23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы



Дата03.03.2016
өлшемі12.09 Kb.
#36421
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы

23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы

836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 37-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


  1. Қоса берiлiп отырған:

  1. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидалары;

  2. Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттары бекiтiлсiн.

2. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.



3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет