және аудит, немесе қаржы) бейіні бойынша.
Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Пресноредут ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маман-бухгалтер, Е-G-3 санаты.
Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Қолда бар қаражаттың шегінде аппарат қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Ағымдағы жылға жоспарды әзірлейді. Бюджеттік тапсырманы әзірлейді және уақытында қаржыны игереді. Бас кітапты жүргізеді. Салық басқармасына салық бойынша декларацияны әзірлейді және тапсырады. Аппараттың қаржылық қызметі бойынша есептерді даярлайды және тапсырады. Бухгалтерлік есепті және есептілікті ұйымдастырады және жүргізеді. Қаржылық құжаттарды уақытында және дұрыс рәсімдейді, барлық жүзеге асырушы операцияларды бухгалтерлік есептерде көрсетеді. Еңбек ақы бойынша анықтама береді. К-2 «Бюджет» бухгалтерлік бағдарламасында жұмыс істейді. Мемлекеттік статистикаға айлық, тоқсандық және жылдық есептілікті ұсынады.
Мемлекеттік қызметшілерге және қызмет етуші персоналдарға еңбек ақы есептейді. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асырады. Конкурстық құжаттарды даярлайды және мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстарды өткізеді. Шоттарды төлеуге даярлайды, тапсырмалар береді, банкке аудару үшін жабдықтаушылармен шарт жасайды. Материалдық шоттарға таратады. Еңбек ақы бойынша дербес шоттарды ашады, зейнетақы төлемдері бойынша карточкаларға үлестіреді. Бухгалтерлік құжаттарды уақытында тігеді.
Салық жинауын қамтмасыз ету (жер, мүлік, көлік);
Жоғары ұйымдардың алдында есеп береді, округтегі орта және шағын бизнесті дамыту бойынша жұмыс;
Көлік құралдарын есепке алу, мемлекеттік органдармен тізімдерді салыстыру және нақтылау;
Округ аумағында автокөліктерді техникалық тексерістен өткізуге жәрдемдесу;
Ұйымның ішкі тәртіп ережелерін сақтау.
Басшымен жүктелген басқа да міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары білім: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, немесе менеджмент, немесе есеп және аудит, немесе қаржы) бейіні бойынша.
Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
3. «Жамбыл ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ бухгалтерлік есепке алу жөніндегі жетекші маманы, Е-R-5 санаты.
Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 64960 теңгеден 88279 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Ағымдағы жылға қаржыландыру жоспарын әзiрлейді. Бюджеттiк тапсырманы даярлау және уақытында қаражатты игереді. Бас кiтапты жүргiзеді. Мемлекеттік кірістер басқармасына салық бойынша декларацияны даярлайды және тапсырады. Бөлімнің қаржысы бойынша есептерiн даярлайды және тапсырады. Бухгалтерлік есепті және есептілікті ұйымдастырады. Мемлекеттік қызметшілер мен қызмет етуші персоналдарға еңбек ақыны есептейді. Қаржы құжаттарын уақытында және дұрыс ресiмдейді, бухгалтерлiк есеп шоттарында барлық шаруашылық операцияларын көрсетеді. Еңбек ақы бойынша анықтамалар береді. К-2 «Бюджет» бухгалтерлік бағдарламада жұмыс істейді. Бөлім қызметінің материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді (кеңсе жабдықтарымен, баспа өнімдерімен және т.б.). Мемлекеттік статистика органдарына айлық, тоқсандық және жылдық есеп ұсынады).
Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асырады. Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттарды даярлайды және конкурстарды өткізеді.
Уақытында бухгалтерлік құжаттарды тігеді.
Ұйымның ішкі тәртіп ережелерін сақтайды.
Қолданыстағы заңнамаға және бөлім жөніндгі ережеге сәйкес бөлім басшысының тапсырмасы бойынша басқа міндеттерді атқарады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары білім: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, немесе менеджмент, немесе есеп және аудит, немесе қаржы) бейіні бойынша, немесе ортадан кейінгі: «сервис, экономика және басқару» (менеджмент (салалар және қолданатын аясы бойынша), немесе қаржы (салалар бойынша), немесе есеп және аудит (салалар бойынша), немесе экономика (салалар бойынша)) бейіндері бойынша.
Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
4. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Майбалық ауылдық әкімінің аппараты» ММ салық және әскери есепке алу жөніндегі жетекші маман, Е-G-4 санаты.
Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 62462 теңгеден 84115 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Аппарат қызметінің құжаттарын қамтамасыз етуді жүзеге асыру, салық жинауын қамтмасыз ету (жер, мүлік, көлік);
Жоғары ұйымдардың алдында есеп береді:
Округтегі орта және шағын бизнесті дамыту бойынша жұмыс;
Көлік құралдарын есепке алу, мемлекеттік органдармен тізімдерді салыстыру және нақтылау;
Округ аумағында автокөліктерді техникалық тексерістен өткізуге жәрдемдесу;
Тұрғын үй қорына тексеріс жүргізу;
Әскерге шақыртушыларды, әскерге міндеттілерді әскери есепке алу бойынша іс қағаздарын жүргізу;
шақырту жасына дейінгі және шақырту жасындағы жастармен жұмыс, шақырту жасындағы жастардың жеке істерін жүргізу;
округтің әскери қызметке міндеттілерін (запастағы офицерлерін және запасқа босатылған әскери қызметшілерімен) есепке алу жөніндегі ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен өз ара іс қимыл жасау.
Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар жөніндегі іс-шараларды орындау және құжаттарды жүргізу.
Ұйымның ішкі тәртіп ережелерін сақтау.
Басшымен жүктелген басқа да міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары: «білім», немесе «құқық», немесе «гуманитарлық ғылымдар» (аударма ісі), немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, немесе менеджмент, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару), немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (көлік, көліктік техника және технологиялар), немесе «ауыл шаруашылық ғылымдар» (агрономия, немесе зоотехния, немесе аграрлық техника және технологиялар) бейіндері бойынша, немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім: «білім», немесе «құқық», немесе «сервис, экономика және басқару» (аударма ісі (түрлері бойынша), немесе экономика (салалар бойынша), немесе менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша), немесе қаржы (салалар бойынша), немесе есеп және аудит (салалар бойынша)), немесе «көлік» (салалар бойынша) (көліктік техника), немесе «ауыл шаруашылық, ветеринария және экология» (агрономия, немесе зоотехния, немесе ауыл шаруашылығының механикаландыру) бейіндері бойынша.
Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
5. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Благовещенка ауылдық әкімінің аппараты» ММ тілдегі құжаттардың редакторы жетекші маман, Е-G-4 санаты.
Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 62462 теңгеден 84115 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Аппарат қызметінің құжаттарын мемлекеттік тілде қамтамасыз етуді жүзеге асыру:
Селолық округ әкiмнiң актілерін, әкімдік мәжілістерінің хаттамаларын, азаматтардың өтініштеріне жауаптарды, ақпараттарды, іс номенклатурасын, есептерді және басқа да құжаттарды уақытында және сапалы редакторлауды қамтамасыз етеді.
Селолық округтің мамандарына iс қағаздарын мемлекеттiк тiлде жүргiзуді ұйымдастыруда iс жүзiнде және әдiстемелiк көмек көрсетеді.
- кіріс және шығыс құжаттарды қабылдау, тіркеу, тапсыру, жіберу
-әр түрлі мазмұнда тұрғындарға анықтама тіркеу және беру тұрақты орыннан, отбасының құрамы, асырауда болу, қосалқы шаруашылығы туралы ж. т.б
демографиялық есеп, тұрғындардың қозғалысына бақылау жасау;
-сайлаушылар қозғалысы туралы есеп, сайлаушылар қозғалысына бақылау;
анықтама сұрақтары бойынша дайындық, мінездеме және қолдаухат ж т.б, құқыққорғау органдарымен жұмыс
-шаруашылық кітаптарына селолық округ азаматтарын тіркеу және шығару
СЭД бойынша жұмыстарды жүргізу.
Ұйымның ішкі тәртіп ережелерін сақтау.
Басшымен жүктелген басқа да міндеттерді орындау
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары білім: «білім», немесе «құқық», немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (мемлекеттік және жергілікті басқару), немесе «гуманитарлық ғылымдар» (аудармашылық іс) бейіндері бойынша, немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім: «білім», немесе «құқық», немесе «сервис, экономика және басқару» (аудармашылық іс) бейіндері бойынша.
Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарға тестілеу бағдарламасындағы «Е-R-5, Е-G-3, E-G-4» санаттары үшін: мемлекеттік тілді білуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білуге, сондай-ақ бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;деңгейін анықтауға арналған тестілер белгіленеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Министрлігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бекіткеткен бұйрығымен, «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Ережесінің негізінде конкурс өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
-
белгіленген нысандағы өтініш;
-
белгіленген нысан бойынша 3х4 үлгідегі суретпен толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Осы 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, кадр қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық пошта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Жамбыл ауданы әкімінің аппаратында және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: (150600, Жамбыл ауданы Пресновка ауылы, Дружба көшесі 10-үй, «Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» ММ немесе zhambil-akimat@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды 8(71544) 2-15-31 телефон нөмірі, 8(71544)2-12-33 факсы арқылы алуға болады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |