Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар мен сарапшыларды қатыстыруға жол беріледі



Дата08.07.2016
өлшемі65.07 Kb.
#185489
түріКонкурс
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаменті, 050000, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 83, 301-кабинет, анықтама телефоны: (8-727) 279-82-54, факс 279-43-74, электрондық мекенжай: kazna.almaty@minfin.gov.kz., «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар мен сарапшыларды қатыстыруға жол беріледі.




  1. Төлемдерді алдын ала бақылау және өткізу басқармасының республикалық бюджеттегі мемлекеттік мекемелердің төлемдерін алдын ала бақылау және өткізу бөлімінің бас маман-бас қазынашысы, санаты – С-О-5 (уақытша, негізгі қызметкердің балаға күтім жасау жөніндегі демалыста болған кезеңіне, 16.06.2017ж. және 12.06.2017ж. дейін), 2 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Тізілімдер негізінде бекітілген нысандар бойынша түскен құжаттарды және «Қазынашылық-клиент» жүйесі бойынша түскен электрондық құжаттарды орындауға қабылдау және өңдеу; республикалық бюджет есебінен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелердің қаржы құжаттарының заңнамамен бекітілген талаптардың сақталып ресімделуіне бақылау жасау: ұсынылған қаржылық құжаттардың (төлемге берілетін шоттар, растайтын құжаттар, инкассалық өкімдер, прокуратураның тыйым салу туралы қаулысы, салық органдарының шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі) толықтығын, қолы мен мөр бедерлерінің сәйкес келуін тексеру; төлеуге берілетін шоттарды ҚИАЖ-ға енгізу; орындаусыз қайтарылған төлеуге берілген шоттар бойынша хаттар дайындау; инкассалық өкімдерді орындауға қабылдау; шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің дұрыс қолданылуын бақылау; мемлекеттік мекемелердің түбіртіктер мен корпоративтік карточкалары бойынша қолма-қол ақшаларды пайдалану лимитіне бақылау жасау; хаттарды тіркеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда экономика және бизнес саласындағы ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

  1. Төлемдерді алдын ала бақылау және өткізу басқармасының жергілікті бюджеттегі мемлекеттік мекемелердің төлемдерін алдын ала бақылау және өткізу бөлімінің бас маман-бас қазынашысы, санаты – С-О-5 (уақытша, негізгі қызметкердің балаға күтім жасау жөніндегі демалыста болған кезеңіне, 11.07.2016ж. және 20.02.2017ж. дейін), 2 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Тізілімдер негізінде бекітілген нысандар бойынша түскен құжаттарды және «Қазынашылық-клиент» жүйесі бойынша түскен электрондық құжаттарды орындауға қабылдау және өңдеу; жергілікті бюджет есебінен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелердің қаржы құжаттарының заңнамамен бекітілген талаптардың сақталып ресімделуіне бақылау жасау: ұсынылған қаржылық құжаттардың (төлемге берілетін шоттар, растайтын құжаттар, инкассалық өкімдер, прокуратураның тыйым салу туралы қаулысы, салық органдарының шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі) толықтығын, қолы мен мөр бедерлерінің сәйкес келуін тексеру; төлеуге берілетін шоттарды ҚИАЖ-ға енгізу; орындаусыз қайтарылған төлеуге берілген шоттар бойынша хаттар дайындау; инкассалық өкімдерді орындауға қабылдау; шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің дұрыс қолданылуын бақылау; мемлекеттік мекемелердің түбіртіктер мен корпоративтік карточкалары бойынша қолма-қол ақшаларды пайдалану лимитіне бақылау жасау; екінші деңгейдегі банктер арқылы уәкілетті тұлғалардан қабылданған қолма-қол ақшалардың толық және уақытылы аударылуын тексеруді жүзеге асыру; инкассалық өкімдерді орындауға қабылдау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда экономика және бизнес саласындағы ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

  1. Төлемдерді бекіту және бақылау басқармасының республикалық бюджеттегі мемлекеттік мекемелердің төлемдерін бекіту және бақылау бөлімінің бас маман-бас қазынашысы, С-О-5 санаты (уақытша, негізгі қызметкердің балаға күтім жасау жөніндегі демалыста болған кезеңіне, 02.10.2017ж.дейін), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: ҚИАЖ-да республикалық бюджеттегі мемлекеттік мекемелердің төлеуге берілетін шоттарын және ММ басқа да шоттарын бағдарламалық бақылау және бекіту; төлеуге берілетін шоттың сомасы тиісті бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша төлемдердің жеке қаржыландыру жоспарындағы сомасының аспауына бағдарламалық бақылау жасау; төлеуге берілетін шоттардың оқшалану себептерін анықтау және жою; бір күнгі айналымдарға және қаржыландыру көздері қимасында бір күнгі қалдықтарды күнделікті салыстырып тексеру; тоқсан сайын ақылы қызметтерден, демеушілік, қайырымдылық көмектерден түскен шетел валютасындағы ақшалары мен шоттарының уақытша орналасуына тексеріс жүргізу; күн құжаттарын қалыптастыру, құжаттарды мұрағатқа өткізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда экономика және бизнес саласындағы ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

  1. Төлемдерді бекіту және бақылау басқармасының жергілікті бюджеттегі мемлекеттік мекемелердің төлемдерін бекіту және бақылау бөлімінің бас маман-бас қазынашысы, С-О-5 санаты (уақытша, негізгі қызметкердің балаға күтім жасау жөніндегі демалыста болған кезеңіне, 23.08.2017ж. дейін), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: ҚИАЖ-да жергілікті бюджет бойынша, мемлекеттік мекемелердің шоттары бойынша бағдарламалық бақылауды жүзеге асыру және төлеуге берілген шоттарды бекіту; тиісті бюджеттік бағдарламада (кіші бағдарлама) төлемдер бойынша төлеуге берілетін шоттың сомасы жеке қаржыландыру жоспарының сомасынан аспауына бағдарламалық бақылауды жүзеге асыру; ҚИАЖ-да оқшаулауға түскен төлеуге берілетін шоттарды жою; бір күнгі айналымдар мен күндік қалдықтарға бюджеттер мен қаржыландыру көздері қимасында есеп нысандары бойынша күнделікті салыстырып тексеруді жүргізу; тоқсан сайын ақылы қызметтерден, демеушілік, қайырымдылық көмектерден түскен шетел валютасындағы ақшалар мен шоттардың уақытша орналасуына тексеру жүргізу; күн құжаттарын қалыптастыру, құжаттарды мұрағатқа өткізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда экономика және бизнес саласындағы ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

  1. Персоналмен жұмыс істеу бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты (уақытша, негізгі қызметкердің балаға күтім жасау жөніндегі демалыста болған кезеңіне, 28.10.2017ж. дейін), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Департаменттің іс қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуі бойынша жұмысты ұйымдастыру, қызметкерлердің жасаған аудармаларын өңдеу және олардың әрбір сөйлемінің түпнұсқаға, мағыналық мәніне сәйкес келуін тексеру; Департамент қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру, мемлекеттік тілге оқыту курстарынан өтулерін ұйымдастыру; мемлекеттік қызметшілерді оқыту бойынша есептердің дайындалуын және олардың тиісті органдарға уақытылы ұсынылуын қамтамасыз ету; Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін, қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын жинау және тігу, аталған құжаттардың дұрыс рәсімделуін бақылау; мемлекеттік қызметшілердің салық органдарына мүлік пен табыстар жөніндегі декларацияларын жинақтау және істер номенклатурасына тігу; жеке құрам, негізгі қызмет, демалыстар бойынша бұйрықтардың жобаларын дайындау және шығару; Депаратмент қызметкерлерінің жеке істері мен қызметтік тізімдерін, Т-2 жеке карточкаларын жүргізу және оларға қажетті мәліметтерді уақытылы енгізу; істер номенклатурасын жүргізу; мұрағатқа іріктелген істерді өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру; барлық кадрлық іс-шараларды «е-кадры» кіші жүйесіндегі SAP бағдарламасына енгізу; бөлімнің кіріс корреспонденциясын тіркеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласындағы немесе білім саласындағы (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі) немесе гуманитарлық саладағы (филология, аударма ісі) немесе құқық саласындағы (құқықтану) жоғары білім.

6. Заң қызметі бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Департаменттің операциялық жұмыстарына заңды қолдау көрсету; мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің құжаттамасын жүргізу; ММ/КСС кодтарын ашу/жабу және ММ/КСС шоттарын, қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашу, жүргізу және жабу, ММ/КСС анықтамалығына өзгерістер енгізу сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетіне өтініштерді дайындау және жіберу; жоғары тұрған және өзге де мемлекеттік мекемелердің құқықтық мәселелері бойынша сұрауларына уақытылы жауап дайындау, заңды және жеке тұлғалармен құқықтық мәселелер бойынша хат алмасу; Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативтік-құқықтық актілері жөнінде анықтамалық-ақпараттық жұмыстарды жүргізу; Департамент қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша анықтамалар, қорытындылар мен кеңестер беру; құқықтық мәселелерді қарауда мемлекеттік және басқа ұйымдарда белгіленген тәртіпте Департаменттің мүддесін қорғау; Департаменттің қызметіне қатысты кінарат-талаптық жұмыстарды жүргізу; құқықтық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу; Бөлімнің қызметіне қатысты тиісті ақпараттар мен есептерді дайындау және ұсыну.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық саласындағы (құқықтану, халықаралық құқық) жоғары білім. Құқық саласындағы (құқықтану, халықаралық құқық) ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет