Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі



бет1/11
Дата11.06.2016
өлшемі0.56 Mb.
#128803
түріКонкурс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Департамент государственных доходов по г.Алматы сообщает, что с 20.11.2015г. объявлен  конкурсный набор на вакантные административные государственные должности корпуса «Б». Всего на конкурс объявлено 79 вакансии:
I. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, индекс 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы 93/95, анықтама үшін телефон: 8(7272)67-15-62, факс 8(7272)67-15-55, e-mail: kadry_2_6001@taxgalmaty.mgd.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

1. Заң басқармасының бас маманы, С-О-5 санаты, 1 – бірлік.

Функционалдық міндеттері: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндеттелген функцияларды жүзеге асырады және Мемлекеттік кірістер департаменті мен құрылымдық бөлімдерде құқықтық жұмысқа жауаптылық жүргізеді. Дербес компьютермен жұмыс істеу. Саралау, болжау, жоспарлау және жұмысты ұйымдастыру қабілеті. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, ортадан кейінгі құқық саласындағы білімі рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандығына сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік тілді білуі. Microsoft Office бағдарламаларының стандартты пакетімен компьютерде жұмыс істей білуі.

2. Ұйымдастыру-қаржы басқармасының бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 2 – бірлік.

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік сатып алулардың келісім-шарттарын рәсімдеу. Келісім-шарттардың құқықтық зерттеуін жүргізу және оның орындалуын қадағалау. Аудандық Мемлекеттік кірістер басқармаларының материалдық құндылықтар сатып алуларына байланысты тапсырыс жинау. Басқа бөлімдермен бірлесіп мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру. 1-Г-3 және 2-Г-3 есебін құрау. Тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу жұмысына қатысу. Тауарлық-материалдық құндылықтарды есепке алу. Жалақыны есептеу. Мемлекеттік сатып алулардың хаттамасын және келісім-шарттарын рәсімдеп, қазынашылық органдарда тіркеу. Зейнетақы қорларына ақша аударуларды жүзеге асыру. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне, салық органдарына, статистикалық мекемелерге есеп беру. Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлеріне ӘЖК номерін беру, қаржылық мәселелер бойынша департамент қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету. Дербес компьютермен жұмыс жасай білу. Лауазымдық инструкцияларға сәйкес басқа да міндеттерді атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық саласында немесе экономика және бизнес саласындағы жоғары білімі. Құқық саласында немесе сервис, экономика және басқарма (қаржы (салалар бойынша), статистика, есеп және аудит, экономика (салалар бойынша) ортадан кейінгі білімі рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі. «Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандығына сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік тілді білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Microsoft Office бағдарламаларының стандартты пакетімен компьютерде жұмыс істей білуі.

3. Ұйымдастыру-қаржы басқармасының ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы, С-О-6 санаты, 1 – бірлік.

Функционалдық міндеттері: Кіріс және шығыс корреспонденцияларын тіркеу және алғашқы өңдеу, құжаттарды алдын ала қарастыру, құжаттарды тарату, құжаттардың көшірмесін жасау және көбейту, (аудандық салық басқармаларынан келіп түсетін құжаттар, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері және басқа да корреспонденция); ҚР 12.01.2007 жылғы № 221 ІІІ «Заңды және жеке тұлғалардың жүгінулерін қарастыру туралы» Заңына сәйкес жүгінулердің күн сайынғы мониторингі, құжаттарды мемлекеттік тілде орындау, басшыларға апта сайын құжаттар орындалуы бойынша ақпаратты беріп тұру. Жоғары құзырлы органдардың тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Бөлім құзыры шегінде салық органдарына әдістемелік көмек көрсету. Іс жүргізушілік жұмыста өзгертулер енгізу жұмысына қастысу. № 1 – ОЛ «Заңды және жеке тұлғалардың жүгінулерін қарастыру туралы» есебін жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі білімі рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі. «Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандығына сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік тілді білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының мемлекеттік қызмет көрсетулер сапасын бақылау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 – бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтуіне байланысты демалысы 17.08.2016ж. мерзімге дейін).

Функционалдық міндеттері: Басшылықтың тапсырмаларын белгіленген мерзімде орындайды. Салық және кеден заңнамаларын қолдану мәселелері бойынша салық төлеушілердің хаттарына, сондай-ақ құқық қорғау органдарының сұрату хаттарына жауап береді. Салық және кеден заңнамаларының орындалу бөлігінде мемлекеттік кіріс органдары жұмысын ұйымдастыру бойынша тексеру жүргізуге қатысады, салық төлеушілерді тіркеу, СТ-ді салық есебіне уақытылы қою және есептен шығару жөніндегі нормативті-анықтамалық ақпараттардың анықтығын бақылау мақсатында камералды тексеру жүргізуді ұйымдастырады, Салық төлеушілерді тіркеу, СТ-ді салық есебіне уақытылы қою және есептен шығару, Салық төлеушілерді тіркеу, ҚҚС төлеушілерді, ФЖ бар БКМ-ын тіркеу бойынша деректер қорында мәліметтің дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру мақсатында камералдық тексеру жүргізеді. Мемлекеттік кіріс органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламентін сақтауға бақылау жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестіреді, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және уақыттылылығына мониторинг жүргізуді ұйымдастырады. Мемлекеттік қызметшілерден салық есептілігінің нысандарын қабылдау бойынша шараларды ұйымдастырады және бақылайды. Салық және кеден заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді, салық және кеден заңнамасын түсіндіру бойынша семинарлар мен дәрістердің өткізілуіне қатысады. Жұмыста салық салу мәселелері бойынша нормативті актілерді және және басқа заңнамалық актілерді қатаң басшылыққа алады. Салық төлеушілер туралы салықтық құпияны қатаң сақтайды. Еңбек және орындаушылық тәртібін қатаң сақтайды, заңмен қорғалатын басқа да құпияларды сақтайды. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (автоматтандыру және басқару немесе ақпарттық жүйелер немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету немесе математикалық және компьютерлік үлгілеу немесе радиотехника, электроника және телекоммуникация немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)) немесе жаратылыстану ғылымдары (информатика) саласындағы немесе құқық саласындағы жоғары білімі. Құқық саласында немесе сервис, экономика және басқарма (қаржы (салалар бойынша), статистика, есеп және аудит, экономика (салалар бойынша) немесе байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар (ақпаратнама және есептеу техникасы) ортадан кейінгі білімі рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі. «Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандығына сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік тілді білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Microsoft Office бағдарламаларының стандартты пакетімен компьютерде жұмыс істей білуі.

5. Кедендік ресімдер басқармасының саудалық емес айналым бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 – бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтуіне байланысты демалысы 04.06.2018ж. мерзімге дейін).

Функционалдық міндеттері: Жалпы бөлімнің қызметін үйлестіру, жетекші мамандардың жұмысын ұйымдастыру, кедендік төлемдер мен салықтар әдістемесі, салық және кедендік төлемнің түсуін талдау; тауарлардың кедендік құны деңгейін бақылау бөлігінде тауарларды кедендік декларациялау мониторингі, тауарларды дұрыс жіктелуін, тауарлардың шығу елін және кедендік баж ставкаларының деңгейін қолдану, тарифті преференция және жеңілдіктер ұсыну заңдылығы мәселелері бойынша қызметін ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілер мен Комитетпен шығарылған құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу; мемлекеттік органдар мен басқа да заң тұлғаларының өтініштерін қарастыру, Департаменттің құрылым бөлімшелеріне құзырет шегінде тәжірибиелік және әдістемелік көмектер көрсету және аналитикалық мәліметтер дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық саласында немесе экономика және бизнес саласында немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы жоғары білімі. Құқық саласында немесе сервис, экономика және басқарма (қаржы (салалар бойынша), статистика, есеп және аудит, экономика (салалар бойынша) немесе байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар (ақпаратнама және есептеу техникасы) ортадан кейінгі білімі рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін тексеру мақсатындағы тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, "Қазақстан-2050" қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын, Қазақстан Республикасының аталған санаттағы нақты лауазымының тиісті мамандану саласындағы  қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік тілді білуі қажет. Аталған санаттағы лауазымдар бойынша қызметтік міндеттерді орындауға қажетті өзге де міндетті білімі болуы қажет. Microsoft Office бағдарламаларының стандартты пакетімен компьютерде жұмыс істей білуі.

6. Кедендік ресімдер басқармасының саудалық емес айналым бөлімінің жетекші маманы, С-О-6 санаты, 1 – бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтуіне байланысты демалысы 25.05.2018ж. мерзімге дейін).

Функционалдық міндеттері: Кедендік төлемдер мен салықтар әдістемесі, салық және кедендік төлемнің түсуін талдау, тауарлардың кедендік құны деңгейін бақылау бөлігінде тауарларды кедендік декларациялау мониторингі, тауарларды дұрыс жіктелуін, тауарлардың шығу елін және кедендік баж ставкаларының деңгейін қолдану, тарифті преференция және жеңілдіктер ұсыну заңдылығы мәселелері бойынша қызметін ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілер мен Комитетпен шығарылған құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу; мемлекеттік органдар мен басқа да заң тұлғаларының өтініштерін қарастыру, аналитикалық мәліметтер дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық саласында немесе экономика және бизнес саласында немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы жоғары білімі немесе құқық саласында немесе сервис, экономика және басқарма (қаржы (салалар бойынша), статистика, есеп және аудит, экономика (салалар бойынша) немесе байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар (ақпаратнама және есептеу техникасы) ортадан кейінгі білімі рұқсат етіледі. «Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін тексеру мақсатындағы тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, "Қазақстан-2050" қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын, Қазақстан Республикасының аталған санаттағы нақты лауазымының тиісті мамандану саласындағы  қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік тілді білуі қажет. Аталған санаттағы лауазымдар бойынша қызметтік міндеттерді орындауға қажетті өзге де міндетті білімі болуы қажет. Microsoft Office бағдарламаларының стандартты пакетімен компьютерде жұмыс істей білуі.

7. Кедендік бақылау басқармасының кедендік бақылау бөлімінің жетекші маманы, С-О-6 санаты, 1 – бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтуіне байланысты демалысы 14.12.2017ж. мерзімге дейін).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының және Кеден одағының кедендік заңнамасына сәйкес біліктілік және басқа талаптарды сақтау бөлігінде кеден ісі саласындағы қызметті іске асыратын тұлғаларға бақылау жасау; Кеден ісі саласында қызметті іске асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасы мен Кеден одағының кедендік заңнамасына сәйкес шарттарға және белгіленген талаптарға сәйкестігіне қорытындыларды береді; интеллектуалдық меншік объектілерінің кеден тізіліміне және Кеден одағының мүше-мемлекеттерінің интеллектуалдық меншік объектілерінің Бірыңғай кеден тізіліміне қосылған, сондай-ақ мұндай тізілімге қосылмаған интеллектуалдық меншік объектілеріне қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыру; интеллектуалдық меншік объектілерінен тұратын тауарларды кедендік рәсімдеуге орналастырумен байланысты кедендік операцияларды жүзеге асыру кезінде интеллектуалдық меншік объектілерінен тұратын тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру бойынша жұмысты ұйымдастыру; тауар белгісінің заңды иесі мен басқа да интеллектуалдық меншік объектілерімен олардың құқықтарын қорғау бойынша шараларды қабылдау кезінде өзара әрекеттестікті жүзеге асыру, өз құзыреті шегінде тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын, тауарлармен сыртқы сауданы қамтитын және ұлттық мүддеден туындайтын шаралардың сақталуын бақылауды, Кеден одағының кеден заңнамасында және Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген Кеден одағының кеден шекарасы тауарларды өткізу кезінде тыйым салулардың ерекше түрлері және тауарлармен сыртқы саудадағы шектеулерді бақылауды жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық келісімдерге, Кеден одағының кеден заңнамасында және Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген Кеден одағының кеден шекарасы тауарларды өткізу және кедендік декларациялау кезінде экспорттық бақылау шараларының, соның ішінде, әскери белгіленген өнімдерге қатысты сақталуын бақылауды жүзеге асыру; «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша хаттама толтыру; іс жүргізу тәртібін сақтау және жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық саласында немесе экономика және бизнес саласындағы жоғары білімі немесе құқық саласында немесе сервис, экономика және басқарма (қаржы (салалар бойынша), статистика, есеп және аудит, экономика (салалар бойынша) ортадан кейінгі білімі рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін тексеру мақсатындағы тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, "Қазақстан-2050" қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын, Қазақстан Республикасының аталған санаттағы нақты лауазымының тиісті мамандану саласындағы  қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік тілді білуі қажет. Аталған санаттағы лауазымдар бойынша қызметтік міндеттерді орындауға қажетті өзге де міндетті білімі болуы қажет. Microsoft Office бағдарламаларының стандартты пакетімен компьютерде жұмыс істей білуі.

8. Кедендік бақылау басқармасының тауарларды жеткізуді бақылау бөлімінің жетекші маманы, С-О-6 санаты, 2 – бірлік.

Функционалдық міндеттері: Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастыруды бақылау; транзиттік декларацияларды тіркеу, кедендік транзиттің мерзімін бақылау; кедендік транзит кеден рәсімінің аяқталуы; тауарларды шығаруды қарастыратын (экспорт, реэкспорт және т.б) қарастыратын кедендік рәсімде орналасқан тауарларды шығаруға бақылау; жол көліктік құралдарын кедендік мөрлер мен пломбаларда жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлікті беру; 1975 жылғы халықаралық жол тасымалы (бұдан әрі – ХЖТ) кітабын пайдаланумен жүктерді халықаралық тасымалдау бойынша Кедендік конвенцияға сәйкес тасымалданатын тауарларға және көліктік құралдарға бақылауды ұйымдастырады; ХЖТ кітаптарын ашу және жабу; келу туралы куәліктерді беру, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүруді ұйымдастыру; кедендік транзит кеден рәсімінің аяқталуы; ТТС ЦОУ мен АСКДТ кедендік транзиттік жүйеге кедендік транзит кеден рәсімінің аяқталғаны туралы ақпараттарды енгізу және бақылау; жеткізілмеген тауарлардың орналасқан жерін анықтау бойынша мәліметтерді жинау және талдау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық саласында немесе экономика және бизнес саласындағы жоғары білімі немесе құқық саласында немесе сервис, экономика және басқарма (қаржы (салалар бойынша), статистика, есеп және аудит, экономика (салалар бойынша) ортадан кейінгі білімі рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін тексеру мақсатындағы тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, "Қазақстан-2050" қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын, Қазақстан Республикасының аталған санаттағы нақты лауазымының тиісті мамандану саласындағы  қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік тілді білуі қажет. Аталған санаттағы лауазымдар бойынша қызметтік міндеттерді орындауға қажетті өзге де міндетті білімі болуы қажет. Microsoft Office бағдарламаларының стандартты пакетімен компьютерде жұмыс істей білуі.

9. Өткізу пункттерінің мониторингтеу өңірлік басқармасының өткізу рәсімдерін мониторингтеу бөлімінің жетекші маманы, С-О-6 санаты, 1 – бірлік.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне есеп беруді ұсынудың уақытылы және дұрыстылығына бақылауды асырады; Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар мен көліктік құралдар туралы ақпаратты топтастырады және алады; міндетті түрде Комитеттің Қашықтықтан бақылау басқармасын ақпараттандырумен Кеден одағының аумағы бойынша және кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көліктік құралдарды тасымалдауда туындайтын штаттан тыс жағдайларды алдын-алады және оперативті реттейді; Қазақстан Республикасының заңнамасына және Комитеттің құқықтық актілеріне сәйкес Басқарма, Бөлім басшыларының тапсырмалары бойынша басқа міндеттерді іске асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық саласында немесе экономика және бизнес саласындағы жоғары білімі немесе құқық саласында немесе сервис, экономика және басқарма (қаржы (салалар бойынша), статистика, есеп және аудит, экономика (салалар бойынша) ортадан кейінгі білімі рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін тексеру мақсатындағы тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, "Қазақстан-2050" қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын, Қазақстан Республикасының аталған санаттағы нақты лауазымының тиісті мамандану саласындағы  қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік тілді білуі қажет. Аталған санаттағы лауазымдар бойынша қызметтік міндеттерді орындауға қажетті өзге де міндетті білімі болуы қажет. Microsoft Office бағдарламаларының стандартты пакетімен компьютерде жұмыс істей білуі.
II. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, индекс 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы 93/95, анықтама үшін телефон: 8(727)267-15-36, факс: 8(727)267-15-44, e-mail: kadry_6007@taxgalmaty.mgd.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

  1. Заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы, С-R-5 санаты, 1- бірлік.

Функционалдық міндеттері: Жалған кәсіпорындардың контрагенттері бойынша жұмыс жүргізу; тіркелуі жарамсыз болып танылған салық төлеушілердің контрагенттерімен жұмыс жүргізу; «қара тізіммен» жұмыс жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық саласында немесе экономика және бизнес саласында немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы жоғары білімі немесе құқық саласында немесе сервис, экономика және басқарма (қаржы (салалар бойынша), статистика, есеп және аудит, экономика (салалар бойынша) немесе байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар (ақпаратнама және есептеу техникасы) ортадан кейінгі білімі. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін; Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін білу; компьютерде жұмыс істей білу.

  1. Жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, 1 -бірлік.

Функционалдық міндеттері: Жеке кәсіпкерлердің түсім динамикасының және құрылымының талдауын жүргізу; арнайы салық тәртібін қолданылған жеке кәсіпкердің іс-әрекетінің тоқталуына байланысты жүргізілген камералдық бақылаудың нәтижесі бойынша қорытындысын жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық саласында немесе экономика және бизнес саласындағы жоғары білімі. Құқық саласында немесе сервис, экономика және басқарма (қаржы (салалар бойынша), статистика, есеп және аудит, экономика (салалар бойынша) ортадан кейінгі білімі рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін білу; компьютерде жұмыс істей білу.

  1. Талдау және есептеу бөлімінің жетекші маманы, С-R-5 санаты, 1 - бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтуіне байланысты демалысы 26.09.2017ж. мерзімге дейін).

Функционалдық міндеттері: Артық төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдарды есепке алу мен оларды қайтару туралы салықтық өтініштерді қарастыру; қате есептелген және түсініксіз салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есебін жүргізу; салық төлеушілерге салықтың қарызының, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша қарызының жоқ және (немесе) бар болуы туралы анықтама беру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық саласында немесе экономика және бизнес саласындағы жоғары білімі немесе құқық саласында немесе сервис, экономика және басқарма (қаржы (салалар бойынша), статистика, есеп және аудит, экономика (салалар бойынша) ортадан кейінгі білімі. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін; Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін білу; компьютерде жұмыс істей білу.

  1. Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы, С-R-5 санаты, 1 - бірлік.

Функционалдық міндеттері: Салық төлеушілердің ҚҚС–на қатысты тапсырылған декларацияларына және басқа да құжаттарына камералдық бақылау жүргізу. Салықтық тексеру жүргізу барысында анықталған әкімшілік құқық-бұзушылықтар бойынша хаттама толтыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық саласында немесе экономика және бизнес саласындағы жоғары білімі немесе құқық саласында немесе сервис, экономика және басқарма (қаржы (салалар бойынша), статистика, есеп және аудит, экономика (салалар бойынша) ортадан кейінгі білімі. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін; Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін білу; компьютерде жұмыс істей білу.

  1. Заң бөлімінің жетекші маманы, С-R-5 санаты, 1 - бірлік.

Функционалдық міндеттері: әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі хаттамалар мен қаулылардың құқықтық сараптамасын жасау, МКБ-ң мүдделерін барлық соттарда және басқа мемлекеттік органдарда қорғау, 1 – АП нысаны бойынша карточкасын толтырып АЕ және ҚСБК-мен салыстыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық саласында немесе экономика және бизнес саласындағы жоғары білімі немесе құқық саласында немесе сервис, экономика және басқарма (қаржы (салалар бойынша), статистика, есеп және аудит, экономика (салалар бойынша) ортадан кейінгі білімі. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін; Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін білу; компьютерде жұмыс істей білу.

  1. Персоналмен жұмыс бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, 1 - бірлік.

Функционалдық міндеттері: Қызметкерлердің іс-құжаттарын жүргізу, конкурс өткізу үшін барлық қажетті құжаттарды дайындауға қатысу оны өткізу, қызметкерлерінің еңбек кітапшаларын жүргізу, Е-минфин бағдарламасын жүргізу және т.б.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық саласында немесе экономика және бизнес саласындағы жоғары білімі. Құқық саласында немесе сервис, экономика және басқарма (қаржы (салалар бойынша), статистика, есеп және аудит, экономика (салалар бойынша) ортадан кейінгі білімі рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу; Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін білу; компьютерде жұмыс істей білу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет