26.04.2016 ЭҚАБЖ МО (7.18.4 нұсқасы) Копия электронного документа. Положительный результат проверки ЭЦП.
«Алматы облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі барлық мемлекеттік органдарда бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күннің ішінде.
Қажетті құжаттардың тізбесі:
1) өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Конкурс өтетін мекен-жайы:040000, Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 38, тел./факс: 24-73-90, электрондық пошта: oblastnoi_otdel_kadr@zhetysu-gov.kz. БИН 000640002245.
Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы, D-О-1 санаты.
Жалақысы: еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 182 388 теңгеден 246 515 теңгеге дейін.
Лауазымдық міндеттері: басқармаға, оның құрылымдық бөлімшелері мен бағынысындағы мекемелерге басшылық жасау; облыс аумағында азаматтардың мәдени қызмет көрсетулерді пайдалануға конституциялық құқығын қамтамасыз ету; сапалы және тиімді әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызмет көрсету үшін, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын толықтыру, сақталуын, есебін жүргізуін және пайдалануын қамтамасыз ету; Алматы облысының аумағында мәдениет, мұрағаттар және құжаттама саласында бірегей мемлекеттік саясат жасау және оны жүзеге асыру, облыс халқына мәдениет қызмет көрсетуді жетілдіру, ішкі мәдени, байланыстарды одан әрі дамыту, мұрағаттар және құжаттама жұмысын жүйелі түрде атқару; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібімен басқармаға жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Білімі, мамандығы: жоғары - гуманитарлық, педагогикалық, өнер, экономикалық, құқық.
Мынадай құзіреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-2, C-2, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аға басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-2, C-2, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы;
4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес.
Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:
Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірмей береді.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |