Қарағанды облысы бойынша соттар әкімшісінің төменгі лауазым болып табылмайтын «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялау туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-R-4 санаты үшін: жоғары білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) ғылыми дәрежесінің болуы.
-"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қарағанды облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ- сі, 100000 Қарағанды қаласы, Кривогуза көшесі, 7 үй, 110 кабинет, анықтама үшін телефон: (7212) 55-94-25 эл.адрес: 721-0202@sud.kz, төменгі лауазым болып табылмайтын бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды.
1. Шет ауданының №2 аудандық сотының кеңсесінің бас маманы (С-R-4, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: келіп түскен ұсыныстар, өтініш, шағымдарын тіркеу және есепке алу, олардың қаралу мерзімдерінің сақталуын бақылау; сот төрағасы қабылдайтын азаматтарды тіркеу және есепке алу; заңнамаларды іріктеу және жүйелеу; сот істерін автоматты түрде бөлу; кодификацияны жүргізу және сот тәжірибесін зерделеуге қатысу; БАҚ өзара байланысты ұйымдастыру; электронды нарядтарды, журналдарды жүргізу; сот істері мен материалдары бойынша статистикалық есептерді жасау; жеке ұйғарулар, қаулыларды есепке алу және олардың орындалуын бақылау; заттай айғақтарға қатысты сот актілерінің сақталуы мен орындалуын тірке және есепке алу; халықаралық келісімдерге сәйкес республиканың басқа соттар мен шет ел мемлекеттері соттарынан түскен сот тапсырмаларын есебін жүргізу; істердің мұрағатқа уақытында тапсырылуын бақылау; аяқталған істер мен журналдарды мұрағатқа тапсыруға дайындау; құқық білімдерін насихаттауды ұйымдастыру; семинар сабақтарын өткізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «құқық» (құқықтану, халықаралық құқық) мамандықтары бойынша жоғарғы білім. «ҚР Сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы, «Аудандық және оған кеңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу қағидасы», «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
2. Аудандық (қалалық) соттың кеңсесінің бас маманы – сот мәжілісінің хатшысы (С-R-4, 5 бірлік): Теміртау қалалық сотына -2 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалыс кезіне); Осакаров аудандық сотына -1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалыс кезіне); Жезқазған қалалық сотына -1 бірлік; Шет аудандық сотына - 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалыс кезіне).
Функционалдық міндеттері: істі сот талқылауына дайындауда қажетті жұмыстарды атқару; сот отырысының хаттамаларын жүргізу; журналдарды нұсқаулыққа сәйкес толтыру және жүргізу; атқару құжаттарының көшірмесін дайындау; қаулылар мен үкімдердің көшірмелерін тапсыру; сұранымдар мен хаттар дайындау, шақыру қағаздарын жіберу; сотқа қатысушыларды шақыру; сотталушылардың жеткізілуін қамтамасыз ету, жұмысты жоспарлай,талдай білу, мәтіндерге стенографияны сауатты жасау; жеделдік, ұқыптылық, азаматтармен жұмыс істей білу, коммуникабельдік .
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «құқық» (құқықтану,
халықаралық құқық) мамандықтары бойынша жоғарғы білім. «ҚР Сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы, «Аудандық және оған кеңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу қағидасы», «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
3. Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотының кеңсесінің аға сот приставы (С-R-4, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: сот приставтарының бөлімдерінде жұмысты ұйымдастыру және бақылау; сот отырысы кезінде залдағы қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау; сот ғимараттарын,кеңесу бөлмелерін күзетуді қамтамасыз ету; судьялар мен процесске басқа да қатысушыларды күзету; тұтқындағы тұлғаларды күзету мен олардың қауіпсіздігіне қатысты сұрақтар бойынша айдауыл қызметіндегілермен өзара әрекеттесу; судьяның тапсырмасы бойынша қылмыстық іс пен заттай айғақтарды жеткізуін және оның сақталуын қамтамасыз ету; оқ атылатын, электр қаруларын, арнаулы құралдармен және ұрыс тәсілдерін білу; жұмысты жоспарлай, талдай білу, дене шынықтыру бойынша арнаулы сабақтар өткізе білу; азаматтармен жұмыс істей білу; сот приставтарының әрекеттеріне түскен шағымдарды шеше білу; соттың қызметімен байланысты төтенше жағдайларды болдырмау және болжай білу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «құқық» (құқықтану, халықаралық құқық) мамандықтары бойынша жоғарғы білім. «ҚР Сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы, «Аудандық және оған кеңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу қағидасы», «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудЫ өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына тізімі көрсетілген, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, азаматтармен қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылған құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей берілуі тиіс).
Конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі (персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады).
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қарағанды облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ- де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын кандидаттар үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша
___________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу
және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi
талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме
аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
__________ ____________________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
«____»_______________ 20__ ж.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 3-қосымша
САУАЛНАМА
(Өз қолымен толтырылады)
1. Тегі________________________________________________________
Аты ___________________________________________________________
Әкесінің аты (болған жағдайда) ________________________________
2. Азаматтығы__________________________________________________
Егер өзгертiлсе, уақытын көрсетiңiз____________________________
3. Бұрын сотталған ба едiңiз, қашан және не үшiн ______________
4. Шет елде оқыған немесе жұмыс iстеген кезiңiз _______________
Болған елiңiз _________________________________________________
Болған уақытыңыз ______________________________________________
Жұмыс iстеген немесе оқыған жерiңiз ___________________________
5. Соттың шешiмiмен жұмыс iстеу қабiлетiңiз төмен немесе
шектелген деп танылдыңыз ба, қашан және не үшін _____________________
6. Белгiлi бiр мерзiмге мемлекеттiк қызметті атқару құқынан
айырылдыңыз ба, қашан және не үшiн __________________________________
7. Сіз мынадай:
1) Сіз үміттенген лауазымға тікелей бағынысты;
2) Сіз үміттенген лауазым тікелей бағынысындағы лауазымдарды
атқаратын мемлекеттік қызметшінің жақын туысы (ата-анасы, ұлы, қызы,
бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және
ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі,
немересі, жұбайы немесе зайыбы) болып табыласыз ба _________________.
8. Тілдерді білуі: _________________________________________________
9. Мекенжайы және байланыс телефоны ___________________________
_______________________________________________________________
«___»_____________ 20 ж.
(толтыру күні)
Достарыңызбен бөлісу: |