Теориялық және тарихи - педагогикалық зерттеу әдістері
Педагогикадағы теориялық зерттеу әдістері
Педагогикадағы модельдеу әдісі
Зерттеудің тарихи - педагогикалық әдістері
1. Педагогикадағы теориялық зерттеу әдістері
Теориялық зерттеу әдістеріне келесілерді жатқызуға болады: абстрактілеу мен нақтылау, индукция мен дедукция, анализ және синтез, салыстыру, жіктеу, жалпылау, модельдеу.
Эмпирикалық материалдан алынған анықтамаларды жүйелеу мен өңдеуде теориялық анализ бен синтез әдісі үлкен роль атқарады. Бұл әдістің осал жері диалектикалық логиканы жинақталған фактілерді сапалы талдауда қолдануға және біруақытта оның маңыздылығына ене отырып көп көлемде анықтама алуға, зерттейтін құбылыстың ойша қайта құрылымын жүргізуге, оның қызықтыратын жақтарын, белгілерін, даму заңдылықтарын тауып жүйелеуге мүмкіндік беруінде.
Абстрактілеу мен салыстыру жолымен теориялық талдау зерттеушіге зерттелуші құбылысты элементтерге бөліп қарауға, оның құрылымы мен ерекшелігін ажыратуға, күрделіден қарапайымға көшуге мүмкіндік береді. Ал синтез педагогикалық құбылысты тұтастай қарастыруға, оны аса маңызды байланыстар жүйесінде, сол немесе басқа да теориялық концепция тұрғысында дәлелдеуге негіздейді. Аналитикалық - синтездік іс - әрекет бірлігі - іштей бірігушілік, себебі синтез анализдің өзіндік құрылымында кездеседі.
Анализ бен синтез зерттеу жүргізудің бастапқы сатысында қолданыла бастайды: оның мақсаты мен міндетін қоюда, ойды тұжырымдауда (негізгі пікірде), болжамда, мүмкін болатын нәтижені анықтауда.
Бұл әдісті белсенді түрде зерттеу барысында жинақталған фактілерді жинақтау мен өңдеу кезінде қолдануға болады. Осы негізде зерттеуші педагогикалық теория мен тәжірибеде бұрын болмаған ғылыми негізделген болжам жасауға, жаңаны жобалауға мүмкіндік алады.
Психологиялық - педагогикалық зерттеулерде теориялық анализдің әртүрлі түрлері қолданылады. В.П.Давыдов мысалы, олардың ішінен классификациялық, каузальді, диалектикалық, сондай-ақ қатынас анализін бөліп көрсетеді.
В.И.Загвязинский психологиялық - педагогикалық зерттеу жүргізу барысында анализдің мынадай түрлерін бөліп көрсетеді: элементарлы және бірліктерге талдау.
Аналитикалық жұмыстар орындалғаннан кейін синтез қажеттілігі туындайды, ол дегеніміз анализ қорытындысын интеграциялау мен көркемдеуде жалпы жүйеге біріктіреді.
Синтез негізінде анализдеу қорытындысы байланыстар жүйесі мен өзара әрекеттесу арқылы олардың ішіндегі маңыздысын бөліп көрсетумен қайта құрылады.
Зерттеуші теориялық анализ бен синтезді тиімді пайдалану үшін оған логика заңдылықтарын, педагогикалық құбылыстар мен процестерді танудың жолдары мен негізгі формаларын меңгеруі қажет. Осы жағдайда ғана ол сенімді, негізделген пікір мен қорытынды жасауға, ұсынып отырған қағидаларына көз жеткізу мен дәлелдеулер бере алып, зерттеудің әрі қарай жүруіне алғышарт жасап және оның қорытындысын қамтамасыз ете отырып сол қорытындыларды педагогикалық процесте тексеру жүргізе алу жолдарын анықтайды.
Анализ бен синтезді жүзеге асырудағы жүйелілік психологиялық -педагогикалық процестің тек қана жекелеген жақтарын зерттеуге ғана емес, сол процесті толықтай оның күрделі құрылымы мен әрбір элементінің атқаратын қызметін зерттеуге мүмкіндік береді.
Нақты материалдарды теориялық жүйелеуде абстрактілеу мен нақтылау үлкен мәнге ие. Бұл таным құралдары анализ, синтезбен тығыз байланыста, дегенмен олардың өз атқаратын қызметі де бар. Абстрактілеу күрделі үрдістерді танып білуде маңызды бағаланады, мысалы, тәрбиелеу мен оқыту. Абстрактілеу көмегімен зерттеуші көптеген құбылыстардың жалпы белгілерін бөліп көрсете алады немесе бір құбылыстың қандай да болмасын белгісін ажыратып, соны жекелеп зерттеуіне де болады. Соған сәйкес, идеалды объект қалыптастыруға болады, яғни шынайы педагогикалық тәжірибеде болмауы мүмкін, дегенмен оның идеалды бейнесін жеткілікті, аяқталған түрде бере алады. Идеалды объект ретінде, яғни «таза күйінде» беруге болады, мысалы, «идеалды Кәсіби маман», «идеалды оқу орнының түлегі», «идеалды оқу сабағы» және т.б. Бұл зерттеушінің өз күш жігерін жұмсап қол жеткізуге талаптанған бағыты болмақ.
Дегенмен, абстрактілеу деңгейі жоғары болған сайын тәжірибеде қолдануға дайын теориялық білімді қалыпқа келтіру жолы күрделірек болады.
Бұл міндетті шешуде, яғни алынған теориялық білімді бұрыннан бар тұжырымдар жүйесіне енгізуде (абстракциялау), және оны нақтылау, тереңірек зерттеу, тіпті қажет болса бұрыстығын дәлелдеуде нақтылау әдісі көмегін тигізеді. Мысалы, педагог оқу сабағының нақты бір түріне қатысты «оқу», «тәрбиелеу», «оқыту», «меңгеру», «қабылдау», «жүйелеу», «есте сақтау», «тәжірибе» және т.б. абстракциялық ұғымдарды қолданады. Бұл дегеніміз, ол зерттеу жұмысында нақтылау әдісін қолдана отырып, бұл ұғымды жаңа белгілермен толықтырады, құбылыстың көптеген сапалы қасиеттерін біріктіреді.
Абстрактілеу мен нақтылаудың өзара байланысы таным үрдісінің өзіне бағытталған. Бізге белгілісі, ол «тірілей өсіп өнуден басталады», яғни нақтылықты сезім арқылы қабылдау. Нақты құбылысты тану арқылы зерттеуші жекелеген қасиеттерді, белгілерді бөліп қарап оны басқалардан оқшаулайды, біржақты білім, абстракция қалыптастырады. Сөйтіп, «тірілей өсіп өнуден абстрактілі ойлауға» өту қозғалысы жүреді.
Құбылыстың жекелеген белгілері, жақтары зерттеліп болған соң танымның жаңа сатысы басталады: абстрактілеуден нақтылауға ауысу кезеңі. Зерттеушінің ойлауы жекелеген абстракциядан түтастай түрге ауысады, яғни ойша нақты әрекет біліміне көшу арқылы зерттеу қорытындысының кең педагогикалық тәжірибеде көрінуіне көмектеседі.
Абстрактіліден нақтылыққа көшу даму мен оның көздерін қайта құруға бағытталып (ішкі факторлар, қарама - қайшылық), диалектикалық танымның ерекше әдістер тобына бөлуді қарастырады. Абстрактіліден нақтылыққа өту әдісі күрделі процестерді танып білуге қажет болумен қатар, таным нәтижелерін түсіндіруде күрделі объектілердің қызметі мен дамуын қайта жаңғыртуда тұрақты түрде қажет болып табылады.
Психологиялық - педагогикалық зерттеулерде белсенді түрде индукция мен дедукция әдісі де қолданылады. Зерттеуші индуктивті жолды қолдану арқылы эмпирикалық деңгейден теориялық деңгейге жекелеген фактілерді, ұқсастықтарды, белгіліден белгісізге түрлі формада қорытынды мен статистикалық түсінік бере отырып жалпылау арқылы өтеді. Сол арқылы құбылыстың мәнділігіне ене отырып оның заңдылықтарын ашады, болжам мен теория құруды жүзеге асырады.
Дедуктивті жолды қолдану логика ережесі мен заңдары негізінде бір немесе бірнеше тұжырымнан ой қорытындысын шығаруға мүмкіндік береді.
Индукция мен дедукция өзара бөлінбейтін байланыста және ол екі әдіс гуманитарлық ғылым ретіндегі педагогика мен психология үшін тең түрде дамуы өте қажет.
Жіктеу - кез - келген түрдегі құбылыстардың өте маңызды белгілеріне сәйкес кластарға бөлінуі, осы түрге тэн және басқа түрден ажыратылатын ерекшелікке ие, сол арқылы әрбір кластар өз кезегіне қарай жеке кластарға бөлінеді.
Жіктеу жасау белгілі бір логика ережелеріне тэуелді: 1. белгілі бір және басқа да жіктеу түрінде жекелеген элементті бөліп көрсету үшін бір ғана негіз болуы керек, мысалы, қандай да болмасын мектеп оқушыларын біруақытта мынадай көрсеткіштер, атап айтқанда жасы, үлгерімі және сүйікті ісі бойынша жіктей салуға болмайды.
жіктелетін мүшелердің көлемі жіктелуші жинақ көлеміне сай болуы керек, яғни жіктелетін мүшелердің қосындысы жинақ жіктемесіне сай болып одан асып кетпеуі тиіс (бөлу өлшемінің талабына сай).
жіктеу мүшелері бір - бірін алмастыра отыру арқылы бірде бір мүшесі басқа мүшесінің көлеміне енбеуі тиіс.
кластарға бөлу үзіліссіз болу керек, яғни жақын арадағы кластарға ауысып кетпей негізгі белгі ретінде бөлінген сызықтың біртіндеп көбеюі мен элсіреуіне қарай жүріп отыру керек.
Салыстыру - объектілердің ұқсастығын және арасындағы айырмашылығын анықтау мақсатында қатар қойып салыстыру. Ол жалпылауға маңызды алғышарт болады және ұқсастық бойынша ой қорытындысын шығаруда үлкен роль атқарады, сондай-ақ толықтырушы немесе ауыстырушы анықтама ретінде қолданылады. Үйренуші пәнді қабылданған көрсеткіштер бойынша басқалармен салыстыру зерттеудің пәні мен объектісін шектеуге және бөліп көрсетуге көмектеседі. Қатар қойып салыстыру жолымен зерттелуші құбылыстың жалпы және айрықшасын бөліп көрсету негізінде ең тиімді оқыту әдісін таңдауға мүмкіндік береді.
Салыстыруға тек біртекті түсініктер жатады, яғни олар шынайы әрекет құбылыстары мен пәнінің біртектілігін бейнелейді. Кез - келген салыстыру әртүрлі құбылыстарда болса да жалпы ортақтыққа экеледі. Құбылыстарды салыстыруда өте маңызды белгілерге, яғни ұқсастық немесе басқа құбылыстардан айырмашылығына қарай отырып маңызды жақтарына мән береді.
Салыстырмалы педагогика зерттеулерінде салыстыру жұмыстың негізгі мазмұны мен құралы болып табылады. Сезімдік таным деңгейінде салыстыру сыртқы ұқсастық пен айырмашылыққа негізделеді, ал шынайы таным деңгейінде - ұқсастық пен айырмашылық ішкі байланысқа тэуелді, соған сәйкес қажетті барлық маңыздылық пен заңдылықтарды түсіндіруге алғы шарт болады. Салыстырусыз ұқсастық, индуктивті және дедуктивті қорытынды жасау, жіктеу, анализ бен синтез болу мүмкін емес.
Жалпылау - құбылыстардың кейбір кластарына тэн қасиеттерді ойша қандай да болмасын бөліп қарау; жекеден жалпыға өту. Егер адам ұғымдарды жалпылауда оны басқа кең мағынадағы ұғымдарға енгізе отырып зерттелуші ұғым көлемінде қамтиды. Мысалы, «ойын» ұғымын жалпылау үшін осы ұғымның көлемін «іс - әрекет» ұғымына енгізуі керек. Сөйтіп, қандай да болмасын ұғымды жалпылау үшін қажетті ұғымға ғана тэн барлық белгілерді тастап, осы ұғым аймағындағы құрамдас белгілерге де мән беру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |