Конкурс өткізу туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар



Дата01.07.2016
өлшемі92.73 Kb.
#170617
Маңғыстау облысы әкімінің аппараты «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
D-4 санаты үшін: Жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;

2) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;



3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.


Санаты

Еңбексiңiргенжылдарына байланысты




min

max

D-4


71 751

96 735

«Маңғыстау облысы әкімі аппараты» ММ, мекен-жайы: 130000, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй, № 434 кабинет. Анықтама алу үшін телефондары: 8 (7292) 313889, 8(7292) 316228. Факс: 8 (7292) 437634, электрондық мекенжайы: v.abieva@mangystau.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

  1. құқық қорғау органдарымен жұмыс, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің бас маманы(1 бірлік, № 8-2, Д-4 санаты):

Функционалдық міндеттері:Облыс әкімінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның, құқық бұзушылық профилактикасы бойынша ведомствоаралық комиссияның, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың отырыстарына материалдар дайындауды қамтамасыз етеді, олардың хаттамалық шешімдерінің орындалуына бақылау жасайды. Облыс бойынша алқабилерге кандидаттардың тізімін қалыптастырады.

  1. құқық қорғау органдарымен жұмыс, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің бас маманы(1 бірлік, № 8-3, Д-4 санаты):

Функционалдық міндеттері:Құқық қорғау жүйесі, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс саласындағы актілер, оның ішінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттар жобасын әзірлеуге қатысады.

  1. кадр жұмысы бөлімінің бас маманы (1 бірлік, № 11-3, Д-4 санаты):

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік наградаға ұсынылатын материалдардың сапасы және уақытылы дайындалуын қамтамасыз етеді. Награда мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімімен аудан, қала әкімі аппараттарымен байланыс жасайды. «Е-қызмет» жүйесін толтыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

  1. ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы (1 бірлік, № 15-2, Д-4 санаты):

Функционалдық міндеттері: Облыс әкімі аппаратының, облыс әкімінің қызметін құжаттамалық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді. Облыста іске асырылатын ІТ-жобалардың жұмыс жасауын қамтамасыз етеді және мониторинг жүргізеді. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға Бөлімнің құзыретіне қатысты есептік ақпараттарды дайындайды және ұсынады. Әкімдіктің қызметкерлерін жаңа технологияларға оқыту бойынша курстар мен семинарлар ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізеді.

  1. ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы (1 бірлік, № 15-3, Д-4 санаты):

Функционалдық міндеттері: Облыс әкімі аппаратының, облыс әкімінің қызметін құжаттамалық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді. Облыста іске асырылатын ІТ-жобалардың жұмыс жасауын қамтамасыз етеді және мониторинг жүргізеді. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға Бөлімнің құзыретіне қатысты есептік ақпараттарды дайындайды және ұсынады. Аудио, бейнеконференция режимінде өтетін жиналыстарды, кеңестерді, отырыстарды және басқа да шараларды өткізу кезінде мәжіліс залын техникалық дайындығын (дыбыс күшейткішпен, дыбыс жазбамен, микрофонмен, бейнепроектормен, экранды, слайдты көрсетуге дайындық, тиісті жарықтандырылуын және т.б.) қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

құқық қорғау органдарымен жұмыс, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің бас маманы:

Жоғары білім – Білім саласы (педагогика және психология, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі, математика, информатика, физика, химия, биология). Гуманитарлық ғылымдар (философия, филология, тарих, халықаралық қатынастар, аударма ісі). Құқық саласы (құқықтану, халықаралық құқық). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласы (әлеуметтану, саясаттану, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика, қоғамдық байланыс, еңбекті ұйымдастыру және нормалау). Техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік моделдеу, тау-кен ісі, мұнай газ ісі, құрылыс). Қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс, бағалау) мамандықтары бойынша.



кадр жұмысы бөлімінің бас маманы:

Жоғары білім – Білім саласы (педагогика және психология, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі, математика, информатика, физика, химия, биология). Гуманитарлық ғылымдар (философия, мәдениеттану, филология, тарих, халықаралық қатынастар, аударма ісі). Құқық саласы (құқықтану, халықаралық құқық). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласы (әлеуметтану, саясаттану, аймақтану, экономика, менеджмент, қаржы, мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика, қоғамдық байланыс, еңбекті ұйымдастыру және нормалау). Техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс). Қызмет көрсету саласы (әлеуметтік жұмыс, бағалау)мамандықтары бойынша.



ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы:

Жоғары білім – Білім саласы (педагогика және психология, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі, математика, информатика, физика, химия, биология). Гуманитарлық ғылымдар (философия, мәдениеттану, филология, тарих, халықаралық қатынастар, аударма ісі). Құқық саласы (құқықтану, халықаралық құқық). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласы (әлеуметтану, саясаттану, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика, қоғамдық байланыс, еңбекті ұйымдастыру және нормалау). Техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік моделдеу, тау-кен ісі, мұнай газ ісі, құрылыс). Қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс, туризм, бағалау, кітапхана ісі)мамандықтары бойынша.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаорналасуға конкурс өткізуқағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

  4. еңбек қызметін растайтынқұжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  7. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар Маңғыстау облысы әкімінің аппаратына құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Бiлiмi туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.Кадр жұмысы бөлімі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Маңғыстау облысы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімінің аппараты басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.



Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет